Кенжеболат Жолдыбай

10.02.2014, 15:26

Таяуда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты кітабын тағы бір қайтара зор қызығушылықпен оқып шықтым. Оқи отыра, «Сарыарқа сауырындағы, ерке Есіл бауырындағы» сәулеті келіскен қазақтың кіндік қаласы Астананы орнықтыру жолында қаншама күш-жігердің, қажымас - қайраттың, толассыз еңбектің қажет болғандығын ерекше түйсіндім.

Иә, бүгіндері атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Бірақ, күнделікті осынау шаруаларға бойымыздың үйреніп кеткендігі соншалықты, біз оларға оншалықты мән беріп жатпаймыз, оларды бағалауға немесе себеп-салдарын іздеуге әсте тырыспаймыз.

Расында, осыдан 20 жыл бұрын егемен еліміздің өмірінде бір қарағанда тосын көрінгенмен, шын мәнінде ең ұтымды нұсқаны саралап, сан ойланған, тоқсан толғанған салмақты да салиқалы саяси шешім қабылданды. Сөйтіп 1994 жылғы шілдеде ел астанасын әсем Алатаудың баурайынан солтүстікке, мың шақырымнан астам жерде жатқан далалық Ақмолаға көшіруге шешім шығарылды. Өйткені, Ақмола Қазақстанның географиялық орталығы деуге болатын, ел экономикасының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктелері болып отырған маңызды шаруашылық өңірлерге өте жақын орналасқан. Қала ірі көліктік арналардың қиылысында, тоғыз жолдың торабында тұр. Мұның сыртында, қала Қазақстан үшін көптеген шет елге шығудың мейлінше төте жолы – трансеуроазия арналарына таяу қоныстанған. Бәрінен бұрын Ақмола қаласының экологиялық ахуалы қалыпты, әрі бұл жағдай келешекте де дұрыс сақталып қалынатындығы ескерілді.

Мына бір мәселені де назарда ұстаған жөн. ХХ ғасырдың аяғында өз тарихымызда тұңғыш рет елдің ұлттық мүдделерін басшылыққа ала отырып, тәуелсіз Қазақстанның астанасының қай жерде орналасуы туралы шешімді қабылдауымыздың зор саяси және имандылық мәні болды әрі бола да береді. Айталық, біздің таңдауымызда қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды. Бұл тұрғыда тәуелсіз мемлекеттің астанасы сыртқы шекаралардан алыстау жерде, мүмкіндігінше елдің ортасына таман тұруы тиістігі қаперге алынды. Мұның негізсіз еместігін кейбір өңірлердегі кейінгі оқиғалар көрсетіп отыр. Сондай-ақ, бұл шешім елде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту тұрғысынан даусыз артықшылықтар әкелген қадам болды. Астананы өз халқының құрамы жөнінен көп ұлтты өңірге көшіру Қазақстанда тұратын барлық этникалық топ арасында достық пен ынтымақтастықты сақтау мен еселеуге де ықпалы молынан тиді. Сонымен қатар, астананы ауыстыру Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту тұрғысынан да тиімді еді. Ең бастысы, астананы көшіру арқылы Қазақстан тәрізді жаңа тәуелсіз мемлекеттің мүмкіндігі зор, мақсаты айқын, болашағы жарқын екендігі дүниежүзі елдеріне паш етілді.

Елбасы айтқандай: «Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа Астана құрдық». Әрине, бұл оңайға түскен жоқ. Дей тұрғанмен, Елбасының көрегендік саясатының, қажымас қайратының арқасында біз соншалықты түкпір демесек те, едәуір шалғайдағы қарапайым Целиноградты тамаша ғимараттарымен әрі сәулет кешендерімен еңсесін түзеген Қазақстан Республикасының ерке Есіл бойындағы көркем елордасы – Астана қаласына айналдыра білдік. Бүгінгі Астана – Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі. Бұл – соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астана тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш-жігеріне деген сенімінің белгісі. Бұл – азаттық алған ұлттың өзінің гүлденген болашағына, ұрпағының келешегіне үлкен үміттің көрінісі. Сондықтан да 1998 жылғы 6 шілдеде «Астана» атты ресми атауға ие болған еліміздің бас қаласы Отанымыздың нағыз жүрегіне айналып, бұл күн Ұлттық және мемлекеттік мерекелер қатарына жатқызылып, соңғы жылдары республика жұртшылығы зор ықыласпен Астана күнін тойлап келеді.

Кез келген жүрек тәрізді жаңа Астана да Қазақстанның барлық өңіріне нәр берумен қатар, ұлттық рух пен сананы көтеруде. Күн санап Астананың ажарын ашып, көркейте түскен зәулім де сәулетті жаңа құрылыстары және абаттандырылып жатқан алаңдары мен гүлзарлары, саябақтары шетелдік азаматтарды, қала қонақтарын қайран қалдырып, олардың қызығушылығын туғызуда. Соның бір куәсі іспетті, Елорданы көруге келетін қонақтар саны жыл сайын 10 пайызға көбейіп отыр. Тек, 2012  жылы қазақтың бас қаласын жарты миллион турист тамашалап кетіпті. Бұл мемлекетке қосымша түсіп жатқан пайда деген сөз. Осы ретте, Испанияның Барселона қаласында өзім куә болған мына бір жәйтті айта кеткім келіп отыр. Жүз жылдан астам бұрын Испанияда Гауди деген сәулетші өмір сүрген. Сол сәулетшіні мемлекет елеп - ескеріп, тиісті ақшасын беріп, қалауынша үй салғызды. Оның салып жатқан үйіне керек дегеннің бәрін де тауып берді. Гауди үкіметтің ақшасына өзінің ойындағы үйін салды. Ал, қазір қарасаңыз, Барселона қаласына жыл сайын «Гаудидің үйін көреміз» деп 4 миллион турист келеді. Оның үйін көрсету үшін мемлекет жан басынан 17 евродан ақы алады. Сонда Гаудидің бір ғасыр бұрынғы туындысы қазір жыл сайын 70 миллион евроға жуық пайда әкеліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың Астана ғимараттарының ешкімге ұқсамайтын және қайталанбайтын нұсқада болуын талап ететіндігін естігенде, ойыма осы бір мысал орала береді.

Сонымен, бүгінгі Астана қандай қала? Есілдің оң жағалауынан қарсы бетке қарасаңыз Астана қаласының зәулім ғимараттар бой көтерген өскелең құрылысын көресіз. Көз алдымызға суретшінің күн сайын тынымсыз салған, кешке қарай әлдебір штрихтар қосып, әрлей түскен картинасы келеді. Міне, қалаға кіре берістегі биіктігі 20 метр «Мәңгілік Ел» қақпасы біздің Ұлттық рухымызды асқақтатып тұр. Енді бір сәт жапырағын жайып тас шынардай жарқыраған Бәйтерек назарыңызға ілінеді. Ол Күн нұрымен шағылысып, төңірегіне жарық сәуле шашқан алып шарды – өмір мен мейірім символын әлемге паш етіп келеді. Алып діңінің төбесі бізтұмсықталып бітіп, өзінің осы тұлғасымен ғаламның шексіз кеңістігіне ұмтылған зымыран кешенін еске салатын «Хан Шатыр», әлемдегі атақты опера театрларынан кем түспейтін 1250 орындық «Астана опера», үш миллион литр «дала төсіндегі мұхит тамшысынан» екі мыңға жуық теңіз мекендеушілерін тамашалауға мүмкіндік беретін «Думан» ойын-сауық отауы, Қазақстанның қартасын бейнелейтін «Атамекен» этно - мемориалдық кешені, шартарапқа жаңалық тарататын «Қазмедиаорталығы», елдіктің символы ретінде танылған «Қазақ Елі» алаңы, «Тәуелсіздік сарайы», «Бейбітшілік және Келісім сарайы» Елорданың ең көз тартар жерлері десек қателеспейміз. Және де Астана қонақтары көп баратын мұндай көрікті де көрнекті орындар жетіп артылады. Әлі есімде, осыдан 16 жыл бұрын Астанаға көшіп келген тұсымда, қонақтарымды қыдыртатын жер таба алмай қиналатынмын.

Президент Ақордасының төбесінде ұлттық жалауымыз желбіреген киіз үй сипатты зор күмбез баршаны әрдайым бейбітшілік сүйгіштік пен дәстүрлі ауызбіршіліктен айнымауға шақырып, қызбалықтың және түсінбестіктің дауылдарынан, өшпенділік сұрапылдарынан сақтандырып тұр. Нәтижесінде, Астана ЮНЕСКО халықаралық ұйымының шешімімен «Бейбітшілік қаласы» мәртебесіне ие болып, әлемнің танымал саясаткерлері, іргелі сарапшылары, көрнекті қайраткерлері, ірі мемлекет басшылары, қарымды қаржыгерлері мен бизнес өкілдері жиі бас қосатын орынға айналды. Мәселен, мұнда 11 жыл қатарынан өткізілмей келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана саммиті өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Астана жылда Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Халықаралық экономикалық форум өткізіп, бүкіләлемдік қаржылық дағдарыстан шығуға өзінің оң үлесін қосып келеді. Бұл қатарға жыл сайынғы Еуразиялық медиа-форумды толық жатқызуға болады. 2014 жылғы 29  мамырда Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттер араларында Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнінде тарихи шешімге қол қойылды. Ал 2017 жылы мұнда дүниежүзілік «Astana EXPO-2017» көрмесі өтетін болады.

Сонымен қатар, Елорда жалпы әлемдік конфессияаралық үнқатысудың астанасына айналып, 2003 жылдан бері мұнда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтіп келеді. Осыған байланысты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков орталық басылымдардың біріне берген сұхбатында былайша ой қорытады: «Астанада төрт рет әлемдік діндер съезі өтті. Осы арада ойыма мына бір оқиға оралып отыр. Өткен ғасырдағы 5 жылға созылған сұрапыл соғыста немістер Еуропаның көптеген мемлекетінің ойранын шығарғаны белгілі. Бірақ Швейцарияға тиіскен жоқ. Себебі, бүкіл әлем қаржысы сонда жинақталған еді. Мен ойлаймын, жаман айтпай жақсы жоқ, бір қиын қыстау кезең бола қалса, біздің Астанамызды әлемдік діндер орталығы деп кие тұтатындар да табылады. Астанаға ешкім де қол көтере алмайды».

«Біреуге қарап пікір ет, біреуге қарап шүкір ет» - дейді халқымыз. Пікір етсек те, шүкір етсек те орынды. Ірілі-ұсақты кемшіліктерден де ада емеспіз. Бірақ, біраз дүние ойсырап жатқан тұста, бізде бәрі құдайға шүкір. Елбасы сөзімен айтсақ: «Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманын орындадық. Сол үшін біз зор бақыттымыз».

Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы.

Пікірлер (9)

• You are so cute.
[url=http://raptr.com/r4pg/about]r4pg[/url]

• An inneillgett point of view, well expressed! Thanks!

• I don't even know what to say, this made things so much eaesir!

• Whoever edits and pulbishes these articles really knows what they're doing. http://sfvqzl.com [url=http://bpaywrm.com]bpaywrm[/url] [link=http://tybfbrvsh.com]tybfbrvsh[/link]

• Absolutely first rate and cop-drpbottomee, gentlemen!

• A bit suerrispd it seems to simple and yet useful. http://pafdiqf.com [url=http://lejskkitmx.com]lejskkitmx[/url] [link=http://ruprso.com]ruprso[/link]

• A bit suerrispd it seems to simple and yet useful. http://pafdiqf.com [url=http://lejskkitmx.com]lejskkitmx[/url] [link=http://ruprso.com]ruprso[/link]

• A bit suerrispd it seems to simple and yet useful. http://pafdiqf.com [url=http://lejskkitmx.com]lejskkitmx[/url] [link=http://ruprso.com]ruprso[/link]

• Новогодние открытки вышивка крестом схемы Пазовые фрезы по дереву для ручного фрезера Платье лилия крючком схема Настройка карбюратора газель Knopfler get lucky vinyl Docx file converter free microsoft image О чём рассказ в шолохова судьба человека Схема водоснабжения микрорайона Недвижимость ставропольского края михайловск Курс доллара в кингисеппе Blaze media pro keygen indir Купальник 75g Схема вязания зайца амигуруми Опм банк рейтинг надежности Кончита все песни концерт видео Салфетка крючком квадратная схема для начинающих Пицца с морепродуктами и участница дом 2 Log horizon 20 x reader На майдане сейчас Образец заявления о переводе зарплаты на банковскую карту Онлапрограми для веб камери Схема битлз A christmas festival program notes And justice for all 320 descargar demos Натуральные uv фильтры Станция метро сокольники схема Схема для wifi сети дома Купить ассиметричную ванну
hi>