Жершілдіктің құрбаны
04.12.2026, 12:33
ХХ ғасыр басындағы этнопедагогика негізін салушылардың бірі, журналист, қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанова
бүгін неге жоқтаусыз қалды?
Алашорданың астанасы болған Семей жерінде Алаш арыстарына арналған мұражай бар. Оның өзі Ә. Молдабаев атты азаматтың жеке үйінде қоныс тепкен. Мұражай экспозициясы М.Әуезовтің Семейде өмір сүрген кезеңін қамтып қана қоймай өткен ғасырдың басында өмір сүрген қоғам қайраткерлерінің өмірінен сыр шертетін құнды деректерімен танымал. Міне, осы мұражайда ХХ ғасырдың басында этнопедагогиканың негізін салушылардың бірі, журналист, қоғам қайраткері, қазақ әйелдерiнен шыққан тұңғыш ғалым Нәзипа Құлжанова мен оның күйеуi Нұрғали Құлжановтың суреті бар екен. Бұл әрине, бағасыз құндылық. Бұл фотоның бір данасы Ұлттық мұражайда, Ұлттық академиялық кітапханада тұрса да маңдайымызға тар келмес еді.... Әттең! Әуезов бейнесінің тасасында еленер - еленбес болып жатқан тарихи жәдігер!
Сонымен, 1887 жылы Торғай жерінде жарық дүние есігін ашып, 1934 жылы бақилық болған Нәзипа Құлжанова кім еді?
Қазақ халқы екіге бөлініп, «ақ» пен «қызыл» болып текетірес түскен заманда Алашордашылар сапында қайраткерлігімен көзге түскен Нәзипа Сағызбайқызы Құлжан немересі ел қамы үшін күрескен дара тұлғалардың бірі. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Ұлтжанды, қайсар қыз өзінің алған білімін өзгеге үйретпек ниетпен 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық қызметін бастаған. Осы кезеңде қазақ әдебиеті тарихына өшпес із қалдырған ізденімпаздығы арқасында этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазады.
1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. Тіпті, 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырып, жыр мүшәйрасының көрігін қыздырған тұңғыштардың қатарына да енді. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кештер де ұйымдастырады.
1917 жылы Семей облысы қазақ съезінің төралқа кұрамына еніп, 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару, баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның құрамында жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөнінде үлес қосты, тер төкті. Міне, осы саладағы ерең еңбегі үшін Нәзипа Құлжанова ХХ ғасыр басындағы этнопедагогика негізін салушылардың қатарына енді, бірақ ҚР Білім министрлігі тарапынан бұл жасалған жұмыстары елеусіз, ескерусіз қалып отыр.
Алмағайып заманның өзінде Ахмет Байтұрсынов, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтармен бірге этнопедагогикалық ой-пікірлер айтып, қазақ жеріндегі жаппай сауаттандыру процесіне орай қоғамдық пікірді қалыптастырған тарихи тұлға. Ұзақ жыл окытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар да жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты жинағы. 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылып шығады.
Нәзипа Сағызбайқызы қазақ баспасөзіндегі тұңғыш әйел журналистердің бірі. Сонау 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мүшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы « Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалаларын үздіксіз жариялап отырған. Көпке ой салар тұщымды, танымдық мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде жарияланып тұрыпты.
Сонымен қатар, Н.Құлжанова қазақ әндерінің нотаға түсуіне көп көмек көрсеткен. Ол кісі Е. Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жаздырған. Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалім болып жұмыс істеген жылдары халқымыздың тарихына, ауыз әдебиетіне, тұрмыс-салтына қатысты көп деректер жинаған танымал ғалым.
Иә, қазақ қыздарының ішінен суырылып шығып, ХХ ғасырдың басында Алашордашыл арыстарымызбен тізе түйістіре ел игілігі үшін еңбек еткен көзі ашық, санасы ояу Нәзипа Құлжанованың есімі бүгін неге ескерусіз қалды деген сұрақ міне, осындайда туындайды?!
Сонымен, жоғарыда айтып өткеніміздей ұлтжанды қайсар қыздың атымен Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласында Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жұмыс істейді. Бұл әрине құптарлық жайт, Нәзипаның туған жеріндегі бір колледжге оның аты беріліпті. Бірақ, өкініштісі республикалық деңгейде мақтануға тұрарлық қазақ қызының есімімен бұдан басқа аталған бір мектеп не бір көше, балабақша да жоқ!
Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі жоқтаушысы болар тарихи тұлға Нәзипа Құлжанованың журналистік еңбек жолы әлі күнге дейін зерттеушісін күтуде. Әлі күнге дейін мемлекеттік тапсырыс негізінде Нәзипа Сағызбайқызы Құлжан немересінің өмірдерегі, зерттеулері бір кітап болып шыққан емес!
Бұл дегеніңіз масқара ғой, қазақта айтады «өлі разы болмай, тірі байымайды» деп. Бұл бос сөз! Халқы үшін азғантай ғұмырында елеулі еңбек еткен қайсар қыздың кітабын шығаруға «қаржысы жетпей» жататын ақпарат министрлігінің тапсырмасымен жыл сайын тендерлер өткізіледі, жылда белгілі бір, көзі тірі, өзі биліктің құлағында отырған марқасқаларымыздың жинақтары том-том болып шығып жатады. Нәзипа Құлжанова сынды тарихи тұлғаларға келгенде «қаржылық дағдарыс» басталып кететіні түсініксіз. Сол баяғы жабулы қазақ жабулы күйі қалып отыр.
Мың болған Сейітқазы Матаев басқаратын Қазақстан Журналистер Одағының атынан танымал журналистерге Нәзипа Құлжанова атындағы атаулы сыйлық жарияланған. Одан басқа танымал қоғам қайраткерінің атындағы бір институт немесе бір марапаттауда жоқ. Тіпті, Н.Құлжанова жұмыс істеген «Егемен Қазақстан», «Ақиқат» сынды республикалық басылымдар өткен жылдары өзінің жүз жылдық мерейтойларын өткізгенде неге Нәзипа Құлжанова атындағы журналист қыз-келіншектер арасында арнайы байқау ұйымдастырмады?
ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист Құлжанова Назипа Сағызбайқызының есімі неге Астана қаласындағы бір мектепке берілмеске! Бұл орайда Білім министрлігі неге қам-қарекет жасамай отыр?!
Қазақстан оқу комиссариаты тәрбие бөлімінің арнайы тапсырысымен жазылып, 1923 жылы жарық көрген «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты Нәзипа Құлжанованың кітабы сауаттандыру саясатында орыны бөлек тарихи жәдігер. Тура осындай оқулық жазған Макаренколарыңыздың сөзіне де, суреттеріне де отандық барлық мектепте орын берілген, ал қазақтың қызына келгенде неге кежегеміз кері тартады?! Әлі де болса сол біреу әкеп беретіндей бір жаққа елеңдеп отырғанымыз.
Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек» деп қолбаңбасын қалдырған екен, олай болса сол кездің өзінде Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелеп бергенде туған елі, қазақ халқының өзін жоқтаусыз қалдырарын сезді ме екен?! ХХ ғасырдың басында «балабақша» деген ұғымды ел арасына сіңдіріп, дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына елін сендіре білді. Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін осынау оқулығында мысалға алып, Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп бейнелеп көрсеткенде өз есімінің республика аумағындағы бірде - бір балабақшаға берілмесін сезді ме екен?!
Жалпы, қазақ халқы біреуді мақтауға, оның ішінде қазақты мақтауға келгенде кежегесі кері кетіп, өлілерден гөрі тірі «құдайларға» бас ұрғанды пайда көретін қалыпқа ене бастады. Оның өзінде «шашы ұзын, ақылы қысқа» әйел адамдарды насихаттауға келгенде мүлдем шық бермес нағыз шығайбаймыз. Әйтпесе, қазақ тарихына есімдері алтын әріптермен жазылар Сара Есова, Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Шолпан Иманбаеваларды кім зерттеп жатыр? Бүгінгі әңгімеміздің басты кейіпкері болған Нәзипа Құлжанова туралы қысқаша деректерден өзіңіз көріп отырғандай ер азаматтармен қатар ел игілігі үшін ерен еңбек еткен қарылғаштай қайсар қыздың бейнесі бар, ал ізі неге жоқ?!
Құдайдан безген Жанна Д Аркты француздарыңыз құдайдан әрі жарнамалап, ұлт батыры етіп отыр. Біз ше?! Қызымызды құрметтеп, анамызды ардақтай алдық па?! Кешегі ел бірлігі үшін қан төккен Томирис патшайым, Айғаным бейнесі неге айтылмайды?!
Нәзипа Сағызбайқызы Құлжан немересі өмір сүрген 47 жылдық ғұмырында елі үшін ерен еңбек етті, ал ол үшін елі не істеді?
Әй, қайдам, қазақтың түбіне жеткен жершілдік тұрғанда Нәзипаның биографиясы да, географиясы да келмей тұр-ау, ешқандай министрліктің құзырына. Әйтпесе, дәл осындай қайталанбас тұлға жоқтаушысыз қалар ма еді?!
- Tweet


Пікірлер (13)
h5KUaN vwkfwuxtxzcq
You've got it in one. Couldn't have put it bteetr.
Бугин БАК корме фестивалинде ЕНУдын бир топ казах студенттери сыртынан билетин апайымыз гой. бугин пиар туралы айтар деп барып едик, аграрканын орыс тобымен сойлескен куйи кетип калды. Казах тобынын студенттерине бурылып карамаган да апай калай Жершилдикпен куресе калган? Негизи пииар менеджмент туралы орыс топка айткан ангимеси оте кызык болды. бирак тек орысша гана....
Алия дурыс жазып отыр. биз сосын пиар деген создин казахшасынын неге жок екенин шамаладык та кери кайттык. Бирак корме жаксы отти. Бибигуль апаймен фотога тустик
Осы апай жылда "Шабыт" фестивалін өткізіп жүрген жок па? Бәсе, жылда неге жүлде тек телеарналарға ғана беріледі десем, пиарщик екен гой.Оларга тек телеарналар гана унайды, газеттерге мұрын шүйіріп қарайды...
That kind of thniikng shows you're on top of your game
lbZrxq , [url=http://gdpoykrweyda.com/]gdpoykrweyda[/url], [link=http://xumensohgfyy.com/]xumensohgfyy[/link], http://iomivtavljdj.com/
That insight sloves the problem. Thanks!
emV0FE nxoedhsrexjt
Impressive brain power at work! Great asnewr!
At last! Soomene with the insight to solve the problem!
Woah nelly, how about them appels!
KnqAdP dmazqdesopmx, [url=http://ucwgqlujcdps.com/]ucwgqlujcdps[/url], [link=http://umfvbwnqbiuw.com/]umfvbwnqbiuw[/link], http://runzjgamewcc.com/
Оставить комментарий