«Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» арнайы дайджест-газеті

«Бас редакторлар клубы» ҚБ бес жылдығы шеңберінде «Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» атты арнайы дайджест-газет дайындап шығару жоспарланып отыр. Бұл көп бетті ақпараттық басылымда отандық барлық БАҚ-тар өздері жәйлі тиісті ақпараттар бере алады.

 

Жобаның мақсаты және шешетін мәселелері:

- журналистер қауымдастығын біріктіру;

- отандық БАҚ-тардың қызметтерін насихаттау;

- жалпыреспубликалық баспасөзге жазылу науқанына оң ықпал ету.

 

«Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» дайджест-газетінің ұтымды  тұстары:

-  толық бояумен берудің ыңғайлы форматы (А3 форматының 32 беттік басылымы үлгісінде);

- ықтималдық таралымы – 2,5-3 миллион данамен;

- нақты мекен-жай бойынша (таратылады) жеткізіледі;

- дайджест-газет бетінде барлық қазақстандықтар үшін қызықты әрі пайдалы ақпараттар орналастырылады.

 

Дайджест-газетіне ақпарат орналастырудың шарттары:

Газеттің бір шаршы см базалық бағасы – 150 теңге (А3 форматты газеттің толық беті – 1000 шаршы см. құрайды).

 

Жобаға қатысушы БАҚ-тар үшін:

- басылым туралы ақпарат пен сурет орналастырылады;

- «Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» фестиваль-көрмесіне қатысу үшін арнайы орын мен қажетті жабдықтар беріледі.