ЖАҢАЛЫҚТЫ ЖЕТЕКТЕГЕН ЖИЫРМА ЖЫЛ
04.10.2026, 15:13
Үстіміздегі жылдың басынан «Ана тілінде» мақаламыздың тақырыбы- мен аттас айдар дүниеге келді. Оған не себеп?
Себебі: сол – ұлт басылымы о бастан өзі тұсауын кескен күннен-ақ жаңалықтың жаршысы, жасампаздық істердің ұйытқысы болсам деген мақсат қойды! Өзі аты «Ана тілі» аталса, жазар тақырыбының ауқымы да осы туған тілдің төңіреген өрбитін мәселелермен өзектес болса, мұндай ниетті қоштамауға қандай қақымыз бар?
Бүгін қолыңызға алып отырған газет нөмірінің дайындалу, басылу, таралу үдерістерінде де жаңалық барын біліп отырғаныңыз жөн. Осыдан 20 жыл бұрын қаз тұрып, қадам басқан «Ана тілін» күні кешеге дейін Алматы баспаханасында басылып келсе, енді, міне, Ақтөбеден де басылып отыр. Демек, республикамыздың батыс облыстарындағы оқырмандарына жеткізу графигіне өзгеріс енді. Өзгеріс болғанда да алақайлап қол шапалақтайтын оң өзгеріс болды!
Енді ақтөбеліктер газетті «А – Полиграфия» баспаханасынан басылып шыққан күні оқитын болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы жанашырларымыз да «Ана тілі» бұрынғыдай Алматыдан апталап күтпейді, газет бір күннің ішінде бояуы кеппеген күні қолдарына тимек. Мұны, міне, ұлт басылымның тарихындағы айтулы бір оқиға, үлкен белес деп білген жөн.
Ежелден бір ақиқат бар: бір нәрсеге бір нәрсе түрткі. Олай болса, газеттің оқырманға жету қашықтығының анағұрлым қысқаруы енді оның таралу ауқымының ұлғаюына, жазылушылар қатарының көбеюіне игі әсер етеді деген үмітіміз бар. Бұл – негізі бар үміт.
Ал, нақты деректер не дейді? Айталық, былтырғы жылы газеттің Ақтөбеде 8280 оқырманы болса, биыл ол 9000 үстіне шықты. Атырауда өткен жылы 877 ғана оқырманымыз болса, биыл бұл көрсеткіш 3000-ға жетеқабыл! Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында да өткен жылмен салыстырғанда көп ілгерлеу бар.
Мұны айтып отырғанымыз оқырманмен одақтас болу оңай шаруа емес. Ежелден баспасөз тарату, жазылушылар аудиториясын ұлғайту менің әріптестерім үшін оңай науқан болмаған. Мұны, тіпті, сонау 20 ғасырдың басында дала демократиясының қоңыраушылары болған «Қазақ» газетінің, «Айқап» журналының таралу, оны оқырманға жеткізу үдерісіндегі тар жол тайғақ кешуінен айқын байқалады. Мәселен, «Айқаптың» тілшісі М. Кәшимов «Шымкент уезінде» (1912ж., №1) деген тақырыпта мақала жазып, баспасөзге жазылу сапарында көрген-білгенін әңгімеге өзек етеді. Ол қазақтың той дегенде бар дүниесін шашып, ысырап қалатынын, ал соның орнына «Айқапты» жаздыртуға келгенде, сараң бола қалатын ашына жазады. «Біз шымкенттік Қатқа баласы Ғабдылқадыр мырзамен ғақылдасып, орынсыз ысарап орынға төгіліп жатқан көп малдан Айқапқа» да жәрдем болмас па деп, қарекет қылып көрсек те милләт пайдасына, сауапты орынға пұлдың жолы берік көрініп, ешнәрсе өнбеді. Бірақ, әрқайсысы тұрған, жүрген, жолыққан адамдарға газет-журнал керектігі хақында көп сөз айтып, көп адамға «Айқаптың» әдрестерін жазып бердім. Өзіме өлең айта келген ахун молда Мансұр Құнанбай, Орынбай, Ысқақ ахундардан «Айқапқа» деп бір сом, жарым сомдарын алып қалдым. Зорлары ұқпағанда бұлардың ұғуына Алла разы болсын деп айттым».
Осы жағдайдың бір ғасырға жуық уақыт өтсе де қалпы өзгергенімен мазмұны сол күйінде екендігі ешкімге жасырын емес. Әлі де сол ел ішін аралау, үгіттеу, газеттің ұлт рухының жаршысы екендігін мың мәрте қайталау.... тағысын тағы тағылар.
Газеттің сапалы шығуы, әрине, қазіргі ұғыммен айтқанда оның менеджменті мен маркетингіне тікелей байланысты. Осы тұрғыдан келгенде «Қазақ газеттері» ЖШС-де және оған қарасты мерзімдік басылымдарда бүгінгі талап үдерістеріне сай бірқатар жұмыстардың атқарылғанын атап айтуымыз керек. Бұл мәселенің, әрине, серіктестіктегі ең негізі басылым саналатын «Ана тілі» ұлт апталығына тікелей қатысты.
Бір ақиқат бар: ол – «Ана тілінің» қоғамдық дамудың қай кезеңінде де уақытпен үндес болғандығы. Өткен ғасырдың 90-жылдары қоғамдық сананы дүр сілкіндірген демократия жаңғырығы газет беттерінде де қатталып жатты. Қазақтың өзін өзі тануы, кешегісі мен келешегіне ой жүгіртуі, қоғам өміріндегі терең мәнді өзгерістерді талғам таразысынан өткізе білуі секілді қасиеттерді бойына сіңіре білген азаматтардың жүрек лүпілі «Ана тілінде» өрнектелді. Өзге әріптестерімізді былай қойғанда қазақтың белгілі қаламгерлері Марат Қабанбай мен Жұматай Сабыржанұлының қалам сілтесі, мәселелерді ой елегінен өткізе білуі, жұтынған мақалалар жазуы қазақ журналистикасының өзіндік бір шеберлік мектебі болды десе де жарасады. Қазақ баспасөз тарихында өткен ғасырдың отызыншы жылдары Бейімбет Майлин ағамыз қазақ тұрмысын жазуда өзгелерге қалай үлгі көрсете білсе, Марат пен Жұматай да сол биіктіктен көріне білді!
Тәуелсіздік эйфориясынан соң нарықты экономиканың қақпқылы басталған соң редакция журналистері осы қиыншылықтан қалайша шығудың жолын тапсақ деп оқырманға үн қатты. Баспахана мен пошта тасымалының нарқы шығандап кетуі газет бағасына да әсер етті. Ел елде зейнетақы мен жалақыны айлап ала алмаған жұртшылыққа газетке жазыл деп ұрандаудың өзі буынсыз жерге пышақ ұрумен бірдей еді о заманда.
Редакция ұжымы бұл қиыншықтың да жолын таба білді. Ірі кәсіпкерлерді, мұнай өндіру мамандарын авторлыққа тартты. Олардың демеушілік көмегін қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мұқтаждарын шешуге арнады. Бірақ қиыншылық, тапшылық қаншама жерден алқымдады десек те «Ана тілі» өзінің о бастағы мәртебесінен, ұлт газетіне айналысам деген мақсатынан тайған жоқ. Ұлт рухын ұлықтайтын мақалалар, туған тіліміздің тағдыр- талайына қатысты дүниелер газет бетінен лайықты орын алып отырды. «Ана тілінің» аруы», «Жігіттің сұлтаны» деп аталатын халықтық, ұлттық тәрбиенің қайнар көздеріне жаңаша көзқарас қалыптастыруға үндейтін жобалар да, міне, осы тұста тұсауын кескен еді.
Ал бертін жаңа ғасыр басталған шақта газеттің де алдына жаңа міндеттер де қойылды. Осы 20 жыл ішінде редакция ұжымында ұрпақтар сабақтастығы дәстүрі берік сақталғанына айқын көз жеткізуге болады. Әр кезеңнің өз талабына сай қызметкерлердің де жазу сызу машығы шығармашылық шеберлігі мен мұндалап тұратыны айқын.
2006 жылдың тамыз-қараша айларында мен қызметтен ауысу ретімен осы «Ана тілі» газетінің бас редакторлығы міндетін атқарған едім. Сол айналасы үш-төрт айдың ішінде редакция ұжымы басшы біреу болғанда өзгелері тіреу бола алатындай жағдайда жұмыс істеді. Соның нәтижесі болу керек, басылым бетінде оқырман қауым есінде қалатындай мақалалар жарыққа шықты. Қазір газет тігінділерін қарап отырсақ Ғ. Қабышұлының «Рысқұлбековтың ақтық сөз-өлеңін жазған Шәріпжанов кім?» (7 қыркүйек 2006ж.), Ж. Игісіннің «Іс үстіндегі қиындықтар» (14 қыркүйек 2006ж.), Ш. Біләлдің «Тіл білімі институты әлі күнге ескіше жұмыс істейді» (22 қыркүйек 2006 ж.), Г. Сейсенбайдың «Журналист Гербер Желтоқсан көтерілісін мойындамау арқылы не демекші?» (19 қазан 2006ж.), М. Шүйіншалиннің «Ендігі ұран: ұлтсыздықпен күресейік» (9 қараша 2006ж.) деп аталатын материалдары өзінің өзектілігі жағынан оқырман қауымның айрықша назарын аудартқаны сөзсіз.
Қазір «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серктестігінің құрамындағы «Ана тілі» газетінің ұжымы жаңа шығармашылық белес үстінде деп айтар едік. Мәселенің мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелкей өзі қолға алып отырған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға байланысты туындайтын міндеттердің мүлтіксіз орындалуына үлес қосу ұлт апталығы «Ана тілінің» бірден бір парызы болмақ. Осы орайда зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел басындағы сұхбаттар, ғылыми тәжірибелік конференциялар, фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастыру секілді жүйелі, мақсатты жұмыстар атқару күн тәртібінде тұр. Ал мұндай міндеттерді орындауға редакция ұжымының шығармашылық-интелектуалдық қуаты молынан жететініне күмән жоқ.
- Tweet

Пікірлер (12)
This is way more helpful than aynhting else I've looked at.
Articles like this are an example of quick, helpful aneswrs.
Bd7FRf wzvridttxnoe
34Uc2k , [url=http://uvouinnshecp.com/]uvouinnshecp[/url], [link=http://olsantwilebn.com/]olsantwilebn[/link], http://zdqifxpfikfb.com/
Shiver me tmibres, them's some great information.
g8WG3V xohvuwqgvhoj
NB27nX , [url=http://iqlullyfkcqg.com/]iqlullyfkcqg[/url], [link=http://zzegwajcuswn.com/]zzegwajcuswn[/link], http://laudaahllpma.com/
PSd39d xtxfyhtvtkfb, [url=http://iqwcictvhdfz.com/]iqwcictvhdfz[/url], [link=http://aaotbukqlowz.com/]aaotbukqlowz[/link], http://ahsxibddzjkb.com/
Reading this makes my desnciois easier than taking candy from a baby.
What a plesruae to meet someone who thinks so clearly http://wxkucez.com [url=http://nvyzwfj.com]nvyzwfj[/url] [link=http://swbgkuldr.com]swbgkuldr[/link]
I really wish there were more artclies like this on the web.
That saves me. Thanks for being so seilsbne! http://acicrfiq.com [url=http://vvahvqrewkk.com]vvahvqrewkk[/url] [link=http://mjafxluxt.com]mjafxluxt[/link]
Оставить комментарий