Семейдің ақпарат кеңістігіндегі ізгі жаңалық.

06.09.2012, 17:07

Бас редакторлар клубы қатары тағы да бір бөлімшемен толықты. Алаш арыстарының отаны қасиетті Семейде үстіміздегі жылғы 4-ші қыркүйекте республикалық қоғамдық бірлестіктің қалалық бөлімшесі дүниеге келді. Бұл  шешімге «Байуақов ТВК-6» медиа-холдингі бас директоры, Бас редакторлар клубының мүшесі Омарбек Байуақов мұрындық болғанын және оның осы бастамасын семейлік бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар басшылары қолдағандарын атап өткен жөн. Олардың ойынша, бұл қоғамдық ұйымның қаланың мәдени-рухани өмірінде ерекше орын алып, өңірде шығармашылық ахуалды нығайтуға, мүдделі орындармен бірлесе отырып аймақтың өзекті мәселелерін шешуге, өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби біліктілікті шыңдауға қосатын үлесі мол болмақ. Бұл ойды іске асыруға бөлімшеге төраға болып сайланған Дәулет Сейсенұлы бастаған оның  тоғыз мүшесі бел шешіп отыр.

Қалалық Клубтың алғашқы құрылтай жиналысына «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай қатысып, қоғамдық ұйымның жұмысын жүйелі жүргізудің алғышарттары, алда тұрған міндеттері, бағыт-бағдарлары жәйлі жан-жақты мәліметтер берді. Республикалық қоғамдық бірлестік тарапынан семейліктерге қажетті деген көмектер беріліп, нақты қолдаулар көрсетілетінін айта келе, ол жиналғандарды Клубтың www.kgr.kz сайтының қызметімен таныстырды және оларды сайт бетінде бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, К.Жолдыбай бөлімше мүшелерін еліміздегі саяси-әлеуметтік шаралардан тыс қалмауларын өтінді. Осы ретте, қазір қызу талқыланып жатқан журналистердің этика кодексіне қатысты өз ойларын білдірулерін сұрады. Бұл мәселе бойынша пікір алмасудың нәтижесінде Клуб мүшелері аталмыш Кодекстің сөзбұйдаға салынбай жуық арада қабылдануы керек деп тауып, осыған байланысты журналистер қауымына арнайы үндеу жолдады. Осыған орай, К.Жолдыбай келесі күні семейлік БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында бұл Үндеу туралы және құрылтай жиналысы шешімдері жәйлі журналистерді хабардар етті.

Семейдегі іс-сапар барысында К.Жолдыбай қала әкімі Айбек Кәрімов мырзамен кездесіп, билік пен БАҚ арасында мемлекеттік мүддеге сай қарым-қатынас орнату мәселесіне қатысты пікір алмасты. Семей қаласының әкімі жаңадан құрылған қоғамдық ұйымға өзінің оң ықыласын білдіріп, онымен бірлесе жұмыс істеуге әзір екендігін мәлімдеді.          

Пікірлер (2)

  • YaSPD4 <a href="http://fivvybmcrzvg.com/">fivvybmcrzvg</a>, [url=http://iwjpajlbbupf.com/]iwjpajlbbupf[/url], [link=http://orjhhqrhihwm.com/]orjhhqrhihwm[/link], http://lvxilbbndrmk.com/

  • lbnhbZ <a href="http://vzdrzxiokskf.com/">vzdrzxiokskf</a>, [url=http://oehzqswpwnmf.com/]oehzqswpwnmf[/url], [link=http://bhroaltmhfgs.com/]bhroaltmhfgs[/link], http://vkhjktepxnbw.com/