Дін тақырыбына жазудағы журналистердің міндеттері
02.05.2013, 17:01
Сөзімді данышпан Абайдың мына бір жыр жолдарымен бастауды жөн көріп тұрмын:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
"Мені" мен "менікінің" айрылғанын.
"Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,
"Мені" мен "менікінің" мағынасы - екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі.
Ұлы ақынның жыр жолдарын кездейсоқ келтіріп отырған жоқпын. Кеңес үкіметі тұсында эволюциялық ойлаудың дарвинизм бағыты баса насихатталғаны баршамызға мәлім. Кейіннен бұл «теориясымақ» сынға ұшырағанынан да хабардармыз. Ал Абай атамыздың жыр жолдарынан шығатын қорытынды Алладан берілген жан, яғни "мен" дегені өлмейді, не жұмақта, не тозақта о дүниеде мәңгі өмір сүреді. Ал, "менікі" делінген тән өліп, шіріп, топыраққа айналады.Өздеріңіз білетін физика ғылымындағы "Энергияның сақталу, айналу заңы" да осыған негізделген.Яғни жоқтан бар пайда болмайды,бар жоғалып кетпейді-ол бір күйден екінші күйге айналады.
Осы орайда еліміздегі есімі белгілі ғалым,профессор Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мына пікірі ерекше құнды дер едім: «Алла Адамды топырақтан жаратты, кез келген өлген адам тәні де қайта топыраққа айналып отырады. Демек, адам өлгеннен кейін, оның тәнін жеген құрттар жер бетіне шығып, топыраққа айналса, оған шөп шығып, соны мал жесе, адам тәнінің де мүлде жоқ болып кетпегені, қайта топыраққа айналып, оған шөп шығып, қайтадан тіршілікке үлес қосып жатқаны, демек энергияның мүлде жоқ болмауы, сақталуы, басқа түрге айналып отыратыны дәлелденбей ме? Алла адамды оң жолға итермелейтін періштені де теріс жолға азғыратын шайтанды да қоса жаратты. Періште: "Арақ ішпе, ұрлық істеме, жалған сөйлеме" дегенді тікелей сыбырламаса да, соған тілектес болады. Ал, шайтан болса: "Арақ іш, ұрлық істе, зина қыл" - дегенді тікелей естіртіп айтпаса да, соған ниеттес болады. Пейілі оң адам араққа да, параға да жоламайды, пейілі теріс адам түрлі сылтау тауып алып, параны да алады, ұрлық та жасайды».
Дін тақырыбына жазу бір қарағанда оңай-оспақ болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде ол мүлде олай емес. Оқырмандардың санасын селт еткізетін мақала жазу үшін олардың көкейіндегі «қышыған» жерді дөп баса білген жөн. Қарапайым тілмен айтсақ журналистің жазғандары кез-келген адамға түсінікті болғаны абзал.
Осы орайда ең бірінші айтпағым, имандылық тақырыбына қалам тербеудің маңызы зор. Өйткені имани-рухани тәрбие, ғылыми-ағартушылық мазмұндағы үгіт-насихат әрқашан өзектілігін жойған емес. Иманды адам ешқашанда қоғамға жат әрекеттерге бармайды. Жүрегіне иман нұры ұялаған жан адал жүріп, адамгершілікті ту етіп көтереді. Журналист әріптестеріміз осы тұрғыда көбірек қалам тербесе нұр үстіне нұр болар еді. Оған қол жеткізудің бірден-бір жолы нақты объектіні қапысыз таба білу. Яғни өмірі өзгелерге үлгі боларлықтай, жүзінен иман нұры төгіліп тұрған, кісі баласының ала жібін аттамаған текті тұлғаларды тақырып өзегіне айналдыру. Ондай арлы,атпал азаматтар елімізде аз емес. Соларды таба білу қажет. Әрі оны сәтті пішінмен (форма),өзгелерді қайталамай,төгілдіріп,жұтындырып жазғанға не жетсін.
Екінші бір өзекті тақырып дәстүрлі дінімізді ерекше білгірлікпен,талдап,қарапайым адамның санасына жеткізуде майдан қыл суырғандай етіп шеберлікпен жаза білу,жеткізе білу. Біздің елімізде ханафи мазхабын ұстану заң түрінде белгіленген екен, демек осы тұрғыда терең ізденіп нақты дәйек-деректермен,мысалдармен неге індете жазбасқа. Жат ағымдардың қоғам өміріне дендеп енуіне тосқауыл қою – әрбір журналистің азаматтық парызы. Өйткені мұндай әрекеттер қоғам өміріне келеңсіздік әкеліп,жік-жікке бөлінушілікке бастап қана қоймай, жастарымыздың бағыт-бағдардан адасуына да апарып соқтырады.
Үшінші бір ескерер жайт, бәзбіреулер исламды құбыжық қылып көрсетіп, «Ислам қаупі» деген ұғымды тықпалап, әртүрлі керітартпа ағымдарды адамдардың санасына сіңіруге ұмтылып жүргенін ұмытпауымыз керек. Кейбір басылымдарға қарап отырсаңыз «экстремизм», «терроризм» сынды терминдерді ислам дінінің синонимі ретінде қарастыруға ұмтылушылық пиғылды аңғару қиын емес. Журналистер осындай пасық әрекеттерге нақты тосқауыл қоюмен қатар,ондай арам ниеттілердің бет пердесін ашуы,әшкерелеуі қажет. Ислам бейбітшілікті көздейтін дін екендігін, оның адамдарды имандылыққа, адамгершілікке,бейбіт өмірге шақыратындығын нақты дәлелдермен төгілдіре жазғанға не жетсін. Ислам құндылықтарын терең бағамдау үшін осы тақырыпты қаузап жүрген әріптестеріміз оны талмай, ұдайы,жүйелі түрде зерттегені жөн болар еді.
Төртінші бір ескеретін мәселе қаламдастарымыз елімізге белгілі имамдардың әсерлі,мазмұнды уағыздарын өз материалдарында сәтімен кәдеге жаратып отырса. Әсіресе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаған әдебиеттерді жүйелі түрде қолданып, осы басқарманың жанынан ұйымдастырылған сайттарды жіті бақылап,зерделеп отыру ауадай қажет. Өйткені қазіргі жамағатты құрғақ сөзбен иландыру мүмкін емес. Олардың санасын селт еткізу үшін әрбір журналист нақты хадистерге жүгініп, ислам ғұламаларының айтқандарын нақты басшылыққа алғаны абзал. Сонда ғана жазылған мақала кез-келген оқырманның көкейіне қонады,санасына сәулесін себелейді.
Бесінші, дін – жақсылықтың жаршысы. Әсіресе ислам дініндегі адамдарды имандылық жолына,кіршіксіз адами қасиеттерге тәрбиелеуге арналған үгіт-насихат тұжырымдарын жеке-жеке тақырыптарға бөліп алып, сериялық мақалалар жазған журналист оқырмандардың қошеметіне бөленері анық. Елбасымыздың: «Көптеген кезеңдерде дін халықтық даналықтың, мәдениеттер мен дәстүрлердің сақтаушысы болып келді», – деген сөзінде терең мән жатыр. Біле-білсек асыл дініміздің арқасында кеңестік кезеңнің өзінде ұлттық құндылықтарымыз жоғалып кетпей бүгінгі ұрпаққа аман-есен жетті. Тәуелсіздікке қол жеткізілгеннен кейін елімізде ата дініміздің құндылықтары кеңінен насихатталып ел игілігіне айнала түсті. Бүгінде жастарымыз имандылыққа жаппай бет бұра бастады. Ал әлемде рухани құлдырау тенденциялары етек алып бара жатқанын еске алсақ, имандылыққа бетбұрыстың қоғам өміріне қаншалықты шапағатын тигізіп отырғандығын аңғару қиын емес.
Түйіндеп айтсам, баспасөз бетінде дін тақырыбында қалам тербеу әрбір журналистке зор жауапкершілік жүктейді. Бұл жерде «екі шоқып, бір қарау» аз, «жеті рет өлшеп, бір рет пішкен жөн». Сіздердің осы талап деңгейінен көрінетіндіктеріңізге сенемін. Қаламдарыңыз хас жорғадай тайпала берсін, сіздерге шынайы шығармашылық табыс тілеймін. Еліміздің гүлденуіне,ұлтымыздың өркендеуіне қосар еңбектеріңіз жемісті болсын! Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет !
Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН, ҚР Бас редакторлар клубының вице-президенті, Л.Н.Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты
- Tweet


Пікірлер (11)
I'm not wothry to be in the same forum. ROTFL
I really col'ndut ask for more from this article.
At last! Something clear I can untedsdanr. Thanks!
You're on top of the game. Thanks for shirgna. http://cffdttrmib.com [url=http://uyyitvum.com]uyyitvum[/url] [link=http://gpvsvxm.com]gpvsvxm[/link]
No more s***. All posts of this quatliy from now on
For the love of God, keep writing these arsitlec. http://tuzssnccq.com [url=http://yuzxtqqpzn.com]yuzxtqqpzn[/url] [link=http://uaberplvwyd.com]uaberplvwyd[/link]
Real brain power on dilsyap. Thanks for that answer!
Super inmafrotive writing; keep it up. http://perwuhujkgu.com [url=http://apciuhxwrd.com]apciuhxwrd[/url] [link=http://xaddocnm.com]xaddocnm[/link]
Great insight! That's term life insurance quotes online bestlifeinsurpolicy.com for. looking been the health insurance comparehealthinsur.com What is the chapest health insurace answer we've caution levitra heliomeds.com discount levitra online
Just what the doctor thankity free health insurance quotes comparehealthinsur.com after cancer health insurance bestlifeinsurpolicy.com heliomeds.com you! ordered,
While QuotesChimp may be unable to prevent death or abolish taxes, we can control the cost of insurance and become empowered consumers simply by understanding how insurance works.
Оставить комментарий