Байлығымыз – бірлігімізде!
09.04.2014, 18:25
Таяуда жеке қағаздарымды қарап отырсам көзіме бір хат түсті. Оны маған өткен ғасырдың сонау тоқсаныншы жылдары Ресейге көшіп кеткен жақын досым Евгений Близнюков жазыпты. Хатта әркімге ой салатындай мынадай жолдар бар: «..Жаңа өмірге бейімделу, үйрену тіпті соншалықты қиын болады - ау деп еш ойламаппын. Отан - кіндік қаның тамған жер ғана емес, сені асырап, өсірген орта екенін нақты іс жүзінде түсінесің. Өткеннің бәрін кері қайтаруға болатын болса – мен ешбір де ойланбас едім. Біз бұл жерде бөтен адамдармыз. Ең бастысы, мұнда өзіңнің ешкімге керегің жоқ екенін түсінесің. Мен болсам бәрін басқаша армандайтынмын...»
Иә, тағдырдың жазуы солай болуы керек, ата-бабаның сыртқы баса-көктеуден ақтабан - шұбырып жүріп аман қалған Жиделі-байсын жері, құт мекенді Қазақстан тек қазақтардың ғана емес, 140 ұлт пен ұлыстың және 17 діни конфессия өкілдерінің өсіп-өркендеуі, жайлы қонысы үшін сақталған екен. Яғни біз көп құрамды қоғамбыз. Сондықтан, біз, ең әуелі, қалыптасқан жағдайды ескеруге тиіспіз. Демек, осы заманғы дүниеде өмір сүру дегеніміз – ашық болу және басқа ұлт өкілдеріне, мәдениеттер мен діндерге төзімді болу. Былайша айтқанда, «өзіңе тілемейтінді өзгеге жасама» деген қарапайым қағиданы үнемі жадымызда ұстағанымыз абзал.
Мына бір жағдайды да қаперде ұстаған жөн деп білемін. Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына берген бір сұхбатында мемлекет басшысы Н.Назарбаев былай дегені бар: «Еске алсақ, тәуелсіздігімізді жариялаған кезде қазақтардың саны 42 пайызды ғана құрайтын. Елімізді қуатты және күшті елге айналдыру үшін ұлтына қарамастан барлық азаматтар еңбек етті. Мұны ұмытуға болмайды. Тәуелсіздік – Қазақстан халқының ортақ жеңісі, ортақ қуанышы. Тарихтың жазуымен Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде қалыптасты. Бірақ, бұл кемшілік емес, керісінше, елімізді ұлттық оқшаулаудан қорғайтын маңызды фактор. Және еліміздің барлық азаматтары қазақстандықтардың ортақтасуға бағытталған идеясын ұстануға міндетті».
Сайып келгенде орнықтылық ахуалды сақтау – біз үшін тек тактикалық қана емес, стратегиялық мақсат. Егер елде саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім болмаса ешкім де экономиканы дамытуға қаржы салып жатпайды, өз кезегінде бұл үлкен дағдарыстарға әкеліп соғар еді және оған нақты мысалды алыстан іздемей-ақ қоялық. Бұл тұрғыда Украинада болып жатқан жағдайға көз жіберсек те жеткілікті. Бір кездері Кеңес одағының екінші экономикасы болған әрі соңғы уақытқа шейін Еуропаның белді мемлекеттерінің бірі болып саналатын Украина өзінің құлдырау шегіне жетіп, дефолттың сәл алдында.
«Біреуге қарап пікір ет, біреуге қарап шүкір ет», - дейді халқымыз. Пікір етсек те, шүкір етсек те орынды. Өйткені, тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың республика халқының тұтастығын нығайту бағытында үзбей атқарып келе жатқан жұмыстары елдің мүддесіне орай жүргізілуде. Осы ретте, әсіресе, Елбасының тікелей басшылығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы бөлек. Өз құрамына 140 этносты біріктіретін бұл Ассамблеяны бүгінгі күні «Кіші Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп те атайды. Себебі Ассамблея барлық этносаралық қатынастар проблемаларын шешудің тікелей жолы мен нақты тетігі болып танылуда.
Қазір Ассамблея қоғамдағы бірден-бір танымал ұйымға айналып отыр. 2007 жылғы жүргізілген конституциялық реформалар Ассамблеяның беделі мен саяси салмағын көтеруге мүмкіндік туғызды. Бүгінгі күнде толыққанды конституциялық органға айналған Ассамблея Ел Парламентіне тоғыз депутат сайлау құқына ие болды. Осылайша Ассамблея мен парламент фракциялары еліміздегі қоғамдық келісім және этникааралық төзімділіктің қазақстандық моделін барынша нығайтуға және одан әрі жетілдіруге бағытталған ұлттық стратегиялық мәселені бірлесе отырып іске асыруда.
Сонымен бірге Ассамблея қазір үш басты міндетті атқару үстінде, олар: қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, төзімділік пен жауапкершілікті нығайту, мемлекеттік тілді меңгеру. Айталық, жылда 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі күні аясында өтетін «Бейбітшілік пен келісім жол картасы», «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты республикалық фестиваль, іскер этнос өкілдерінің өздерінің тарихи отандарымен Қазақстанға тиімді экономикалық байланыстар орнықтыру тәжірибелері, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында ұйымдастырылатын байқау сол міндеттерді орындау жолындағы атқарылып жатқан шаралардың бір парасы ғана.
Бұл ерекше құрылым түптеп келгенде қазақ жерінде мекендеп жатқан барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ойынан шығып, оларға Қазақстанды екінші Отаным деп қабылдауға игі әсерін тигізіп отыр. Республикадағы орыс, казак, славян ұйымдары қауымдастығы мүшесі Анатолий Чесноковтың пікірінше Қазақстанда төрт миллиондай славян ұлты өкілдерінің мүдделері толығымен қорғалған, өйткені ол үшін жақсы заңнамалық база жасақталған. «Елбасы өз сөзінде тұрды. Ол кісі егемендік алған тұста айтқан сөзімен бүгінгі жасап жатқан ісінде еш алшақтық жоқ. Республикадағы жағдай шын мәнінде бәрімізге жәйлі, сондықтан да ерікті қоныс аударуға көмектесудің ресейлік бағдарламасына қарамастан Қазақстаннан жаппай көшіп жатқандар жоқтың қасы» - дей келе, ол өзінің ризашылығын жасырмайды.
Расында, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД аумағының жекелеген елдерінде орын алған этносаралық қақтығыстарға, сонымен бірге мемлекетаралық және ішкі кикілжіңдерге жол бермеген бірден-бір мемлекет басшысы. Сондықтан, конфессияаралық және ұлтаралық саясат жүргізудегі Қазақстанның теңдессіз тәжірибесін өзгелер де пайдаланса ұтылмасы анық. Мұны ең алдымен соңғы кездері шовинистік пиғылдары барынша қозып жүргендер мен исламофобия бел алып отырған еуропалық елдер қаперлеріне алса игі болар еді. Ал біздер үшін, осындай сара саясат түптеп келгенде адамдардың тұрмыс жағдайларын одан әрі жақсартуға, экономикаға тұрақтылық сипат беруге, жүзеге асып жатқан реформалар мен өзгерістердің кері кетпейтінінің мықты тірегі және басты кепілі саналады.
Әрине, түйінді мәселелерден де ада емеспіз. Жекелеген шешімдер мен атқарылған істер кейбір адамдардың көңілінен шықпай жататыны жасырын емес. Мысалы, әлі де болса мемлекеттік тілдің жағдайын тек қазақ тіліндегі баспасөз жазады, қалғандарының «оның бізге қатысы жоқ» деген сыңай танытып, үндемейді, деп санайтындар баршылық. Енді бір пікірлер, кейбір мамандықтар мен кәсіптердің жекелеген түрлеріне қазақ тілін білу керектігі талаптарын қою мәселесін қарайтын «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның 23-ші бабын күшіне енгізу мәселесі ұзын арқан, кең тұсауға салынуда дегенге саяды. Тұрмыста кездесіп қалатын небір кикілжіңдерге саяси астарлар беріліп Ассамблеяның рөлін төмендетуге талпынатындар да жоқ емес. Иә, өмір болған соң, ұсақ-түйек кейбір түсінбеушіліктердің орын алуы әбден мүмкін. Бірақ, ондай жағдайлар кез-келген, тіпті ең тату деген отбасының өзінде болып тұрады.
Сондықтан да азаматтар арасындағы қатынастар саласындағы ахуалға баға берер тұста өте мұқият және аса жауапкершілікті сезінуіміз керек. Елдің тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғаудың қажеттілігін бір сәтте де естен шығармағанымыз абзал. Өйткені, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ алуға тиіспіз.
Осы бір жайттарды Елбасы өзінің биылғы Жолдауында ерекше атай отырып, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» деген болатын. Иә, біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Оны іске асыру өз қолымызда. Ол үшін ауызбіршілікпен әрі тынымсыз тіршілікпен ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Үстіміздегі жылғы 18 сәуірде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бейбітшілік, рухани және келісім мәдениеті» тақырыбы бойынша Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында бұл тұрғыда келелі кеңес болып, айтулы шешімдер қабылданарына сенім мол.
Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы,
«Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті.
- Tweet

Пікірлер (8)
Your article was exlcelent and erudite.
Never seen a betetr post! ICOCBW
Never seen a betetr post! ICOCBW
Never seen a betetr post! ICOCBW
Your thnnikig matches mine - great minds think alike! http://bjgvvo.com [url=http://dnvnjp.com]dnvnjp[/url] [link=http://kyindkvbbqq.com]kyindkvbbqq[/link]
Your thnnikig matches mine - great minds think alike! http://bjgvvo.com [url=http://dnvnjp.com]dnvnjp[/url] [link=http://kyindkvbbqq.com]kyindkvbbqq[/link]
This has made my day. I wish all pointsgs were this good.
Hey, you're the goto extper. Thanks for hanging out here. http://trjnilepmrl.com [url=http://wcowcjpya.com]wcowcjpya[/url] [link=http://swnbmlfv.com]swnbmlfv[/link]
Оставить комментарий