|
Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекулы
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті
Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлы 1964 жылы 1 шілдеде Семей облысы Аягөз ауданы Тарбағатай селосында туған. 1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түскен.
1986 жылы университетті тәмәмдағаннан кейін Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетіне аға тілші ретінде қызметке қабылданған.
1989 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып тағайындалып, 1997-2000 жылдар аралығында осы басылымның астаналық тілшілер қосынының меңгерушісі болды.
2000-2005 жылдар аралығында тәуелсіз журналист ретінде қызмет етті. 2006-2010 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ізденушісі болды. 2011 жылдың мамырынан 2013 жылдың мамырына дейін республикалық «Әділет БАҚ МЕДИА» газетінің меншікті тілшісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір ұлттық «Әділет» апталығының редакторлар Кеңесінің төрағасы, сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті.
Мұратбек Балқыбекұлының материалдары республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады. 500-ден астам мақала, очерк, корреспонденциялардың авторы.
М. Тоқтағазин республикалық «Қазақстан Республикасы астанасының үздік журналисі», «Асыл сөз құдіреті» конкурстарының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты.
«Деректілік пен көркемдік»,«Ақмола үшін айқас»кітаптарының авторы,«Әйгілі Әзаға», «Бекзат болмыс», «Әзілхан Нұршайықов және қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелері», «Бүтін бітім» (авторлар құрамында) жинақтарының құрастырушысы.
ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық Акпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі), Халықаралық Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының, Халықаралық ақпараттық бірлестіктің, Бас редакторлар клубының мүшесі, ҚР Бас редакторлар клубының вице-президенті, «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің, Халықаралық М.Шолохов атындағы және Әзілхан Нұршайықов атындағы медальдардың иегері.
|