Тарихи тұлғаларды даралай білейік

04.12.2026, 12:33

«Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген емес пе еді, халық даналығы. Осынау аталы сөзді жадында ұстаған біздің қазақ халқы да әрдайым ардақтысын аялап, құрмет еткен. Бірімізге-біріміз Мәке, Жәке деп ілтипат көрсетіп жататынымыздың өзі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен кішіпейілдігіміздің белгісі іспеттес. Дегенмен, соңғы жылдары осынау бір ұлттық сипатқа ие дәстүрімізден алшақтап бара жатқандаймыз ба деген өкінішті пікір де ел арасында жиі белең алып жүр.

Қаладағы бір даңғылды Кенесары мен Абылайхан бабаларымызға қаққа бөліп бергеніміз де оншалықты құптарлық жай емес. Оның үстіне бір көшемен келе жатып, екінші даңғылға түсіп кеткенін білмей адасып жүргендердің азабын да ескеріңіз. Тура осы жағдай ұлы ақын Абай Құнанбаевпен бір көшені бөліскен Шәкәрім Құдайбердіұлы, Республика даңғылы мен Біржан сал көшесінде де жалғасын тауыпты. Есесіне, «Шырайлым», «Арайлы», «Шиелі», «Ақ маңдайлы», «Бетегелі», «Маралды», «Белкөпір» деген мән-мағынасыз аттарға ие болған көшелер де бар.

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, іргелі ел екендігімізді көрсетіп ел ордамыздан баһадүр батырларымыздың, ұлы тұлғаларымыздың бейнесін еске салып тұратын ашық аспан астындағы бір тарихи орталық неге ашпасқа. Бұл игі бастаманы жүзеге асыруға «Атамекен» этномемориалдық кешенінің қасындағы бос жатқан алаңқай өзінен-өзі сұранып тұрғандай...

Ұлыларын ұлықтап жүрген шет елдерден кім бар деп маңайымызға қарасақ та болады. Сұлулықтың Отаны саналар Парижде тарихи ірі тұлғаларын дәріптеу үшін арнайы саябақ бой көтеріп, туристер жиналып ұлыларға тағзым етер орталық қоныс тепкен.

Осындайда есіме еріксіз Абай мен Құнанбайдың арасындағы әке мен баланың, сұлтан мен ақынның арасындағы келіспеушіліктер туралы ел арасында алып-қашпа әңгіме көп. Ең бастысы «Құнанбай қазақ халқының ірі тарихи тұлғасы, оның басқа еңбегін былай қойғанда тек Абайдың әкесі және ел басқарған сұлтан ретінде ардақтауымыз керек» дер едім. Міне, осындайда «бір бала әкеден аса туады, енді бірі жете туады» деген аталар даналығына тағы тәнті боласың. Жазушы – ғалымдарымыздың құдіретті қаламының арқасында біз Құнанбайдың сұлтандық образын болашақ ұрпаққа жеткізу жағын дұрыстап қолға алар уақыт келді дер едім. Рас, кешегі кеңестік саясаттың кесірінен Құнанбай туралы жағымсыздау образ қалыптасты.

Орнында бар оңалар деп, сұлтан образының тағы бір қырын түзейтін кезіміз келді емес пе? Сонымен қатар, Меккеден арнайы салдырған Құнанбай мешітін де қайта өңдеуден өткізіп Қазақстанның сондағы бір рухани орталығына айналдыру туралы іс-шараларды қолға алу керек. Бұған әрине, кетер қаржының көлемі қомақты, сондықтан да аспаннан «шұға жауар» күнді күтпей мемлекет тарапынан қолдау көрсетілеріне ел де сенімді.

Келесі бір тарихи тұлғамыз ол Египетті билеген Сұлтан Бейбарыс бабамыздан жеткен жәдігеріміз – Кайрдегі оның мол мұрағаттар жиналған кітапханасы мен медресесі де өзіміздің көк байрақты елімізден жәрдем сұрағандай. Дамаскідегі Әл-Фараби бабамыздың мүрдесі жатқан мазар да күрделі жөндеу жұмыстарын қажетсініп тұр. Ғұлама ғалым, есімі әлемге танымал ойшыл Әл-Фараби бабамыздың рухын асқақтатып, елдігімізді көрсетіп неге басынан бір тәу етер орталық ашпасқа. Өзгелерге іргелі ел екенімізді көрсетіп, өткенімізді ескеріп, өшкенімізді дәріптесек қана біз мыңдаған жылдық тарихы бар мемлекет екенімізді баршаға дәлелдейміз.

Бұл орайда атқарылар істерге мұрындық болмақ қайырымдылық жұмыстарының тағы бір көрінісі, жақында «әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс» атты қоғамдық қор құрылды. Осы қордың алдына қойған негізгі бағыт-бағдары қандай болмақ деген тақырыпқа келгенде тағы да тоқырап қаламыз.

Бұл игі бастамаға қолдау көрсеткен кәсіпкерлердің бір тобы тез арада жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетуге ынта танытып отыр екен, тек оған ел болып қолдау көрсетсек болғаны...

Жұмыр жер бетіндегілердің бәріне Темір леди есімімен танылған Маргарет Хилда Тэтчердің ықпалы мен даңқының асқақтауы осынау мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттің беделдісін орынды бағалай білген көшпелі ел екендігінің белгісі.

«Менің әкем Альфред Робертс үнемі жақсы жұмыс істеу керек» дейтін қағиданы алға тартқан Маргарет Тетчердің есімі оның экономикалық даму бағытында өз елі үшін жасаған еңбектерімен де ұштасып жатыр. Муниципалды тұрғын үйлерді жаппай салу және оны әділ бөлу арқылы ел ішінде беделге ие болған Темір леди туралы ел аузында «Ұлыбританияның екі қазынасы бар: бірі мұнай, екіншісі Маргарет Тэтчер» деген қағида өзге елдер үшін кісілік пен кішіліктің белгісі сынды.

 Ал, Еуропаны аузына қаратқан Темір леди Маргарет Тэтчердің өзі билік еткен 12 жыл бойы «ел аузына қараған билік иесі болғаным әкемнің берген тәрбиесінің арқасында» деп қарапайым ғана сауда адамы болған өзінің әкесін хан көтеріп сыйлаған.

Біздегі кейбір жұлдыздар болса «менің тұқымымда мендей ірі адам болмаған, түсімде ана әулие аян берді, мына әулие батасын берді» деп өздерінің ерекше тұлға екендігін жарнамалаумен әуре. Мұндайлар туралы «көкек өз атын шақырады» дегендей... Сондықтан да, Маргарет Тэтчердің мысалындай «Біздің қазақ халқының басты байлығы ол – біздің дара туған тұлғаларымыз және мұнайымыз бар», деген қара алтынды игеруден түскен қаржының белгілі бір бөлігін тарихи тұлғаларымызды дәріптеуге бөлсек деген ұсыныс бар.

  • Tweet

Пікірлер (12)

  • So that's the case? Quite a rveelaoitn that is.

  • The honesty of your posting snehis through

  • O5Ix3o , [url=http://koqotkfkncqc.com/]koqotkfkncqc[/url], [link=http://kwtlxuolevmb.com/]kwtlxuolevmb[/link], http://pupzifofjngf.com/

  • Pleasing to find soemone who can think like that

  • XbdIA6 , [url=http://hnwmrawhzoef.com/]hnwmrawhzoef[/url], [link=http://ytotvbmxdzxs.com/]ytotvbmxdzxs[/link], http://ukddchqwtyun.com/

  • қазақтарда ондай орталық слау мүлдем мүмкін емес! Өйткені біздегі жершілдікті былай қоғанда рушылдықтың өзі кедергі болады, сондықтан жүзеге аспайтын ой гой...

  • Kwwytz , [url=http://yuuxivxcpqve.com/]yuuxivxcpqve[/url], [link=http://tnvnjuvcoqgy.com/]tnvnjuvcoqgy[/link], http://gnbdrniwoxwn.com/

  • puEKTt ynkargubcnmr

  • DYOD2d obrklydlgmur

  • CSkNbO , [url=http://nfqkvlezehel.com/]nfqkvlezehel[/url], [link=http://relzreyfjrhl.com/]relzreyfjrhl[/link], http://lsbsvncrhjbd.com/

  • Big help, big help. And surpaeltive news of course.

  • Clear, infromative, simple. Could I send you some e-hugs?