
Жұмабек Кенжалин
«Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасыЖұмабек Кенжалин - 1954 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданындағы Жданов атындағы колхозда туған. 1971 жылы Торғай облысы Арқалық ауданындағы Қайыңды орта мектебін бітірген соң, әскер қатарында қызмет етті, шаруашылықтарда жұмыс істеді.
1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тамамдаған соң, «Социалистік Қазақстан» {«Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1986— 1988 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды. 1990 жылдан «Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, ал 1994 жылдың қаңтарына дейін осы басылымның бас редакторы қызметін атқарды. 1996—1997 жылдары «Ақиқат» журналының бас редакторы, 1997 — 1999 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
1999 — 2006 жылдары «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының президенті, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, 2006 — 2009 жылдары «Ақиқат» журналының Бас редакторы, 2009 жылдың ақпанынан «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры — редакторлар кеңесінің төрағасы. Шығармалары республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүр.«Желкілдеп өскен құрақтай», (1988, «Өнер»), «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз» (1998, «Қазақстан»), «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» (2005, «Өлке») деп аталатын деректі әңгімелер мен эсселер кітаптарының авторы.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстан Республикасы Президент сыйлығының лауреаты (2006), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі — академигі (2001)
-
Жұмабек Кенжалин: ҰЯТ ШІРКІН УЫСТАН СУСЫП БАРАДЫ
«Өлімнен ұят күшті». Қазекең ұят ұғымын осылайша салмақтаған. Оның қадіріне осылайша жеткен. Осы бір қанатты қағидада пәлсапалық қатпарлы ойдың бүтіндей орманы жатыр бөгіп. -
Жұмабек Кенжалин: Ұлу жылы үмітімізді үкілесін
Алаш баспасөзінің қарлығашы саналатын «Қазақ» газеті өзінің алғашқы нөмірі шыға бастағаннан–ақ тікелей оқырмандарына арқа сүйеді. Соның мұңын мұңдады, жоғын жоқтады. -
Жұмабек Кенжалин: Киев медиафорумы: мүмкіндіктер марафоны
2009 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде Еуропа және Азия бұқаралық медиафорумы өтіп, онда ақпарат құралдары алдында тұрған елеулі мәселелер талқыланған еді. -
Жұмабек Кенжалин: Қажымайтын Қозыбаев
Қазақстанның ақпараттык кеңістігіндегі ахуалды осыдан 17 жылғы жағдаймен салыстыруға мүлдем келмейді. -
Жұмабек Кенжалин: ЖАҢАЛЫҚТЫ ЖЕТЕКТЕГЕН ЖИЫРМА ЖЫЛ
Үстіміздегі жылдың басынан «Ана тілінде» мақаламыздың тақырыбы- мен аттас айдар дүниеге келді. Оған не себеп? - Барлық блогтарды көру
