
Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ
Бас редакторлар клубының президентіКенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, 1951 жылы Қарағанды облысының Жезді қалашығында дүниеге келген.
Қарағанды политехникалық институтын және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін бітірген.
Ширек ғасырдан астам идеология саласында Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің БАҚ басқармасының бастығы, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы орынбасары, «Қазақстан» Телерадиокорпорациясы» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті, басқарма төрағасының кеңесшісі тәрізді түрлі сатылардағы қызметтерді атқарды. Қазір «Sunna.kz» ақпарат агенттігінің Бас директоры-бас редакторы.
«Жас астана жастардың көзімен» жастар байқауының, «Еуразия сақинасы» халықаралық жастар форумының, «Балалар - әлемнің ажары» атты «Балалық шақ досы» бірінші ұлттық байқауының ұйымдастырушыларының бірі. Ұлы Абайдың 150 жылдығын атап өту шеңберінде 178 шақырымды құрайтын «Семей-Жидебай» жаяу жорығын ұйымдастырушы әрі қатысушы. Батыс Тянь-Шанның Өгем сілеміндегі 4034 метр биіктікте орналасқан «Казахстанская правда» шыңын еңсеруге бастамашы болған және оның басына шыққан ең алғашқы азамат.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Бас редакторлар клубы» республикалық Қоғамдық бірлестігінің президенті. Публицист қаламгер. «Бұл жылдардың мен де бір куәсі..», «Мұратымыз: жер, ниет, ар тазалығы», «Время жить и творить», «Қазақстан-2030: болашақтың бағдаршамы», «Притяженье Родины», «Өткен күнде белгі бар» атты кітаптардың авторы.
«Құрмет» орденінің иегері (2006 жыл). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана» мерекелік медальдарымен, Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен, Бұқаралық ақпарат құралдары саласы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Алғыс хатымен марапатталған.
-
Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ: Ерлік пен елдік рухты үлгі тұтқан ұрпақпыз
Қазақтың үш ұлы Ақарыс, Жанарыс, Бекарысынан тарайтын ұрпақтың кез келгенінің тарихы даланың даналығы мен қаһармандығынан тұрады, әрі бұл – елдік пен ерлік рухтың арқасы. -
Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ: Байлығымыз – бірлігімізде!
Таяуда жеке қағаздарымды қарап отырсам көзіме бір хат түсті. Оны маған өткен ғасырдың сонау тоқсаныншы жылдары Ресейге көшіп кеткен жақын досым Евгений Близнюков жазыпты. -
Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ: Өркендеу кепілі – халық игілігіне сай еселі еңбек
Бір кездері Англияның премьер-министрі Уинстон Черчилль халық алдында сөз сөйлеп тұрып, кеудесін өз еліне деген махаббат кернеп, көңілін шарықтата: «Қанеки, өз борышымызды орындайық, бірігейік, егер Британ империясы әлі де мың жыл өмір сүрер болса, а -
Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ: Қазақ елі – халық арманының биік шыңы
Әр заман әркімнің алдына өз сұрақтарын қояды. Өмір, тәжірибе, мақсат та әртүрлі болады. Бірақ ел тағдырына қатысты мақсат айқын -
Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ: Сапалы білім – елдің қарқынды дамуының сара жолы
«Мәңгілік Ел» идеясы аясында біздің ілгері өркендеп, дамыған 30 елдің қауымдастығына нық қадам басамыз ба, әлде өткеннен жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба – ол Қазақстандағы адам капиталының сапалық өсуіне тығыз - Барлық блогтарды көру
