2016 жылдың 20 наурызындағы өтетін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлау науқанын ақпараттандыру барысында этикалық нормаларды сақтау туралы ХАРТИЯ

03.02.2016, 12:00

Сөз бостандығы адамның негізгі құқығы болып табы­латынын назарға ала отырып;

Адам құқының жалпыға ор­тақ декларациясының ақпарат­тар­ды іздеу, алу және тарату еркіндігін жария­лай­тын 19-бабындағы ережелерге сәйкес;

Қазақстан Республикасы Конс­титуциясындағы сөз бостандығына және  ақпараттарды заң тыйым салмайтын кез келген әдістермен алу және тарату құқы, цензураға тыйым салу, консти­ту­ция­лық құрылысты, республи­ка­ның тұтастығын күштеп өзгер­туге үгіттеу немесе насихаттау, мемлекет тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсіл­дік, ұлттық, діни, таптық және ру­лық үстемдікті, сондай-ақ қа­ты­гездік пен зорлық-зомбылыққа табыну­шылыққа тыйым салу ере­желерін басшылыққа ала отырып;

ақпараттың адам құқы мен бостандығын жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлаулар өткізуде айрықша  рөл атқаратынын саналы түрде түсіне отырып;

біз, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкі­меттік емес ұйымдар өкілдері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны барысында атал­ған Хартия қағидаттарын сақ­тау­ды міндеттенеміз.

1. Бұл Хартия Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сай­лаулар туралы»және «Бұ­қаралық ақпарат құралдары ту­ралы» заңдарына сәйкес жа­салған.

2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау науқаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына кандидаттардың қызметтері ту­ралы бұқаралық ақпарат құрал­дарында шынайы, әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамта­масыз ету болып табылады.

3. БАҚ-тарҚазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына тіркелген барлық кандидаттардың, олардың саяси көзқарас­та­рына қарамастан, өздеріне тең­дей мүмкіндікке ие болуына ықпал ете алады және солай етуге тиісті.

4. Бұл Хартия әрбір азамат өзінің сайлау құқын жүзеге асыруына мүмкіндік алу үшін БАҚ-тарды сайлау жұмыстарын, кандидаттар мен сайлау науқанының негізгі кезеңдері, дауыс беру ресімі және басқа да мәселелер туралы кәсіби және шынайы ақпарат таратуға шақырады.

Осыған байланысты, біздер, Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сайлауды көрсету кезінде мына қағидаттарды ұстана­тын­дарымызды мәлімдейміз:

 1) Қазақстан Республикасы­ның заңнамаларын, журналистердің кәсіби этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін бұлжытпай сақтау;

2) сайлау тақырыбына арнал­ған барлық мате­риал­дардың объективті, алалау­сыз, ақпаратты және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттарға қатсты сарабдал болуларына ықпал ету;

3) үміткерлердің абыройы мен іскерлік беделіне, жеке басына нұқсан келтіруі ық­тимал ақпараттарды таратпау;

4) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса, тексеруге алу;

5) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар ара­сын­дағы айырмашылықты нақты ажырату;

6) белгіленген тәртіп пен әлеуметтік сауалнама жүргізу шарттарын ұстану, сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде аудиторияға берілген сауалнама жауаптары тек қана болжам екенін ескерту және сауалнама нәти­же­лері туралы немесе сайлауғабес күн бұрын және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер ту­ралы материалдарды таратпау.

7) Бұл Хартия өзара құрметке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, барлық өзара ықпалдасушы тараптардың мүд­де­лерін тану мен есепке алуды, сенімді және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси мәде­ниетті қарастырады.

Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей та­нылған құқықтары мен бостан­дық­тарының сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси проб­лемаларды шешуде бір-біріне өзара жол беріп, өзара іс-қимылдың келісімдік негізін қарастырады.

 

 Бұл Хартия қол қоюға ашық.

 

 

3 ақпан 2016 жыл

Пікірлер (2)