«ТВК- 6» Медиа-холдингінің ерекше үлгідегі игі жобасы
17.04.2014, 10:00
Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 15 мыңға жуық соғыс өтіпті. Бірақ солардың ішінде ауқымы, алапаттығы мен құрбандықтары жағынан ең жан түршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі - Ұлы Отан соғысы болды.






