ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

31.03.2016, 2:19

Елімізде Парламент Мәжілісінің депутаттары іске кірісіп те кетті. Олардың арасында елімізге кеңінен танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, тәжірибесі мол саясаткерлер аз емес.

Сол әйгілі тұлғалар қатарында Бас редакторлар клубының екі мүшесі бар. Олар-белгілі публицист, ғалым, "Егемен Қазақстан" газеті акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов пен елімізге кеңінен танымал тележургізуші Артур Платонов. Қос әріптесімізді заң шығарушы органға сайлануымен қызу құттықтап, жаңа қызмет орнында зор табыстарға жетуіне шынайы тілектестігімізді білдіреміз.

Бас редакторлар клубы басқармасы