Қазақстан – 2013: нәтижелер мен басты оқиғалар

28.12.2013, 12:07

Дүниеде ешкімге бағынбайтын бір нәрсе бар. Ол – уақыт. Өмірдегі болып жатқан барлық жағдайларға шынайы түрде төрелік жасайтын да осы уақыт. Уақыт таразысынан келсек, көшкен селдей, ескен желдей өмір өтіп жатыр. Мінеки, жаңа ХХІ ғасырдың алғашқы мүшел жасын – 2013 жылды шығарып салғалы отырмыз. Олай болса, осы жылда неге қол жеткіздік, не нәрседен ұпай жіберіп алдық, неден ой түйдік деген сауалдардың төңірегінде әңгіме өрбітсек, артық бола қоймас.

Осы ретте жыл басы Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің журналистер қауымымен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауымен ерекшеленгенін атап өткен жөн. Бұл және кездейсоқ емес. Ел Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қазіргідей күрделі кезеңдегі біздің бағыт-бағдарымыз. Сондықтан бұл бағдарламаны халыққа түсіндіруде, оны іске кірістіруде ақпарат саласының маңызын ескере келе оның жұмысын қайта құруға 2013 жылы түбегейлі бетбұрыс жасалды десек қателеспейміз.

Өтіп бара жатқан жыл отандық өндірістің шикізаттық емес өнімдерінің молынан шығарылып, сұранысқа ие бола бастауымен есте қалады деуге де негіз бар. Үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаның орындалуы барысын сараптау бағытында екі мәрте өткізілген жалпыұлттық телекөпірде бұл толық аңғарылды да. Мәселен, ағымдағы жылы алғаш рет пайдалануға беріле бастаған отандық локомотивтерге сұраныстың өзіміздің тараптан ғана емес, жақын және алыс шетелдер жағынан да артуы соның бір жарқын дәлелі іспетті. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындарда жаңа сипаттағы автокөліктердің, алып теңіз кемелерінің құрастырылып, шығарыла бастауы да есепті жылдың басты жаңалығы екенін айту ләзім.  

2013 жылдың еншісіндегі ең елеулі оқиғалар қатарына көптен күткен Қашаған кен орынының іске кірістіріліп, мұнай өндіріле бастауын жатқызуға болады. Өз кезегінде бұл Қазақстан экономикасының күрт өсуіне оң ықпал етуімен қатар шағын және орта бизнесті қарқынды дамытуға мол мүмкіндік туғызары сөзсіз. Тағы бір ескерер жәйт. Қашағанды ашу салтанатына арнайы ағылшын премьер-министрі Дэвид Кэмеронның келіп қатысуын, жеке жұмыс кестесінде Сочи олимпиадасының ашылуына баруға уақыт бөлмеген Дэвид мырзаның Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге уақыт тапқанын Ұлыбритания  тәжінің Қазақстанның жетістіктерін толықтай мойындағаны деп қабылдаған жөн. Сөйтіп, 2013 жыл Тұманды Альбион елінің жоғары лауазымды иесінің Қазақ жеріне тұңғыш аяқ басқан беташар жыл болып отыр.

Сондай-ақ, осы бір жылдың ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, халқымызды жұмыспен қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн. Соның нәтижесінде 2013 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімі 6 пайыз деңгейінде болады деп жоспарланып отыр. Жұмыссыздық 5,2 пайыздан, ал инфляция тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алып отырған ең төменгі көрсеткіш – 5 пайыздан аспайды. Ел Тәуелсіздігінің алғашқы таңын қалтасы бос қазынамен ашқан Қазақ елі биыл төл теңгесінің 20 жылдығын атай келе, өз тарихында тұңғыш рет валюта қорын 100 миллиард долларға жеткізбекші. Әлемдік экономикада тоқырау орын алып отырған қазіргі жағдайда біздегі осынау оң сипаттағы бетбұрыстар Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдымен экономика деген идеясының дұрыстығын тағы бір дәлелдеп отыр.

2013 жыл саяси-әлеуметтік оқиғаларға да толы болды. Атап айтқанда, Елбасымыз Санкт-Петербургте өткен G20 саммитіне арнайы шақырылды және де Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі статусына ие болуға берілген еліміздің ұсынысы бірауыздан қабылданды. Сонымен қатар, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің оң нәтижелі болуына Қазақстан барынша атсалысты. Осылайша Қазақстанның беделін халықаралық деңгейде кезекті рет көтеруге мүмкіндік туды.

Есепті жылдың тамызының алғашқы күндерінде халық бүкіл айлардың падишасы Рамазан айымен қимай қоштасып, мұсылмандардың ең басты мейрамдарының бірі – Ид Әл Фитр мерекесін көтеріңкі көңілде тойлады. Осындай имандылыққа толы қасиетті айдың соңын ала бере халықтың қамын ойлайтын тағы бір ізгілікті шараның қоғамда көрініс табуын Жаратқан иеміздің Қазақ еліне деген мейірімі деп қабылдасақ, артық айтқандық бола қоймас. Тамыздың 5 – 9 аралығында еліміз тарихында тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы табысты өтті. Баламалы негізде мәслихаттар аудандық маңыздағы қалалардың, селолық округтердің, селолық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлады. Сөйтіп, барлығы 7 миллион 632 мың азаматтар тұратын мекен-жайлардың 2454 әкімі сайланды. Бұл елдегі бүкіл әкімдердің 91  пайыздан астамы. 7,5 миллион дегеніміз ауылда жер еміп, мал бағып отырған қарапайым адамдар ғой. Демек, бұл олардың тағдырына тікелей қатысы бар сайлау деген сөз. Сондықтан ол барлығымыздың ортақ абыройымызды қамтамасыз ететін, ортақ мақсат-мүддемізді жүзеге асыратын демократиялық мектептің алғашқы үлгісі деп қабылдануы керек. Әрбір азамат өзінің көшін бастайтын азаматын, әрбір ауыл өзінің көшін бастайтын басшысын дәл анықтап алуға және соған сеніп, соған еріп, болашақта елдік тұтастығымызды сақтайтын бағытта бірге жұмыс істеуге мүмкіндік жасалғанын да айтқанымыз жөн.

Осы жылдың елеулі оқиғаларының тізбегіне халықаралық «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері бірінші съезінің 10 жылдығына қатысты іс-шараларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, республика жұртшылығы Тұңғыш Президент күні мерекесін биыл екінші рет ерекше кең көлемде «Бір ел – Бір Елбасы – бір тағдыр» атты ауқымды шара ретінде атап өтті.   

Бұл жылы саяси партиялар да қарап жатпады. Өмірге жаңадан «Бірлік» партиясы келді. «Нұр Отан» XV съезін өткізіп, халықтық демократиялық партия деген атауынан бас тартты, рухани құндылықтарды басымдық еткен Доктринаны қабылдады. Сондай-ақ «Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халық партиясы кезекті съездерін өткізсе, Біріккен социал-демократия партия мүшелері арасында дау-дамай орын алды.

Мәдениет пен спорт салалары да айтулы оқиғаларға толы болды. 2013 жылы олимпиада ойындары тәрізді кең көлемдегі спорттық шаралар өтпесе де қазақстандық спортшылар өздерін тағы да тек жақсы жақтарымен көрсете білді. Чемпиондар Лигасында Қарағандының «Шахтері» тамаша ойынымен өздерінің жанкүйерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, осы қаланың тұрғыны Геннадий Головкин өз салмағында дүниежүзінің 2013 жылғы ең үздік боксері атанды. Қазақстандық тағы бір спортшы Денис Тен тек отандық тілеушілерін ғана емес әлемдік спорт қауымдастығын да тәнті етті. Конькиден мәнерлеп сырғанауда 2013 жылы өткен әлем чемпионатында Денис Тен 266,48 балл жинап өзінің жеке рекордын жасады және әлем чемпионы атанған канадалық Патрик Чаннан 1,3 балл ғана қалып қойып мәртебелі екінші орынға ие болды. Тен мәнерлеп сырғанаудан әлемдік чемпионатта еліміздің тарихында тұңғыш медаль жеңіп алған Қазақстан өкілі екенін атап өткен жөн.

Жылдың соңына таман «От-өзен» және «Теміртау» атты екі бөлімнен тұратын «Елбасы жолы» киноэпопеясының тұсауы кесілді. Бұл туындыда қарапайым халықтың арасынан қайнап шығып, елдің, жердің қамын ойлаған, сөйтіп, заманының зор қайраткері дәрежесіне көтерілген азаматтың өмір жолы шынайы берілген. Елбасының отты өмір жолы арқылы халқымыздың ХХ ғасырдағы 60 жыл өмірі түгел дерлік қамтылған деуге толық негіз бар.

2013 жыл Үкімет үшін оңайға соқпады деуге болатындай. Атқарылар жұмыстың аз болмағанымен қоймай, Үкіметті сын тоқпағының да аямай төпелегені осынау жылдың еншісінде. Елбасы да Үкіметке қатаң қарап, тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстады. Үкіметтік емес ұйымдар мен депутаттардың өзі Үкіметті «үнсіз» отыр деп айыптап, жұмысына мін тақты. Тіпті, Үкімет мүшелерінің арасында ауыс-түйістің де жиі орын алғаны осы жыл шығар. Осы ретте, жыл Ұлттық банктің басшысы Григорий Марченко мырзаның өз еркімен жұмысынан кетуімен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі айналасындағы және де әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзартуға қатысты  келеңсіз жағдайлармен есте қалары сөзсіз.

Өкінішке орай 2013 жылы төтенше оқиғалар да орын алды. 29 қаңтарда Алматы маңында «Скат» әуе компаниясының «Көкшетау – Алматы» рейсін орындаған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты. Алматы қаласында сондай-ақ жанармай таситын көлік аударылып, оның жүргізушісі Александр Горюнов үлкен апаттың алдын алу үшін өмірін құрбан етті және бірқатар базарлар белгісіз себептермен от құшты.

Әрине, шағын мақалада жылдың барлық мәселелерін қамту қиын екені белгілі. Сондықтан, Қазақстан – 2013 тек басты оқиғаларды назарға ұсынып отыр. Өз тарапымнан жылқы мінездес қазаққа алдағы жылқы жылы жайлы болсын деген тілек айтқым келеді.

 

 Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы

  • Tweet

Пікірлер (15)

  • H7eEaA jmxwqabrgsbn, [url=http://yjcyramxgwjh.com/]yjcyramxgwjh[/url], [link=http://lkgijhzwidza.com/]lkgijhzwidza[/link], http://timwxglmlris.com/

  • I cannot think of anything more unappealing than the thought of rust particles floating around in your tuna fish or tomato soup.
    Garth http://girlsfeet.seesaa.net/article/388737453.html

  • This blog site is extremely good! How was it made !
    Harley http://shoeliftsformen.blog.com/2013/07/29/leg-length-problems/

  • What i do not realize is actually how you are not really a lot more well-preferred than you may be now. You’re very intelligent. You already know therefore considerably in terms of this matter, produced me in my opinion consider it from numerous various angles. Its like men and women aren’t fascinated unless it¡¦s something to do with Girl gaga! Your personal stuffs great. Always maintain it up!
    Danial http://chatlottelifts.waphall.com/Blog/__xtblog_entry/9670799-heel-lifts-and-specific-sports-performance?

  • If you’re novice gamblers online, while corporate hospitality marquee in the best online casino tables.
    Russ http://ultimate-lifts.pagina.gr/blog_36895_Problems-Of-Leg-Extending-Operations.html

  • You could certainly see your skills within the paintings you write. The arena hopes for more passionate writers like you who aren’t afraid to say how they believe. All the time go after your heart.
    Harley http://www.pimpblog.nl/ultimatelifts/122388/Might+Heel+Lifts+Aide+A+Limb+Length+Discrepancy.html

  • There are certainly quite a lot of particulars like that to take into consideration. That may be a great point to deliver.
    Emily http://thebestshoelifts.jigsy.com/entries/heel-lifts/heel-lifts-for-gait-disorder

  • I am happy that I noticed this web site, precisely the right information that I was searching for!
    Aaliyah http://tommyaioa.snappages.com/blog/2014/01/28/the-reason-why-someone-wear-height-insoles

  • NFXCH7 lfhgdfkgbahf, [url=http://uvixgvwpktzj.com/]uvixgvwpktzj[/url], [link=http://zxrrmmgvjqgd.com/]zxrrmmgvjqgd[/link], http://morjeqpdeufj.com/

  • Great publish, thanks so much for sharing.
    Trinity http://smail23.blog.fc2.com/blog-entry-3.html

  • GTejgo menvxeouqwug, [url=http://oducssvyhvma.com/]oducssvyhvma[/url], [link=http://xkbpsjweeqez.com/]xkbpsjweeqez[/link], http://ovigstfewswu.com/

  • Pecfret answer! That really gets to the heart of it!

  • I see, I suopspe that would have to be the case. http://uqrereop.com [url=http://pvwormed.com]pvwormed[/url] [link=http://fnwubz.com]fnwubz[/link]

  • I guess finding useful, reliable inofimatron on the internet isn't hopeless after all.

  • I guess finding useful, reliable inofimatron on the internet isn't hopeless after all.