«Бас редакторлар Клубы» Қоғамдық бірлестігінің жарғысы

«Бас редакторлар Клубы» Қоғамдық бірлестігінің жарғысы


«Бас редакторлар Клубы»
Қоғамдық бірлестігі
Конференциясының шешімімен
«10» қазан 2007 жылы
БЕКІТІЛГЕН

Астана қаласы
 
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Бас редакторлар Клубы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - Бірлестік) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне (бұдан әрі - Заңнама), сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.   
1.2. Бірлестіктің атауы:
Мемлекеттік тілдегі толық атауы - «Бас редакторлар Клубы» Қоғамдық бірлестігі.
Орыс тіліндегі толық атауы – Общественное объединение «Клуб главных редакторов».
Мемлекеттік тілдегі қысқартылған атауы - «Бас редакторлар Клубы» ҚБ.
Орыс тіліндегі қысқартылған атауы – ОО «Клуб главных редакторов».
1.3. Бірлестіктің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 18-үй, 79-пәтер.
1.4. Бірлестіктің өзіндік балансы, банктік шоттары, мөрі, мөртабандары, мемлекеттік және орыс тілдерінде толық атаулары көрсетілген бланкілері және басқа да деректемелері бар.
1.5. Бірлестік өзінің қызметін үйлестіріп отыру үшін және ортақ мүдделерді көздеу әрі қорғау мақсатында заңды тұлғалардың ерікті түрде құрған коммерциялық емес ұйымы болып табылады.
1.6. Бірлестікөзінің алған міндеттеріне өзінетиесілі барлық мүліктері бойыншажауап береді және құрамындағы мүшелерінің міндеттеріне жауапты емес. Бірлестік мүшелері өз мойындарына Бірлестік мүлкіне енгізілген екі салым есебі көлемінде оның міндеттері бойынша жәрдемақылық жауапкершілік тартады (мүшелікке кіру жарнасы және мүшелік жарна).
 
2. БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ
2.1. Бірлестік мемлекетте шығармашылық ахуал,бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) араларында салиқалы бәсекелестік,өзара сыйластық ахуалын орнықтыруды,БАҚ нарығын қалыпты дамытуғатиісті жағдай туғызуды, қоғамда тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуды мақсат етеді.
2.2. Бірлестіктің міндеттері:
- Клуб мүшелерінің мүдделерін қорғау;
- Астаналық БАҚ нарығының қатысушыларының қатарынкөбейту үшін бірыңғай және қолайлы жағдайлар тудыру;
- Қазақстан Республикасы азаматтарына сөз бостандығы, ақпаратты еркін алу және тарату Конституциялық құқығын жүзеге асыруға көмектер беру,еркін пікір және ақпарат алмасу ахуалын нығайту;
- Мемлекеттік билік органдарда Бас редакторлар клубы мүшелерінің мүдделерін көздеу;
- Конституциялық құқықтар мен еркіндіктерге қатысты, БАҚ-тардың қызметтерін және мүдделерін қозғайтын «БАҚ туралы» Заңды және өзге де заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысу;
- Журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету, кәсіби журналистікбайқаулар өткізу, номинациялар белгілеу, жекелеген журналистік ұйымдарды немесе журналистерді және шығармашылық журналистік топтарды мемлекет және түрлі партиялық органдар тарапынан марапаттауға ұсыныстар беру, Клуб мүшелеріне шетелдік және қазақстандық кәсіби конкурстарға қатысуға көмектесу;  
- Журналистік этика принциптерін дайындау және оны Клуб мүшелері қызметіне енгізуге көмектесу, лас ақпараттық технологияларды қолданудан, қара пиарды пайдаланудан бас тарту;
- Астанада шығармашылық ахуалды, БАҚ араларында оң бәсекелестікті,өзара сыйластық ахуалды,БАҚ нарығының қалыпты дамуын, тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді нығайту;
- Клуб мүшелерінің бастамашылығын, сондай-ақ Клубтың және оның жеке мүшелерінің іс-шараларын ақпараттық және жарнамалық тұрғыдан қолдау;
- БАҚ саласында халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу;
- «Бас редакторлар клубы» ҚБ алдында тұрған тек Жарғылық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталатын табыстартабу үшін ҚР қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған қызмет түрлерін көрсету;
- Жарғылық міндеттерді орындау үшін бекітілген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардың, шетелдік грант берушілердің әртүрлі тендерлеріне қатысу;
- Журналистік қауымдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесу;
- сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерін атқару.
2.3. Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Бірлестік мына қызметтер түрлерін атқарады:
- Ақпараттық материалдарды баспа, электронды тасымалдау, аудио-, фото-, бейне-, кино өнімдері және т.б. түрлерінде дайындау және тарату;  
- Жарғылық мақсатта конференциялар, семинарлар, фестивальдар, мерекелік іс-шаралар, конкурстар, жарыстар және басқа да бұқаралық шаралар ұйымдастыру және өтізу;
- Белгіленген тәртіп бойынша Бірлестік атынан жарғылық мақсатта гранттар, сыйлықтар, стипендиялар,жүлделер, наградалар тағайындау;
- Демеушілерді көмектер беругетарту;
- Заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
2.4. Бірлестік өзінің жарғылық мақсатына сәйкес келетінкәсіпкерлікпен айналысуғақұқылы. Кәсіпкерлік қызметтен түскен кірісті Бірлестік мүшелерінің арасында таратуғаболмайды, ол тек Бірлестіктің жарғылық міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізуге ғана бағытталады.
2.5. Бірлестік кәсіпкерлік қызметтің кірісі мен шығысының есебін жүргізіп отыруықажет.
2.6. Қызметтің жеке түрлері Заңнамаға сәйкес лицензия негізінде ғана жүзеге асырыла алады.
 
3. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
3.1. Жарғылық мақсатты жүзеге асыру үшін Бірлестік құқылы:
- Бекітілген Заңнамалық тәртіпте банктерде шоттар ашуға;
- Мөрге, мөртабанға, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның атауы толық көрсетілген бланкілерге және басқа да деректемелерге ие болуға;
- Меншігіне оқшауланған мүлікті, сондай-ақ жеке балансты иеленуге;
- Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыруға және сатып алуға;
- Заңнамада егер өзгеше қарастырылмаса басқа заңды тұлғалар құруға;
- Басқа да Бірлестіктер мен одақтарға енуге, сондай-ақ олардың қызметіне қатысуға;
- Қаржылық мақсаттарды жүзеге асыруға қаржыларды пайдалануға;
- Сотта талапкер және жауапкер болуға;
- Заңнамаға қайшы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
3.2. Бірлестік міндетті:
- Заңнаманы сақтауға;
- Бекітілген Заңнамалық тәртіп бойынша салықтарды және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді төлеуге;
- Оған тиісті барлық мүлікпен өзінің міндеттері бойынша жауап беруге;
- Заңнамаға сәйкес жауапкершілік атқаруға.
 
4. БІРЛЕСТІКТІҢ МҮЛКІ  
4.1.Бірлестік мүлкі болып ғимараттар, құрылыстар, жайлар, өндірістік, мәдени-әлеуметтік мақсаттағы нысандар, ақшалар, жер телімдері, көліктік жабдықтар және басқа да Бірлестік балансындағы және меншігіндегі мүліктер танылады.
4.2.  Бірлестіктің мүлкі тек қана жарғылық мақсатқа жету үшін қолданылады және мына қаржы көздерінен құралады:
-  Құрылтайшылар мен мүшелерден түсім;
-  Ерікті мүліктік жарналар мен қайырымдылық көмектер;
-  Мемлекет және ұйымдартарапынан мақсатты қаржыландыру (гранттар);
-  Бірлестік қызметінен түсімдер (табыстар);
-  Дивидендтер (акциялар, облигациялар, өзге деқұнды қағаздар мен салымдар бойынша (депозит) кірістер, сыйақылар);
-  Қолданыстағы Заңнамада тыйым салынбаған басқа да түсімдер.
4.3. Бірлестік мүшелерінің мүшелікке өту мен мүшелік жарналарының көлемі, тәртібі, мерзімі және төлеу үлгісі Жарғымен және Конференция шешімімен бекітіледі. Мақсатты жарналарды төлеудің мөлшерін, тәртібін, мерзімі мен төлеу үлгісін Президент анықтайды.  Мүшелікке өту, мүшелік және мақсатты жарналар Бірлестіктің тиімді қызмет көрсетуін қамтамасыз етугежәне нақты іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған.
4.4. Бірлестік мүшелерінің жарналары, иеліккекірген мүлік, сондай-ақ алынған табыстар Бірлестік меншігі болып табылады.
4.5. Меншікқұқығындағы Бірлестіктің мүлкі оның мүшелеріне, олар Бірлестіктен шыққан жағдайда да,бөліп берілмейді.
 
5. БІРЛЕСТІК МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ  
5.1. «Бас редакторлар Клубы» ҚБ Жарғылық мақсатын толық мойындайтын, заңнамада бекітілген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары немесе бас редакторлары, республикалық БАҚ тілші қосындарының басшылары Бірлестікке мүше бола алады
5.2. Бірлестік мүшелері құрылтайшылар тәрізді құқықтарға ие. Тіркеукезінде заңды тұлға есебіндегі мүшелерБірлестіктің құрылтайшылары болады.  
5.3.  Бірлестік мүшелері құқылы:
- Конференция шешім қабылдау барысында дауысқа ие болуға;
-  Конференцияларға қатысуға;
-  Сайлауға және президенттікке сайлануға;
- Конференцияның күн тәртібінеБірлестік қызметіне қатысты мәселелерді енгізуге және оларды талқылауға қатысуға;
- Бірлестікті басқару органынан Конференция шешімдерінің орындалу барысытуралы ақпаратты сұратуға;
- Өз қалаулары бойынша Бірлестіктің барлық іс-шараларына қатысуға;
- Бірлестіктің қызметі туралы, оның жоспары мен бағдарламалары жәйлі ақпаратты алуға, есептік кезеңнің нәтижелерін талқылаған кезде Конференцияда құжаттамамен танысуға;
-  Бірлестіктен кеңестік, әдістемелік және басқа да көмектер алуға;
-  Мүлкін Бірлестіктің меншігіне тапсыруға;
-  Осы Жарғыға сәйкес Бірлестік мүшелігінен өз еркімен шығуға.
5.4. Бірлестік мүшелері міндетті:
- БірлестікЖарғысын сақтауға;
- Конференция және президент шешімдерін орындауға;
- Мүшелікке өту, мүшелік жарналарын Конференция шешімдерінде және Бірлестік Жарғысында қарастырылған мөлшерде, тәртіпте, мерзімде және үлгіде төлеуге;
- Президент анықтаған көлемде,тәртіпте, мерзімде және үлгіде мақсаттық жарналарды төлеуге;
- Жарғылық мақсаттардыіс жүзіне асыруға қатысуға;
-Бірлестікке өз мекен жайының өзгергені туралы уақытында хабарлауға;
- Бірлестік қызметі туралы құпиялық тұрғыдағы ақпараттарды таратпауға;
-  Бірлестік қызметіне байланысты мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты дер уақытында беруге.
5.5. Жеке тұлғалар (БАҚ редакторлары), заңды тұлғалар жәнехалықаралық БАҚ өкілдері Бірлестіктін қауымдастырылған мүшесі бола алады.
5.6. Қауымдастырылғанмүшелер құқылы:
- Конференцияларға қатысуға;
- Конференцияның күн тәртібінеБірлестік қызметіне байланысты мәселелерді енгізуге және оларды талқылауға қатысуға;
- Бірлестікті басқару органынан Конференция шешімдерінің орындалу барысытуралы ақпаратты сұратуға;
-  Өз қалаулары бойынша Бірлестіктің барлық іс-шараларына қатысуға;
-Бірлестіктің қызметі туралы, оның жоспары мен бағдарламалары жәйлі ақпаратты алуға, есептік кезеңнің нәтижелерін талқылаған кезде Конференцияда құжаттамамен танысуға;
-  Бірлестіктен кеңестік, әдістемелік және басқа да көмектер алуға;
- Мүліктерін Бірлестіктің меншігіне тапсыруға;
- Осы Жарғыға сәйкес Бірлестік мүшелігінен өз еркімен шығуға.
5.7.  Бірлестіктін қауымдастырылған мүшелері міндетті:
- БірлестікЖарғысын сақтауға;
-  Конференцияның және президенттің шешімдерін орындауға;
- Мүшелікке өту, мүшелік жарналарын Конференция шешімдерінде және Бірлестік Жарғысында қарастырылған мөлшерде, тәртіпте, мерзімде және үлгіде төлеуге;
- Президент анықтаған көлемде,тәртіпте, мерзімде және үлгіде мақсаттық жарналарды төлеуге;
- Жарғылық мақсаттарға жетуге қатысуға;
-Бірлестікке өз мекен жайының өзгергені туралы уақытында хабарлауға;
- Бірлестік қызметі туралы құпиялық тұрғыдағы ақпараттарды таратпауға;
-  Бірлестік қызметіне байланысты мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты дер уақытында беруге.
 
6. БІРЛЕСТІККЕ МҮШЕЛІККЕ ЕНУ ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУ ТӘРТІБІ  
6.1. Бірлестіккежаңа мүшелер қабылдау ашық жағдайда өтеді.
6.2. Бірлестікке жаңа мүше қабылдау оның Президенттің атына берілген өтінішіне сәйкес Басқарма шешімімен жүзеге асады және бұл шешім соңынан Басқарма отырысынан кейінгі алғаш өтетін Конференцияда бекітіледі. Президент Басқарманың әр отырысында өзінің атына түскен жаңа мүшелердің Бірлестікке өтуге берген өтініштерімен таныстырып отырады.

6.3
6.4. Өтініш беруші Бірлестік мүшелігіне қабылдау туралы Басқарма (еск.) шешімі шыққан күннен бастап 30 күн ішінде мүшелікке өту және мүшелік жарналарды төлеуге міндетті.
6.5. Мүшелікке өту және мүшелік жарналарды төлеген күннен бастап үміткер Бірлестік мүшелігі құқығына ие болады және мүшелікке қабылданған болып есептелінеді.
6.6. Бірлестік мүшесінің құқықтары үшінші тұлғаларға берілмейді.
6.7. Бірлестіктен шығу Қоғамдық Бірлестіктен шығу туралы Бірлестік президентінің атына  оған мүшенің жазбаша өтініш беруі жолымен жүзеге асырылады.
6.8. Бірлестік президенті Басқарма (еск.) қарауына Бірлестік мүшелігінен шығу туралы алынған өтінішті енгізеді.
6.9. Бірлестік мүшелігінен шығу туралы өтініш берілген бір ай ішінде Басқарма (еск.) міндетті:
- Бірлестікке қатысты оған мүшенің бұрын өзіне жүктелген міндеттерді қалай орындағаны жөніндегімәліметтерді алудың тәртібін анықтауға;
- Бірлестіктен мүшенің шығуына қатысты басқа да мәселелерді шешуге.
6.10. Жоғарыда айтылған мәселелер шешілгеннен кейін, кезекті өтетін Конференцияда Бірлестік мүшелігінен өтініш берушіні шығару туралы Басқарма шешімі бекітіледі (еск.).
6.11. Мүшелікке өту, мүшелік және мақсатты жарналар қайтарылмайды.  
6.12.  Бірлестік Бірлестік мүшелігінен шығара алады, егер Бірлестік мүшесі:  
- Жарғының талаптарын, Конференция және президенттің шешімін орындамаса;
- Бірлестік алдында өз міндеттерін жеңіл-желпінемесетұрақты түрде орындамаса;
- Бірлестіктің ырғақты жұмысына өз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен кедергі жасаса;
- Белгілгенген мерзімде мүшелік жарнаны төлемесе;
6.13. Осы Жарғының 6.12. бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мүшеліктен шығару туралы шешім, сондай-ақ шығарылуға негіз туындаған сәттен кейінгі алғаш өтетін Конференцияда бекітілетін Басқарма шешімімен қабылданады (еск.).
 
7.  БІРЛЕСТІКТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ  
7.1. Бірлестікті басқару органдары болып табылатындар:

Жоғарғы басқару органы  – Конференция;

Конференциялар аралығындағы жоғарғы орган өкілі – Басқарма;

Басқарма Төрағасы – Президент;

Атқарушы органы  – Атқарушы директор;

- Бақылаушы орган  – Ревизор (еск.).
 
8.  КОНФЕРЕНЦИЯ
8.1. Бірлестік мүшелерінен тұратын Конференция Бірлестікті басқарудың жоғарғы органы болып табылады.  
8.2. Конференция Бірлестік қызметінің кез-келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы. Конференцияның ерекше құзырынамына мәселелер кіреді:
- Бірлестіктің құрылтай құжаттарына қосымшалар мен өзгертулер енгізу, қабылдау;
- Бірлестікті өз еркімен қайта құру және тарату;
- Бірлестікке мүшелерді қабылдау және шығару осы мәселелер бойынша Басқарма шешімдерін бекіту жолымен;
-Бірлестікті басқару органының құзырын, ұйымдық құрылымын, өкілетінқалыптастыру және тоқтату тәртібінанықтау;
- Басқарманы сайлау (еск.), Президентті және Ревизорды сайлау әрі олардың өкілеттігін алдын ала тоқтату;  
- Президенттің қаржылық есебін берудің уақыттары мен тәртібін, сондай-ақ Ревизордың тексеріс жүргізу тәртібін анықтау;  
-Президент және Ревизордың есептерін бекіту, Басқараманың есебін (еск.) бекіту;
-Бірлестіктің өзге заңды тұлғаларды құруы немесе қызметіне араласуы туралы шешімді бекітілген Заңнама шеңберінде қабылдау;
- Мүлікті сақтандыру тәртібін анықтау;
- Бірлестік мүшелерініңмүшелікке өту және мүшелік жарналарының көлемін, тәртібін, мерзімін және төлену үлгісін анықтау.
8.3. Конференция жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. Конференцияны Бірлестік жылсайын өткізуге міндетті. Басқа конференциялар кезектен тыс болып табылады.
8.4. Жылдық Конференцияда президенттің және ревизордың есептері бекітіледі.
8.5. Жылдық Конференцияда Конференцияның құзырына кіретінөзге демәселелер қаралады.
8.6. Жылдық Конференция бірінші жарты жылдықта өткізілуі тиіс.
8.7. Жылдық Конференция президенттіңшақырылуымен өтеді.
8.8. Кезектен тыс Конференция шақыру мыналардың бастамашылығымен болуы мүмкін:

- Басқарманың (еск.);

- Президенттің;

- Ревизордың;

- Бірлестіктің 2/3  мүшелерінің.

8.9. Кезектен тыс Конференция өткізу туралы ұсыныс президентке себептерін көрсетумен жазбаша түрде беріледі. Осы ретте,президентті хабардар еткен күннен бастап бір ай ішінде Конференция шақыртылады. Кезектен тыс Конференция өткізу туралы талаптағы жазбаша өтінішті алған күн хабарлама берілген күн болып есептелінеді. Егер осы мерзім ішінде президент қойылған талаптары орындамаса, онда бастамашылар Конференцияны өз еріктерімен шақыруға құқылы.
8.10. Конференция, егер оған дауыс беру құқы бар (еск.) Бірлестік мүшелерінің жартысынан көбі қатысса заңды болып табылады.
8.11. Жарғыда қарастырылған жағдайлардан басқа,Конференцияда шешімдер ашық дауыс беру арқылыкөпшілік дауыспен қабылданады,.
8.12. Конференция жұмысын Президент басқарады, ол болмаған жағдайда Конференция Төраға сайлайды.
8.13. Президенттің шақыруы бойыншаКонференцияға Бірлестік қызметіне мүдделі жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдері бақылаушылар ретінде қатыса алады.

8.14. Тек Конференция құзырына ғана жататын мәселелерді жедел шешу қажеттілігінен туындайтын, немесе алдыңғы Конференцияның шешімдерін орындау нәтижесі бойынша, сондай-ақ Басқарма шешімі бойынша тәрізді өзге де ерекше жағдайларда Конференция шақырылуы және ол on-line жағдайында Бірлестіктің барлық мүшелері үшін осы тараудағы белгіленген талаптарды сақтай отырып ашық  электронды дауыс беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін (еск.).
 
9.  ПРЕЗИДЕНТ
9.1. Президент Бірлестік мүшелерінің ішінен Конференцияда бір жыл мерзімге сайланады және Конференцияның шешімі бойынша қызметтен босатылады. Егер Конференцияның мүшелері қарсылық білдірмесе ол тағыда бір жыл қызметін атқарады. Президенттің Басқарма мүшелері болып табылатын 7(жеті) дейін орынбасарлары (Вице-президенттері) бар (еск.).
9.2.  Вице-президенттер президентке бағынышты және оған есеп береді. Президент жоқ кезде олар оның міндетін атқарады.
9.3. Президенттін ұсынысы бойынша вице-президенттерді Конференция сайлайды.
9.4. Президенттің ерекше құзырына жататындар:
- Бірлестіктің жылдық жұмыс жәнеқаржылық жоспарларын бекітеді;
- Конференция шешімдерін іске асырады;
- Конференцияның бекітуіне Бірлестік Ревизорының кандидатурасын ұсынады;
- Мемлекеттік және басқа да наградаларға тұлғаларды ұсынады;
- Конференцияны шақыртады, дайындайды және жүргізеді;
- Бірлестіктің атынан арнайыстипендиялар, гранттар, сыйлықтар, жүлделер, наградалар тағайындайды және таратады;
- Жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржылық және материалды қаражаттардың қосымша көздерін тартады;
-  Конференцияда жылдық есепбереді;
- Бірлестіктің құрылымын бекітеді;
- Бірлестіктіңштат кестесінжәнееңбек ақы төлеу қорының көлемін бекітеді;
- Жылдық бюджетті бекітеді;
- Бірлестіктің мүліктік және ақшалай қаржыларына иелік ету;
- Несиелік мекемелерде есептік және басқа да шоттарды ашады және жабады;
- Келісім-шарттарға,оның ішінде еңбекке де қатысты,отырады және олардытоқтатады;
- Бірлестіктің атынан сенімхаттар береді;
- Бірлестік құзырына жататын барлық мәселелер бойынша бүкіл қызметкерлер орындауға міндетті болып саналатынбұйрықтар, жарлықтар және нұсқаулар береді;
-  Конференцияның ерекше құзыретіне жатпайтын, басқа да мәселелерді шешеді.  
9.5. Президент Бірлестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүддесін көздейді.  
9.6.  Президент өз міндеттерінен бас тартуға құқылы. Ол туралы екі айдан қалдырмай жазбаша түрде Конференцияны ескерту керек. Егер президент өз міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайда, Конференция жаңа президентті сайлайды.
 
10.    РЕВИЗОР
10.1. Бірлестіктің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды Конференциядабір жылға сайланған ревизор жүзеге асырады. Ревизор кезекті мерзімге бірнеше рет сайлана алады.
10.2. Ревизор жылына кем дегендебір мәрте ревизиялық тексеріс жүргізеді және Бірлестік президентінің жылдық есебі бойынша қорытынды береді.  
10.3. Ревизор өзінің тексеру нәтижелері туралы Конференция алдында жауап береді.
10.4. Бірлестіктің 2/3 мүшелерінің талаптары бойынша, Ревизор кезектен тыс ревизиялық тексеріс жүргізуі мүмкін.
10.5. Ревизор жергілікті жерде Бірлестіктің барлық мүлкін түгендейді және тексереді,  жыл бойы атқарылған жұмыстарды, сондай-ақ Бірлестіктің тиісінше шығындарын тексере алады.
10.6. Ревизор Бірлестіктің барлық құжаттарына ешкедергісізқол жеткізу құқығына ие. Ревизордың талабы бойынша президент және Бірлестік қызметкерлері ауызша немесе жазбаша түрде қажетті түсініктер беруге міндетті.
10.7. Президент және Бірлестік қызметкерлері тарапынан асыра сілтеушілік анықталған немесе Бірлестік мүдделеріне аса бірқауіп төнген жағдайда, Ревизор Конференцияны құлақтандыруға міндетті.
10.8.  Конференция Ревизорды уақытынан бұрын қайта сайлай алады.  
 
11.    ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚОСЫМШАЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ  
11.1. Осы Жарғыға өзгерістер мен қосымшалар Конференция шешімімен ғана енгізіледі. Шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
11.2. Бірлестік жағынан өзгерістер және қосымшалар, егер оған Конференцияға қатысқан, Бірлестік мүшелерінің 2/3 дауыс берсе енгізілген деп есептеледі. Бірлестік жарғысына енгізілген өзгерістер және қосымшалар бекітілген Заңнамалық тәртіпте тіркеуге жатады.
 
12.    БІРЛЕСТІКТІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ  
12.1. Бірлестікті қайта құру қолданыстағы Заңнамамен қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады. Қайта құрылымбірлесу, қосылу, бөліну, жекелену, бөлек шығу және түрлену үлгісінде жүзеге аса алады.
12.2. Бірлестікті тарату Конференцияшешімімен ерікті түрде не соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу түрінде жүргізіледі.  
12.3. Конференция тарату комиссиясын тағайындайды және Бірлестікті тарату мерзімі мен тәртібін бекітеді.
12.4. Тарату комиссиясын тағайындаған кезден бастап, оның құзырына Бірлестіктің ісін және мүліктерін басқару өтеді.
12.5. Тарату комиссиясы баспасөз органдарына Бірлестікті тарату, кредиторлармен талап етілетін өтініштің мерзімі және тәртібі туралыақпарат беріледі.
12.6. Кредиторлардың талаптарды ұсынуға арналған мерзімі аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы аралық тарату балансын құрады. Аралық тарату балансы Конференциямен бекітіледі.
12.7. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік немесе оның бағасы Бірлестіктіңмүддесіне сай құрылған мақсаттарға және (немесе) қайырымдылық мақсатқа бағытталады.
12.8. Қызметті тоқтатқан немесе қайта құрған жағдайда барлық құжаттар (басқарылатын, қаржы-шаруашылық, жеке құрам бойынша және т.б.) бекітілген Заңнамалық тәртіпке сәйкес  жаңа құқық иеленушісіне беріледі.
 
13. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ
13.1. Осы Жарғымен реттелмеген қатынастар, қолданыстағы Заңнамамен регламенттеледі.
 
«Бас редакторлар Клубы»
Қоғамдық бірлестігінің
президенті                                                                                       К. Жолдыбай

 

Ескерту: Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар түзілімі «Бас редакторлар Клубы» ҚБ Жарғысына 19.04.2013 жылғы Есеп беру- сайлау конференциясының шешімі негізінде, он-лайн дауыс беру арқылы енгізілген.