Сапалы білім – елдің қарқынды дамуының сара жолы

06.02.2014, 11:00

«Мәңгілік Ел» идеясы аясында біздің ілгері өркендеп, дамыған 30 елдің қауымдастығына нық қадам басамыз ба, әлде өткеннен жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба – ол Қазақстандағы адам капиталының сапалық өсуіне тығыз байланысты. Бұл – қоғамды білімді, сауатты адамдар түзсе, елдің де келешегі жарқын болады деген сөз.

Иә, білім сапасы көтерілмей, Қазақстан қарқынды дамудың жолына түсе алмайды. Мұны Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауларында да, басқа да сөйлеген сөздерінде айтып жүр. Жаңа технология да, инновация да, білікті кадрлер де, ірі өндіріс те білімнің арқасында болады. Қазіргі кезде еліміздегі білім беру жүйесіне 17 мыңнан астам ұйымдар кіреді. Олардың ішінде 8096 мектепке дейінгі ұйымдар, 7465 жалпы білім беру мектептері, 146 жоғары оқу орны, 424 ғылыми ұйымдар кіреді. Қазақстанда 2,5 миллионнан астам оқушы, 600 мыңнан астам колледж оқушысы мен 650 мыңға жуық студент бар. Соңғы он жылда білім беру жүйесін қаржыландыру он есеге дейін өсіп отыр. Бұл ЮНЕСКО талаптарына жақындауға мүмкіндік туғызуда. Ғылымды қаржыландыру көлемі де жылма жыл өсуде. Елбасының биылғы жолдауында бұл саланы қаржыландырудың өсу деңгейі жалпы ішкі өнімнің 3 пайызынан кем болмауы қарастырылған.

Ал білімнің, білім сапасының бастауы неде? Осыған байланысты өнеге тұтарлық әңгіме есіме түсіп отыр. Бүкіләлемдік тартылыс күші заңдылығын ашқан әйгілі Ньютонды әкесі тым бала кезінде «ақылсыз, топас» деп үйінен қуып жіберген көрінеді. Сөйтіп, далада қалған Ньютон Ұстазға жолығады. Физик аспаннан түскен алманы қағып алып жегенді ғана білетін адамдарға оның жерге түсу сырын ұлы адамға кезіккеннің арқасында түсіндіріп бере алды. Дарынды шәкірт пен сұңғыла ұстаз жолықпағанда Ньютон бары да, жоғы да белгісіз, із қалдырмай өтетін адамдар қатарында жер бетінен үнсіз кетуі ғажап емес қой. Елбасының қазіргі ұстаздардың басты кәсіби қағидасы болып саналатын «Жас ұрпақ тағдыры – ұстаздың қолында» деген сөзі осыған толық дәлел әрі нақтылығымен құнды. Сондықтан да Алаштың аяулы азаматы Мағжан Жұмабаевтың «Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі», деуі тегін емес.

Әрине, талантты танып білу үшін де талант керек. Сол себепті де қоғам осындай жандардың көбеюіне барынша мүдделі болуы және тиісті жағдай жасауы қажет. Осыған орай педагогикалық құрамның сапасы жақсартылуы үшін мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарына, әр өңірде олардың біліктілігін арттыру орталықтарына талаптар күн сайын артып келеді. Бүгінгі күні білім ордаларының жұмысын ұйымдастырудағы негізгі үлгі Назарбаев Университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері екені сөзсіз. Қазіргі кезде көп жас маман «Назарбаев зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік орталығында әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің профессорларынан дәрістер алып, біліктіліктерін арттырып жүр. Бұл байланыс дәстүрлі оқыту түрін заманауи технологиялар мен оқытудың үздік әдістемесіне жалғаудың бірден-бір жолы. Мұнымен қоса жоғары мектептер мен ғылыми салалар үшін кадрлер даярлау «Болашақ» бағдарламасы бойынша да жүзеге асырылып келеді. Ал, кәсіптік-техникалық кадрлердің біліктілігін көтеру мақсатында Біліктілікті бекіту орталықтары ашылған. Жолдауда айтылғандай, 2015 жылғы бірінші шілдеден бастап білім саласының қызметкерлерінің айлық жалақыларын 29 пайызға көтеру арқылы да сапаны жақсартуға жол ашылары анық.

Білім және ғылым министрлігі тарапынан білім әрі ғылым саласындағы нормативтік базаны жаңа заман талаптарына сай қалыптастыру жұмыстары қолға алынып отыр. Осы бағытта 2011 жылы «Ғылым туралы», «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Қоры мәртебесі туралы», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және тағы басқа жалпы саны жеті негізгі заң қабылданды. Бұлар, сайып келгенде, мектептерде, оның ішінде, әсіресе, ауылдық мектептерде, жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қашықтан оқыту тәсілін қолдануға, «e-learning» электронды оқу-әдістемелік кешенін енгізуге септігін тигізуде. Ең бастысы, заң тұрғысынан ынталандыру жүйесін енгізу арқылы ауылға жас мамандарды тартуға мүмкіндік туды. Бұл ретте, «Дипломмен ауылға»  арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, нәтижесінде он мыңдай педагог ауылдық жерлерге аттанды және олардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Бағдарламаға сәйкес оларға 70 айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтындай «көтерме ақы» қарастырылған. Мұның сыртында, 2010 жылдан бері бұл мамандарға 630 айлық көрсеткіштен аспайтын пайысыз несие беру мәселесі түбегейлі шешілген.

Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі студент, одан кейін жас маман. Яғни, мектептегі білім сапасы жоғары болғанда жоғары оқу орындарына талапты, алғыр студенттер келеді. Сондықтан Елбасы соңғы Жолдауында мектептерге қатысты бірқатар көкейкесті мәселелерге тоқтала кетті. Нақты айтқанда, Ұлт көшбасшысы 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамти отыра, таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керектігін тапсырды. Ол үшін Президент Үкімет пен әкімдерге тиісті бюджет қаражаттың бөлінуін қарастыруға пәрмен берді.

Жаңа Қазақстанның жаңа мамандарын дайындауда Қазақ мемлекеттік ұлттық университет бастаған тоғыз ұлттық университет, КИМЭП және Қазақ – Британ техникалық университеті отандық білім беру жүйесінің флагманы болып қала бермекші. Олардың қатарына Жаңа Халықаралық Университетті де толық жатқызуға болады. Мұнда инженерлер мен техниктерді, генетика, биохимия, физика салалары бойынша мамандар дайындаумен бірге, Ұлттық биотехнологиялық орталық, Ұлттық нанотехнологиялық зертхана және өзге де қазіргі заманғы зерттеу орталықтары жұмыс істейді.

Мына мәселені де ерекше назарда ұстаған жөн. Оқыту ісі мен тәрбие жұмысын тіптен де бөліп қарауға болмайды. Ұлы ойшыл бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби бекерден-бекер былай демесе керек: «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы». Сондықтан оқу процесінің тәрбие беру компонентін күшейтуге ден қойылып отыр. Бұл орайда патриоттық, адамгершілік пен мораль, ұлтаралық келісім мен төзімділік, денешынықтыру мен рухани даму, заңға мойынсұнушылық – осы құндылықтар барлық оқу мекемелеріне толық сіңірілуі тиіс. Елбасы Жолдауында айтылғандай, «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар».

Күн тәртібінің енді бір өзекті мәселесі – оқулықтар шығару. Сонау 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов «Білімнің бас құралы – кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі, оқу үйренетін орындар сайлы болуы керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы болуы керек һәм халық арасына көп жайыларға керек», деп жазған екен. Әрине, бұл салада бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстарды жоққа шығаруға болмас. Дегенмен, жеңістен гөрі жеңілістің ащы дәмін татып жүрген кездеріміз жетіп артылады. Әсіресе, қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Елбасының өзі бұл жөнінде бірнеше дүркін ескерту жасаған болатын. Ол кісі осыдан бірер жыл бұрын: «Қазақ тілінде шығып жатқан кітаптар адамдарды қазақ тілін үйренуге емес, қазақ тілінен қашуға мәжбүрлейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс» - деп, арнайы атап өткенін де білеміз.

Қорыта келгенде, Жолдауда айтылған мәселелердің қай-қайсысы да еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты айналып өтпейді.Жастарымыз білімді, ғылымды, рухани, адамгершілік қасиеттерге бай, елінің тарихын, тілін, салт-дәстүрін қадірлейтін, ұстанатын нағыз патриот болуы тиіс. Ол үшін жастарға көп ізденіп, тәуелсіз мемлекет деңгейінде ойлай алатын ақыл-парасатты болу жүктеледі.

Жалпы, қазақ – жаратылысынан шыдамды, қажырлы, жігерлі, қайсар әрі тәуекелшіл. Талантқа да кенде емеспіз. Тек олардың осы ерекше қабілетін ұштайтын, қолтығынан демейтін, ашылуына көмектесетін ыңғайлы жағдай туғызылуы керек. Олай болса, бұл бағыттағы қажетті жұмыстарды жүргізу бүгінгі күннің ең маңызды әрі кезек күттірмес міндеті болып табылады.

 

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, саясаттанушы

 

  • Tweet

Пікірлер (8)

  • KWzAJh ayldohbukawp, [url=http://eepvjaqbjfqw.com/]eepvjaqbjfqw[/url], [link=http://wcromhsfecjy.com/]wcromhsfecjy[/link], http://jzumyhybtxcq.com/

  • albuterol, [url="http://albuterolforsale.pw/#4528"]albuterol[/url], http://albuterolforsale.pw/#4528 albuterol,

  • ampicillin drug, [url="http://ampicillin500mg.info/#1290"]ampicillin drug[/url], http://ampicillin500mg.info/#1290 ampicillin drug,

  • That takes us up to the next level. Great ponistg.

  • Well I guess I don't have to spend the weekend firuigng this one out!

  • A simple and inllgtieent point, well made. Thanks! http://zxfuyhd.com [url=http://xuckwdvng.com]xuckwdvng[/url] [link=http://ybofrboap.com]ybofrboap[/link]

  • Hey, that's the gretseat! So with ll this brain power AWHFY?

  • That's a skillful answer to a diflciuft question http://kayhwml.com [url=http://mftwdcok.com]mftwdcok[/url] [link=http://bofjlgvzle.com]bofjlgvzle[/link]