Басқарма

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы

«Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіннің журналистика факультетін  тәмәмдаған. Бизнес әкімшілік магистрі, Халықаралық Бизнес Академиясының шәкірті /ХБӘ/.  Бірнеше телевизиялық деректі фильмдердің авторы.

Марапаттары

«Құрмет» ордені, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы», «Астананың 10-жылдығы» мерекелік медалдары, «Мәдениет қайраткері». «Нұр Отан» ХДП тарапынан ұйымдастырылған республикалық «Нұр сұңқар» журналистер байқауының «Қазақстан журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы жеңімпазы.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1991 жылы «Спорт» республикалық газетінде тілші қызметінен бастаған. Содан соң «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі болып істеген. Кейін журналистік қызметін «Атамура-Столичное обозрение» газетінде 1996 жылға дейін жалғастырады. 1996 мен 2007 жылдары Астана қаласында қатардағы тілшіден «Хабар» агенттігінің орталық бюросының директор орынбасарына дейін қызмет еткен. 2007 жылы «КТК» телеарнасына қазақ тілінде хабар тарату жетекшісі болып істейді. 2007-2008 жылдары Ақпараттық - сараптамалық бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, ал кейін  «Қазақстан» телеарнасының директор орынбасары болды. 2008 жылы  «ЭРА» Телекомпаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылы «Жетінші канал» телеарнасының бас директоры орынбасары және бас редакторы болды. 2010 жылы «Жетінші канал» телекомпаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2011 жылдың қаңтарынан « ЭРА» Телекомпания» ЖШС директорлар кеңесі төрайымы.

 

Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекулы

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің  вице-президенті

Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлы 1964 жылы 1 шілдеде Семей облысы Аягөз ауданы Тарбағатай селосында туған. 1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түскен.

1986 жылы университетті тәмәмдағаннан кейін Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетіне аға тілші ретінде қызметке қабылданған.

1989 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып тағайындалып, 1997-2000 жылдар аралығында осы басылымның астаналық тілшілер қосынының меңгерушісі болды.

2000-2005 жылдар аралығында тәуелсіз журналист ретінде қызмет етті. 2006-2010 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ізденушісі болды. 2011 жылдың мамырынан 2013 жылдың мамырына дейін республикалық «Әділет БАҚ МЕДИА» газетінің меншікті тілшісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір ұлттық «Әділет» апталығының редакторлар Кеңесінің төрағасы, сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті.

Мұратбек Балқыбекұлының материалдары республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады. 500-ден астам мақала, очерк, корреспонденциялардың авторы.

М. Тоқтағазин республикалық «Қазақстан Республикасы астанасының үздік журналисі», «Асыл сөз құдіреті» конкурстарының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты.

«Деректілік пен көркемдік»,«Ақмола үшін айқас»кітаптарының авторы,«Әйгілі Әзаға», «Бекзат болмыс», «Әзілхан Нұршайықов және қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелері», «Бүтін бітім» (авторлар құрамында) жинақтарының құрастырушысы.

ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық Акпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі), Халықаралық Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының, Халықаралық ақпараттық бірлестіктің, Бас редакторлар клубының мүшесі, ҚР Бас редакторлар клубының вице-президенті, «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің, Халықаралық М.Шолохов атындағы және Әзілхан Нұршайықов атындағы медальдардың иегері.


3f62dc22067a36e1313a52a3fa1602c1

 

Сыздықова Шолпан Викторовна

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің  вице-президенті

«Деловой Мир Астана» ЖШС құрылтайшысы; «Деловой Мир», «Отбасым» журналдарының бас редакторы.

1995-1997  – Ақмола қалалық «ЦЕСНА» газетінің менеджері және тілшісі.

1997-1999 - «ДэЛайт» жарнамалық-ақпараттық қызметінің бас редакторы.

1999-2002 - «Астана-Финанс» АҚ еншілес кәсіпорыны «Бизнес-центр «Әрекет» ЖШС бас директоры; «Деловой Мир» журналы баспаханасының бас редакторы.

2002 жылдан қазірге дейін - «Деловой Мир Астана» ЖШС құрылтайшысы; «Деловой Мир», «Отбасым» журналдарының бас редакторы.

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10-жылдығы» медалі;

«Журналистика» номинациясы бойынша бірінші Республикалық «Шабыт» байқауының дипломы, 1998 жыл.

 Астана қаласы Әкімінің «Жылдың үздік кәсіпкері» дипломы, 2005 жыл.

«Астананы халықаралық деңгейде белсенді насихаттағаны үшін» Астана қаласы Әкімінің дипломы, 2006 жыл.

ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы, 2007 жыл.


 

Садубаев Алмас Кәдірбекұлы

«Бас редакторлар клубы» ҚБ вице-президенті

Садубаев Алмас Кәдірбекұлы 1984 жылдың 25-қыркүйегінде Тараз қаласында дүниеге келген. 2001-2005 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алды. Университетті үздік тәмамдаған соң, 2005-2007 жылдары «Қайнар» Университетінде «Экономика» мамандығын алып, білімін одан ары жетілдіре түсті.

2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде «Аймақтану» мамандығы бойынша білім алып, әлеуметтік ғылымдар магистірі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы облыстық радиода жаңалықтар бөлімінің редакторлығынан бастады. Ал 2004 жылы облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында жаңалықтар бөлімінің редакторы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдары Астана қаласында «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар бөлімінде редактор қызметін атқарды.

2008-2010 жылдар аралығында республикалық «Заң газеті» мен «Заң» журналы басылымдарының бас редакторы болып еңбек етті.

2010 жылдың ақпан айынан сол жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының Баспасөз хатшысы болып қызмет етті.

2010-2011 жылдары ҚР Президенті баспасөз қызметінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2011 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІО «Медиа орталығы» ЖШС-ның бас директоры қызметін атқаруда.

2009 жылы Түркияның Стамбул қаласында «БАҚ жұмысын дамыту» бойынша білімін жетілдірген.

Сонымен қатар қоғамдық жұмыстармен де белсенді айналысады. «Астананың 10 жылдығы», «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалдармен марапатталған.

 

 

 

Сержанов Тимур Сержанұлы

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің  вице-президенті


1984-жылғы маусымның 9-да Алматы қаласында дүниеге келген.

2003-ші жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін теле-радио журналист мамандығы бойынша бітірді.

2004 - 2005 жылдары «КТ Group» компаниясының директоры қызметін атқарды.

2005 – 2006 жылдары «HIGHVILL KAZAKHSTAN» құрылыс корпорациясында бас менеджердің орынбасары.

2006 – 2008 жылдары - «Umdasch Shopfitting - Shop Consult» компанияның жобаларына жетекшілік еткен.

2008 – 2012 жылдары «NS Радио» Теле - радио компаниясында ақпараттық және ойын-сауық бағдарламаларының редакторы.

2012 жылдан бері «NS Радио» Теле - радио компаниясында бағдарлама директоры қызметін атқаруда.

2012 жылы ақпан айында ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

2012 жылдың қараша айында ҚР журналистер Одағының мүшесі атанды.