«Бас редакторлар клубы» ҚБ Семей қалалық бөлімшесі мүшелерінің Үндеуі

06.09.2012, 17:06

Біз, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің Семей қалалық бөлімшесінің мүшелері, мемлекетімізде шығармашылық ахуалдың нығаюын, БАҚ араларында салиқалы бәсекелестіктің орнығуын, елімізде қалыптылық және ұлтаралық келісімнің берік болуын қалаймыз әрі оны баянды ету үшін күш-жігерімізді аянбаймыз. Осы жолда барлық мүдделі орындармен, оның ішінде билікпен де, бірлесе отырып тиісті жұмыстарды атқаруға әзірміз. Бұл тұста билікке артылар жауапкершіліктің жүгі мейлінше ауыр болатынын және сондықтан бюрократия мен әлеуеттік құрылымдарға тұрақты қоғамдық бақылау қажеттігін атап өткен жөн.

Билік өзіне жүктелген өкілеттіктерді асыра пайдаланбауды қадағалауда  бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар міндеті зор. Тек, БАҚ өзінің осы артықшылығын өзге мүдделерге пайдаланбаса болғаны. Яғни, әркімнің өз іс-қимылдарын айналасымен өлшеп отыруы және басқалардың да мүддесімен санасуы керек. Былайша айтқанда, іштей реттелудің қажеттілігін молынан сезінген жөн. Осы орайда, мұндай реттегіш құралы ретінде журналистердің этикалық кодексін толық атауға болады. Кодекстің заңдық күші жоқтығын, ол тек моралдық тұрғыдан жауапкершілік артатынын ескеру ләзім.

Журналист әрбір сөзіне жауапты болуы керек, әрі бұл журналистика саласының алтын қаһидасы екендігін ешқашан ұмытпаған жөн. Өкінішке орай, соңғы кездері, әсіресе Интернет арқылы, көп дәйексіз ақпараттардың, сондай-ақ түрлі сыпсың сөздердің қоғамды дүрліктіріп отырғаны жасырын емес. Сонымен қатар, сенсация қудалау, рейтингті көтеруге жан-таласа  ұмтылу, асығыстық, тіпті кейде төмен кәсіби біліктіліктің материалдар дайындауда арты үлкен дауға айналатын қателіктерге ұрындыратыны, сөйтіп сот орындарында түрлі істердің қаралып жататыны да шындық. Қарымды жұмыс жасай алатын Кодекс болған жағдайда БАҚ саласында күнделікті кездесіп жататын көптеген дау-дамайларды сотты араластырмай-ақ ішінара шешуге болар еді.

Журналистер этикасы Кодексінің алыс-жақын өзге мемлекеттерде көп жылдар бойы өзіне тиісті міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқанын ескерсек, біздің елімізде де бұл аса маңызды құжаттың ұлттық стандартын сөз бұйдаға салмай тез арада қабылдауымыз қажет деп санаймыз.

 

Пікірлер (7)

  • giNkc9 <a href="http://yjdrhxocptxk.com/">yjdrhxocptxk</a>, [url=http://jqflvpbofivl.com/]jqflvpbofivl[/url], [link=http://rgqjynslbkii.com/]rgqjynslbkii[/link], http://yxtmbaypphcq.com/

  • IjUHBG <a href="http://mluquqdweetu.com/">mluquqdweetu</a>, [url=http://soyjwgrthbze.com/]soyjwgrthbze[/url], [link=http://eadrofiilkbp.com/]eadrofiilkbp[/link], http://eezowmbrrprh.com/

  • Now that's sultbe! Great to hear from you.

  • If you want to get read, this is how you <a href="http://sgbwmefllix.com">shulod</a> write.

  • Just the type of ingshit we need to fire up the debate. http://oyhgpoa.com [url=http://hswvumifcy.com]hswvumifcy[/url] [link=http://cbxfuyaoozt.com]cbxfuyaoozt[/link]

  • Thanks for <a href="http://cwdkdz.com">inudtrocing</a> a little rationality into this debate.

  • It was dark when I woke. This is a ray of suenhins. http://nsgivdkihty.com [url=http://oehiehv.com]oehiehv[/url] [link=http://feiudld.com]feiudld[/link]