Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, "Бас редакторлар клубы" ҚБ президенті

01.07.2014, 12:00

– Бибігүл Нұрғалиқызы, қоғамда кейде «БАҚ туралы заңның қажеті жоқ, журналистің барлық іс-қыз­меті Конституциядан бастап, өзге құ­қықтық актілермен реттеледі» де­ген пікір айтылып жатады. Сіздің­ше, бұл уәж қаншалықты негізді?
– Иә, мұндай көзқарас бар. Бұл ретте дамыған елдердегі қа­лыптасып отырған үрдіс мысалға алынып жатады. Шындығында, бірқатар мемлекеттерде, айталық, АҚШ-та біздегі секілді БАҚ саласын басқарып, олардың қызметін реттейтін арнайы құзырлы орын, заң жоқ. Онда бәрін нарық пен қоғамдағы сұраныс реттеп отырады. Бұған уақыты келгенде біз де жетерміз.

Әзірге бұл жөнінде ойлау ерте. Өйткені, еліміз толыққанды мемлекет ретінде өзінің даму деңгейіне жетпегендіктен, барлық мәселелерді жүйелі шешу жолдары тиісті дәрежеде айқындалып біткен жоқ. Ал, БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастыратын халықтық үлкен тетік. Оның жанама түрде «төртінші билік» деп аталуы да тегін емес. Бұл – біріншіден.Екіншіден, біз демократиялық жолмен дамуды негізге алған құқықтық зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан, БАҚ пен өзге қоғамдық институттардың қатынасын жүйелеп, реттеп отыратын арнайы заң­ның қажеттігі еш дау тудырмауға тиіс. Мәселе ол заңның қалай жазылып және қалау орындалуында. Меніңше, БАҚ туралы заңда журналистердің міндеттері ғана емес, олардың кәсіби қызметін толыққанды атқаруына мүмкіндік беретін құқықтары, құзыреттері толық қамтылуы керек. Өкінішке қарай,  бұл тұрғыда бізде сұрақ тудыратын мәселелер баршы­лық. Мысалы, тиісті заңда мемлекеттік, отандық БАҚ мүдделері заңнамалық деңгейде толыққанды қорғалмай отыр. Өзім теларнаны басқаратындықтан, маған, әрине, осы саланың түйткілді мәселелері айқынырақ көрінеді. Қазіргі таңда отандық телеарналар жиілігі ре­пуб­ликаны түгел қамти алып отырған жоқ. Ғарыштық жерсерік арқылы хабар тарайтын аймақтардың көп бөлігі шека­ралас елдердің телебағдарламаларын көреді. Мысалы, оңтүстік жақтың ауыл тұрғындары Өзбекстан, Түркіменстан телевизиясын, солтүстік өңір мен жалпы елдің барлық аумағы Ресей телеарналары өнімдерін тұтынады. Мұндай жағдайда басқасын айтпағанда, өзіміз жиі айтатын ақпараттық қауіпсіздікті қалай сақтауға болады?
 Қазақстандағы  кабельдік телевизия жүйесінде Ресей телеарналары үстем­дік етіп отыр. Бүкіл жарнама атаулыны солар қағып әкетіп, іс жүзінде біз солар­­дың монополиясына төтеп бере ал­мау­дамыз. Заң арқылы осыны реттейтін тетік болса, бізге тигізер пайдасы зор болар еді. Біздің эфирге шығарып жатқан бағдарламаларымызға «бәсекеге қабілетсіз, сапасы төмен» деген сын айтылып жатады. Әрине, бәрі кәсіби деңгейімізге де байланысты екендігін мойындаймыз. Бірақ, бұл жерде тағы бір елеулі фактор барын ескеруіміз керек. Жалпы, медиаиндустрия да экономиканың өзге де салалары секілді үлкен қаржыға тәуелді. Соған қолы жеткен жағдайда ғана ол нәтижелі жұмыс істеп, сапалы өнім береді.  Тек мемлекет немесе құрыл­тайшыларының көмегімен бұл сала алға баспайды. Осы ретте жарнама – үлкен мүмкіндік. Сондықтан, одан түсетін табысты өзімізге тиесілі етуге заңдық кепілдік берілуі қажет. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше рет жазылып, өзгерген арнайы заңымызда бұл мәселе толыққанды ескерілмей келеді. Көбіне онда БАҚ-тың мүдделерінен гөрі, оған шектеу, тыйым молырақ қамтылған.  Бұл, меніңше, заңнаманың жазылуына қоғамдық ұйымдардың тартылмауы­ның, олардың белсене атсалыспауының, жобаның тиісті деңгейде талқыдан өтпеуінің салдары. Қазір «БАҚ туралы» заңға тағы өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып жатыр. Осы жаңа құжатта  бүгінге дейін ескерілмей келген біраз мәселелер барынша қамтылып, еліміздің медиа кеңістігі уақыт талабына сай жаңа мүмкіндіктерге ие болар деген үмітіміз бар.

– Сарапшылар мен журналистер Парламент жуырда қабылдаған Қыл­мыстық кодекстегі бірқатар талап­тарды­ сынға алып, оны  журналистер­дің кәсіби қызметін атқаруға кері әсер ететін нормалар ретінде бағалап жатыр. Сіздің көзқарасыңыз? Жал­пы қызмет барысында заңнамалық-құқық­тық актілердің көмегін немесе кедергісін  сезінесіз бе?
 – Мемлекет басшысының тапсыр­масымен құқық қорғау саласын заң­намалық тұрғыдан жетілдіру қолға алынып, нәтижесінде қылмыстық заңна­малардың жаңа редакциялары өмірге келді. Парламент қарап, қабылдаған олардың біразы Елбасының қол қоюы­на жетіп те  үлгерді. Жалпы, бұл жаңа құжат­тарда қаралған мәселелердің біразы үлкен пікірталасқа өзек болып тұр. Соның ішінде, өзіңіз айтып отырған журналистер қызметіне де әсер ететін  талаптар бар. Меніңше,  оларды біржақты қарауға негіз жоқ.  Жала жабу, абыройға нұқсан келтіруге қатысты қаралып отырған нормалар бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отырғаны ақиқат. Жасырып қайтеміз, бүгінде біреулерді орынсыз қаралау, беделіне кір келтіру секілді жағдайлар кездесіп тұрады. Адамға тағылған орынсыз жала, айыпты көтеру – оңай емес. Соның салдарынан кейде түрлі психологиялық қиын жағдайға түсіп, оның зардабы денсаулыққа да тиіп жататын сәттер болады. Сондықтан, мәселенің осылай заңнамалық деңгейде дәйектелуі дұрыс. Бұл әрі-беріден соң біздің әрқайсымыздың өз әрекетімізге, сөзімізге жауапкершілікпен қарауға үйрететін талап. Әрине, таяқтың екі ұшы бар. Мұндағы әңгіме, меніңше, оның кімге  және қалай қолданылуы хақында болуы керек. Яғни, «жала жабуды қалай танимыз?» деген сұрақ бар. Соны нақтылау керек сияқты. Бұл жерде «Ол өзі қандай жала, қоғамға қандай қауіп төндірді, жеке тұлғаға қандай залал келтірді?» деген мәселе жан-жақты тиянақталуы қажет. Өйткені, мүмкіндігін, құзыретін пайдаланып кейбір шенеуніктердің, мемлекеттік қызметкерлердің түймедейді түйедей етіп, жазықсыз жандарды айыпқа жығып, сотты етуі мүмкін. Мұның салқыны БАҚ өкілдеріне де тиіп кетуі ғажап емес.
Ал, енді сұрағыңыздың екінші бөлігі­не келетін болсақ, қызмет барысында журналистер үшін жиі кездесетін құқық­тық тұрғыдағы  кедергілер қазірдің өзінде бар. Ол көбіне жылдам ақпарат алу қажет болған жағдайда туындап жатады. Өкінішке қарай, біздің көптеген шенеуніктеріміз осыны ескермей, жедел сұхбат алу немесе бір мәліметті білу қажет болып хабарлассаң, «заң бойынша үш күннің ішінде жауап береміз» деп кейінге ысырады. Сол секілді телефон арқылы жазып алуға рұқсат бермейді. Ал, керек ақпарат үш күн емес, тіпті, ертеңінде құны жоғалып, мүлде қажеті болмай қалуы мүмкін. Осыдан барып телехабардың, мақаланың сапасы төмен­дейді. «Материалдың сапасы нашар, кәсіби деңгейі төмен» деген әңгімеге көбіне осындай жағдайлар себеп болып жатады. Сондықтан, бұл мәселені де заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет деп ойлаймын.
Тағы бір мәселе БАҚ-қа барлық құзырлы орындағылардың өз қолбала­сындай қарайтындығында болып отыр. Олар соңғы кезде  бізден медиа жоспар талап ететін болып, салдарынан БАҚ жоспарлы түрде ақпарат беруге көшті. Сөйтіп, біз есеп беру органдарына айналып отырмыз. Бұл БАҚ-тың таби­ғатына, оның қоғамдағы атқаратын функциясына жат нәрсе. Мемлекеттік органдар жоспар талап етпей, бізбен теңқұқылы әріптестік жағдайда жұмыс істеуі керек. Бұлай етпеген жағдайда БАҚ-тың халық өкілі болу миссиясына нұқсан келеді.

– Қазір халықтың құқықтық сауатын арттыру үшін БАҚ ұжымдары белсенді түрде атсалысатын болды. Сот процестерін де эфирге шығарады, арнайы репортаждар да жасалады. Сіз басқаратын шығармашылық ұжымда қандай шаруалар атқарылып жатыр?
– Иә, халықтың құқықтық сауатын арттыру жолында ақпарат құралдарының, әсіресе, телевизияның атқаратын рөлі орасан зор. Оның үстіне, жұртшылық қазір өзінің мәселесін көбіне журналистер арқылы шешуді жөн көреді. Мұны біз өзіміздің редакциямызға келіп түсетін хаттардан байқаймыз. Бұл белгілі деңгей­де  адамдардың құқықтық сауатының төмен­дігін көрсетеді. Сондықтан, бұл тақырыпқа арнайы бағдарламалар жасау­дан ұтарымыз көп. Біз күнделікті хабар­ларымызда, апталық сараптамалық бағ­дарламаларымызда осындай құқыққа қатысты мәселелерді барынша қамтуға тырысамыз. Халыққа қажет заңнамалық түйткілдер бойынша мамандар кеңесін ұйымдастырамыз. Бірақ, арнайы теле­хабар жасай алмай отырмыз. Өйткені, коммерциялық телеарна болғандықтан, мүмкіндігіміз шектеулі.
Негізі, телевизияда жоғары рейтинг шешуші рөл атқарады. Ал, оған қол жеткізу бірнеше факторға тәуелді. Ең бергісі, сөйлейтін спикерлеріміз халықты сөзіне ұйытып, баурап алатындай шешен болуы керек. Өздеріңізге мәлім, бізде құқықтық салада жұмыс істейтіндердің сөйлеу стилі тым ресми,  қасаң сипатта болып келеді. Телеэфирде мейлінше еркін, тартымды әрі қарапайым сөйлеу талап етіледі. Екіншіден, мұндай  жобаларды жасау үшін кейіпкерлер елді елең еткізердей болуы шарт.  Біздің халықтың менталитетінен шығар, олар орыстар сияқты мәселесін эфир арқылы жария еткісі келмейді. Өз мұң-мұқтажын жариялап, елдің алдына шығуды ар санайды. Барлық мәселесін ешкімге білдірмей шешкенді жөн көреді. Ал, телевизияның күші шоуда, ол көрермендерді осындай сипаттағы  хабарлар арқылы тартады. Мұндай бағдарламаларға актерлерді қатыстырудың мәні жоқ. Өйткені, олардың ойыны бірден көзге ұрып, жасанды болғандықтан, әсері, тиімділігі жоғалады. Сол секілді дәріс түріндегі хабарлардың да тартымдылығы төмен. Осының бәріне қарамастан, халықтың құқықтық сауатын арттыру,  білікті заңдық көмек беру үшін жақсы хабар жасап шығаруға болар еді. Алайда, ол да тағы қаржыға тіреледі. Сондықтан, мемлекеттен қолдау, техникалық мүм­кіндік, дотация жасалса, оң болар еді. Мұндай бастама әзірге мемлекет тара­пынан қолға алынбай тұр. Халықтан да сұраныс байқалмайды.

– Журналистерді белгілі бір сала­ға бейімдеу туралы әңгіме соңғы кезде жиі көтерілетін болды. Соның ішінде, заңгер-журналист деп қос мамандық бойынша дайындауды ұсынатындар бар. Тіпті, «Журналистерді дайын­даудың қажеті жоқ. Белгілі бір сала мамандарын шағын мерзімді арнайы курстан өткізу жеткілікті» деген пікірлер де  айтылып жүр...
– Журналист мамандығын міндетті түрде университетте, яғни, академиялық жоғары білім беру жүйесінде дайындау керек. Өйткені, журналистің жұмысы ең бірінші оның ой-өрісіне, білім деңгейіне байланысты. Ол қоғамдық ғылымдардың барлық саласын тиісті дәрежеде игеріп, кез келген мәселеде ой қорыта алатын, қалыптасқан ахуалды санасында тара­зылап, зерделей алатын қабілетке ие болуы керек.  Елдің мұң-мұқтажын сезініп, түсінетін, сала мамандарына сауатты сұрақ қоя алатын, екіжақты байланыстыратын көпір болу үшін де үлкен білім, біліктілік, түйсік қажет. Ал, екі-үш айлық курс арқылы бұған қол жеткізу мүмкін емес. Экономистің айтқанын халық түсіне бермейді, ол санасында жатталып қалған өзіне түсінікті тілмен ғана сөйлейді. Оның мәселесін тек журналист қана халыққа ұғынықты етіп жеткізе алады. Сондықтан, мен өзге сала мамандарынан қысқа мерзімде журна­лист дайындауға болады деген пікірмен келіспеймін. Керісінше, журналистердің қосымша мамандық иеленуін құптай­мын. Жалпы, журналистердің белгілі бір салаға мамандануы  қажет. Бұл ретте журналистердің заңдық, экономикалық  білімін жетілдіретін пікірталастар, семи­нар тренингтер, шеберлік сыныптары көптеп ұйымдастырылғаны жөн.

– Әлеуметтік желілерді БАҚ сана­тына жатқызып қарастыру қазіргі таңда біршама етек алып бара жатқан секілді. Кейбір ғалымдар оны кәсіби журна­листикаға қиянат жасау деп жата­ды. Ақиқаты қайсы?
– Әлеуметтік желілер заман ағымының сұранысына орай туындаған байланыс құралы. Бірақ, олар толыққанды ақпарат құралы бола алмайды.  Өйткені, әлеуметтік желінің аржағында қандай адам тұрғаны, оның нені көздейтіні беймәлім. Дегенмен, дәл осы әлеуметтік желілер жедел ақпарат тарату жағынан барлық БАҚ атаулыдан озып кеткені рас. Себебі, оның адамдар үшін ыңғайлы қалта телефоны арқылы да ақпарат таратуға мүмкіндігі бар. Уақыт пен кеңістікке тәуелділігі аз. Мұның сыртында кейбір ресми БАҚ жариялай алмайтын өзекті мәселелерді жариялай алады. Демек, әлеуметтік желімен тағы санаспай тұра алмаймыз. Бүгінгі таңда  әлеуметтік желіде көтерілген мәселенің өмірде шешімін табуы жедел. Сондықтан, оның артықшылығын пайдалану керек. Алайда, ол заңнамалық құқықтық тұр­ғыда реттелген тетіктер негізінде жүзеге асқаны жөн. Бұл бәрінен бұрын ақпа­раттық қауіпсіздігіміз үшін қажет деп есептеймін.

– Осыдан бір жыл бұрын елімізде журналистердің Әдеп кодексі қабыл­данған болатын. Осы құжаттың өмірге жолдама алуын БАҚ-тың еркіндігіне салынған тұсау ретінде санағандар да бар...
 – Бұл мүлде қате түсінік. БАҚ – халықтың көзі, құлағы және тілі. Ал, оның барлық мәселенің шындығын  көріп, оны халыққа объективті түрде дұрыс жеткізе білуі үлкен біліктілік, шеберлікпен қатар мәдениетті, адамгершілік биік қасиетті қажет етеді. Жалпы, барлық дүниені заң ғана реттейді деу тым сыңаржақтық болар еді. Заңнан да биік тұратын мораль деген дүние бар. Аталмыш кодекстің қабылдануы журналистердің осы тұрғыда өз ары мен халық алдындағы жауапкершілігіне адал болу мақсатын көздейді.  Біздің қаруымыз – Сөз. Ал, халық даналығы айтқандай, «сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады». Сондықтан, оны үлкен мәдениетпен пайдалана білу қажет. Сонымен қатар, журналистің жүріс-тұрысы да халыққа үлгі болуға тиіс. Ол кез келген мәселеде «ыстық қайрат, салқын сабырға» жүгінуге тиіс. Осыдан бірер жыл бұрын бізде бір журналист  министрге жұмыртқа лақтырып, елді бір дүрліктірді. Қоғамдық маңызы зор мәселені осылай көшедегі кикілжіңге айналдыру, мем­лекеттік қызмет басында жүрген адамға өрескел қылық көрсетудің бірақ диагнозы бар ол – әдепсіздік. Сондықтан, біздер осы секілді журналистің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің кез келгеніне жол бермеуіміз керек. Осы мақсатта қабыл­данған Әдеп кодексі бүгінде барлық БАҚ редакцияларында талқыланды. Негізі оның қағидаларын сақтау, жүзеге асыру мақсатында арнайы комиссия құру жөнінде ұсыныс айтылуда. Қазақта «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген сөз бар. Олай болса, бір журналистің әдепсіздігі, анайы қарым-қатынас жасауы,  қыл аяғы сұрақты да жөнімен  қоя алмауы бәріміздің бетімізге шіркеу. Өйткені, осының салдарынан қоғамда барлық журналистерге деген теріс көзқарас қалыптасады. Сондықтан, менің ойымша,  өз абыройымызды көтеру үшін, алдымен, өз ішімізде этика­лық нормаларды қада­ғалап сақтауды міндеттенсек, ұтыл­май­мыз.

 – Бас редакторлар клубының президенті болып сайланғаныңызды естіп жатырмыз. Өзіңізбен бірге оның жұмысына жаңа леп келеді деген  үміт бар. Әсіресе, журналистердің кәсіби қызметіне көмек болар, әлеуметтік мәселелерін шешер іс-қимыл қажет-ақ...
 – Иә, клуб жұмысын жандандыру бағытында біраз шараларды қолға алып жатырмыз. Жалпы, Бас редакторлар клубы  қоғамдағы өзінің орнын, қажет­тілігін айқындаған, түрлі маңызды бастамаларға ұйытқы болып жүрген  ұйым. Мысалы, бүгін оннан аса әртүрлі БАҚ өкіліне өзіміздің жыл сайын берілетін марапаттарымызды табыс еттік. Оларға еліміздің  аймақтарын­дағы журналистермен қатар, шетелдік журна­листер де ие болды. Бұл ретте біз, негізінен, аймақтардағы қаламы жүйрік журналистерге айрықша назар аударып отырмыз. Марапаттарымыз­дың ерекшелігі ретінде журналистің өз әріптесінің еңбегін бағалауын айтар едім. Өйткені, шын мәнінде әріптес қана өзі журналистік қызметтің қиындығын, қызығын басынан өткеріп жүргендік­тен, оның еңбегін әділ бағалай алады. Сондықтан, оның марапатына ие болу таза жеңіс болып саналады. Бізде әр- түрлі бағыттағы БАҚ-та істегенімен бір-бірінің шығармашылығын жақсы көретін, күтіп жүретін журналистер аз емес қой. Марапатқа клубымызға мүше 230-дан аса редактор өзінің ұжымынан журналистерді ұсынады. Арнайы құрылған комиссия солардың ішінде нағыз лайықтарын таңдайды.
Клуб бүгінде өз жұмысын, негізінен, журналистердің біліктілігін арттыру бағытындағы шараларға бағыттамақ. Өйткені, БАҚ өкілдерінің үнемі ақпарат соңында жүргендіктен, өз білімдерін көтеріп, шеберліктерін арттыруға уақыт­тары бола бермейді. Сондықтан, осы кемшіліктің орнын толтыру үшін шетелдік білікті мамандарды тартып шеберлік сыныптарын өткізіп, тренингтер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. ЖОО дайындалып жатқан студенттерді өндірістік тәжірибеге тартып, оларды шыңдау бағытында да жұмыс істейтін боламыз.

– Сіздіңше, бүгінгі қазақ журналис­тикасының озығы қайсы, тозығы қай­сы?
 – Журналистика қоғаммен бірге даму үстінде. Сұраныс бар болған соң бұл сала да өмір талабымен бірге жетіліп, алға  жылжып келе жатыр. Меніңше, қоғамда БАҚ-тың орны, беделі бар. Иә, кезінде БАҚ-қа қатысты сын көп айтылды. Орыс тіліндегілер тек экономиканы, ал, қазақ тіліндегілер тарих пен тілді жазғаны үшін жазықты болды. Мұның өзіндік себептері де бар еді. Мәселен, бізде ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі әртүрлі болды. Олардың дені орыс тілінде еді. Тіпті, білік­ті сарапшылар, мамандар да орыстілді болғандықтан, бізге олардың айтарын өзімізге дайындауға тура келген сәттер аз болмайтын. Төл тіліміздегі оқулықтардың аздығының да кері әсері тиді. Қазір жағдай өзгерді. Сондықтан, қазақтілді БАҚ барлық тақырыпта жақсы, сапалы дүниелер жасап жатыр деп сеніммен айтуға болады. Журналистердің деңгейі де өскен. Біздің озығымыз – олардың  әр салада жазуға төселгендігі болса, тозығымыз – қоғамдық психологияда жұрттың әлі күнге дейін орысшаны артық санап, қазақшаны толықтай мойындамай жатқандығында болса керек. Мұның өзі жарнама ісіне, рейтинг анықтауға едәуір салқынын тигізіп отыр. Осыған орай, БАҚ үшін негізгі мәселе қазақ тілінде хабар, ақпараттардың елу пайыз деңгейінің сақталуына байланысты заңна­малық норманың орындалуы болып отыр. Бастысы, оның жұмыс істеуі үшін тиімді тетіктер қажет. Сонда ғана бізде сапа, жарнамаға қатысты мәселелер шешіледі. Ең бастысы, халқымыз төл тілінде ақпарат алу жөніндегі заңнамалық құқыққа қол жеткізеді. Бұл қазақ тілінің қолданылу аясының кеңеюі, оның өзіне лайық мәртебесін иеленуіне әсер ететін бірден-бір шешуші фактор.

Сұхбаттасқан Айша Құрманғали, «Заң газеті»
http://zangazeti.kz/kaz/articles/8044

Пікірлер (40)

  • My prebolm was a wall until I read this, then I smashed it.

  • Created the greatest <a href="http://rtqwonxn.com">arstlcei,</a> you have.

  • Lovely just what I was searching for. Thanks to the author for taking his clock time on this one.
    [url=http://smilan.drupalgardens.com/content/increase-your-height-easily-shoe-lifts]Brianna[/url]

  • Thanks for your article on the vacation industry. I will also like to include that if you’re a senior taking into consideration traveling, it truly is absolutely crucial to buy travel cover for senior citizens. When traveling, golden-agers are at greatest risk of having a health emergency. Having the right insurance coverage package for your age group can safeguard your health and give you peace of mind.
    Ariana http://smail23.blog.fc2.com/blog-entry-3.html

  • lfxLcA <a href="http://lubhvqrncxqe.com/">lubhvqrncxqe</a>, [url=http://dvrrvmznqafv.com/]dvrrvmznqafv[/url], [link=http://ovdcaiwdweiy.com/]ovdcaiwdweiy[/link], http://rfbqitndvizj.com/

  • As Charlie Sheen says, this article is "WN!INIGN" http://hwywufp.com [url=http://agzezxry.com]agzezxry[/url] [link=http://aggksfgn.com]aggksfgn[/link]

  • You've really captured all the <a href="http://bjugutvvnr.com">esstenials</a> in this subject area, haven't you?

  • That intsghi's just what I've been looking for. Thanks! http://jxzcpfk.com [url=http://asitaox.com]asitaox[/url] [link=http://zuaaeyh.com]zuaaeyh[/link]

  • We are a group of volunteers and starting a new scheme in our community. Your site offered us with valuable information to work on. You have done a formidable job and our whole community will be grateful to you.
    Serenity http://marissaloumes.typepad.com/blog/2010/09/acquiring-tights-on-the-internet.html

  • Muchos Gracias for your post. Great.
    Makayla http://talleris.blogsky.com/1392/11/26/post-8/Suffering-On-Top-Of-Foot

  • One Thing That Can Benefit A Web Based Or A Real World Business Is Internet Advertising And MarketingInternet Advertising and marketing is a thing that will have many benefits for both online and real world companies.
    Melanie http://www.articletrader.com/pdf/article-577808.pdf

  • Interesting energy highly relevant to this site. My mother takes pleasure in concentrating on research and you will grasp why. Everybody knows all of the compelling way you deliver vital suggestions via this site and in addition attract contribution from much more relevant using this matter together with your personal princess is studying a good deal. Benefit from the relaxation around. You are the main one undertaking an admirable job.
    Madeline http://tamm32.wix.com/beat-foot-pain/apps/blog/the-treatment-of-foot-pain-by-insoles

  • I enjoyed reading this article. If you like, check out my own web-site.
    Marshall http://ultimateheightreview.exteen.com/20130812/heel-lifts-and-the-scientific-community

  • Thanks for sharing your ideas listed here. The other thing is that if a problem develops with a pc motherboard, persons should not have some risk with repairing that themselves for if it is not done right it can lead to permanent damage to all the laptop. It will always be safe just to approach any dealer of any laptop for that repair of motherboard. They’ve already technicians who have an know-how in dealing with laptop computer motherboard problems and can have the right prognosis and conduct repairs.
    Caroline http://wendyheels.crowdvine.com/posts/38907001

  • Thanks for the auspicious writeup. It in truth used to be a entertainment account it. Look complicated to more introduced agreeable from you! However, how could we keep up a correspondence?
    Victoria http://stefania3083.classtell.com/boxingandshoelifts/shoeliftscanenhanceweakgaitpatterns

  • F2uqLH Excellent blog here! Also your web site loads up very fast! What host are you using? Can I get your affiliate link to your host? I wish my website loaded up as fast as yours lol

  • oGlMKu Wow, great blog.Thanks Again. Cool.

  • mPJDnY Looking forward to reading more. Great article post.Thanks Again. Really Cool.

  • RHvYU8 <a href="http://rkjsjgrgjmws.com/">rkjsjgrgjmws</a>, [url=http://pmencyghgtjx.com/]pmencyghgtjx[/url], [link=http://kmniswigtuby.com/]kmniswigtuby[/link], http://cyfufbkwggix.com/

  • 1ipa4X I really liked your article post.Thanks Again. Awesome.

  • JfYkfS http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com

  • 4Srg5x you could have a fantastic weblog here! would you wish to make some invite posts on my weblog?

  • Just discovered this site thru Yahoo, what a pleasant shock!

  • ANaMgn It as essentially a cool and beneficial piece of information. I am content which you just shared this valuable data with us. Please hold us informed like this. Thank you for sharing.

  • ATfpbd There is noticeably a lot to realize about this. I feel you made various good points in features also.

  • NXk6ID These are superb food items that will assist to cleanse your enamel clean.

  • Situs togel http://dewi4d.org/

  • s5x9zp When someone writes an post he/she keeps the plan of a user in

  • iJImU5 <a href="http://lvjnwgqbdfar.com/">lvjnwgqbdfar</a>, [url=http://qsvnhxohzubl.com/]qsvnhxohzubl[/url], [link=http://zhmzqlygncie.com/]zhmzqlygncie[/link], http://mdvrwdgspjnp.com/

  • 78VbDK Personally, if all webmasters and bloggers made good content as you did, the web will be much more useful than ever before.

  • Lose up to 23 pounds of pure body fat in just 3 weeks!, how did i do that?
    The 3 Week Diet is an extreme rapid weight loss program that can help you lose up to 23 pounds of pure body fat in just 3 weeks! Get your customized diet plan from our official website and find out which foods you should be eating if you want to burn your belly fat away fast! Created by acclaimed personal trainer and nutritionist Brian Flatt, The 3 Week Diet is 100% guaranteed to deliver results!
    look great? dont waste your time! lets do this, join with us and bet back your beautiful body at here:

    http://tiny.cc/3WEEK4DIET

    Thank you