Біз туралы

«Бас редакторлар Клубы» 2007 жылы қазан айында құрылды. Бұл Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік болып табылады.

Бас редакторлар Клубының негізгі мақсаттары:

- мемлекетте шығармашылық атмосферасын нығайту;
- бұқаралық ақпарат құралдары (әрі қарай- БАҚ ) арасында тиімді бәсекелестікті нығайту;
- өзара құрметтеу атмосферасын нығайту;
- БАҚ нарығында түсімнің дамуы үшін жағдай туғызу;
- қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.

2007-2012 жылдар аралығында Бас редакторлар Клубы жарғы міндеттеріне сәйкес ҚР Үкімет өкілдерімен, астана акиматы өкілдерімен, дипломатиялық корпус өкілдерімен өзекті кездесулер өткізді.

Ең қызықты да мазмұнды «дөңгелек үстел» бұрынғы әділет министрі, қазіргі Парламент Мәжіліс депутаты Зағипа Балиевамен, ҚР мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедпен, ҚР ТМРА төрағасы Нұрлан Алдабергеновпен, ҚР Премьер-министрі Кеңсе жетекшілігінің орынбасары Ержан Бабакумаровпен, АҚШ-тың Қазақстандағы өкілетті елшісі Ричард Хоугландпен, ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмимен, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма президенті Кайыргельді Қабылдинмен, ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттік төрағасы қаржы полициясы, генарал-майор Қайрат Қожамжаровпен, Ақпарат және байланыс министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевпен, ҚР-дағы Еуропа Одағы өкілеттігінің басшысы Норбер Жустенмен өткізген кездесулері болды.

Бұл кездесулер сындарлы сипат алды, заң шығармашылық пен адам құқықтарын сақтау, саясат пен экономикадағы ащы мәселелер талқыланды. Үкімет мүшелері бас редакторлармен кездесуді жауапты қарады, өздерінің өкілеттік қызметтерімен, министрлік қызметкерлерімен таныстырып, қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелерді мәлімдеді.