Журналист қолбала емес! немесе журналист жортса таба ма, жазса шаба ма?
26.06.2014, 13:19
Маусымның соңғы жексенбісі, осы аптаның соңғы күні Журналистердің кәсіби мерекесі. Расын айтсам, нақты бір датаға бекітілмей, жетім қыздың күйін кешкен, өзінің мейрамы да жоқ бұқаралық ақпарат құралдары біздің қоғамда «ең көне мамандық» иелері атанған жетім қалде...
Соңғы кезі өзін-өзі «атымтай жомарт» деп атайтын кейбір «меценаттар» тіпті бәзбір әріптестерімізді қолбалаға айналдырып алғандай лепіріп отыратын болды. Шара өткізу барысында «мәртебелі меймандар», «сыйлы қонақтар» деген статусы бар бағдарлама таратылып, ең соңында «БАҚ өкілдері» деген жалаң сөзбен шектелетін болдық. Неге? Сонда қалған жұрт мәртебелі де, журналист мәртебесіз қатысушы болғаны ма?
Бұл олқылықтың, олқылықтың емес астамшылықтың астарында қазақ еліндегі журналистердің ешқандай статусқа ие бола алмауы жатыр. Билікте қажет кезінде сойылын соқтырып, керек емес кезінде «прочее» деген категорияға лақтыра салатын тілшілер қауымы төркінсіз қыздың кейпін кешуде. Спорт саңлақтары, өнер қайраткерлері, саясаткерлер мен бюджеттегілер, дәрігерлер мен ұстаздар қауымы мемлекеттік бағдарлама негізінде пәтер алады. Журналистер ондай қошеметке ие емес. Журналистер күні аясында бірді-екілі ұжымдар шақырып дастархан жаяды, есімдері жаттаулы белгілі бір журналистер тобы жыл сайын әртүрлі мақтау қағазы бар ұлықтауға ие болады. Сонымен Журналистер күні дегенде өте шығады. Тіпті ат басын тіреп барып, араша сұрайтын министрлігіміз де жоқ. Республикалық Ақпарат агенттігінің басшылық құрамында ел танитын, қарапайым журналистер ортасынан шыққан қандай танымал тілші бар деп қарасаң маңдайың тура тасқа соғылады.
Ұлттық патриотизмнің идеологиясын жүргізуге тиісті біздің мамандық иелері туралы орыс халқында бір керемет мақал бар. «Журналисті де, қасқырды да аяғы асырайды» деген. Қазақша мағынасы «Журналист жортса табады, жазса шабады». Біздің журналистердің жортып емес шауып жүріп табатындарын ұлттық компаниялардағы жас мамандар шертіп отырып табады. Айлығы шайлығына жетсе, майлығына жетпейтін тілшілер қауымы бір емес бірнеше БАҚында жұмыс істеп, аудармашы мамандығын игеріп жатса, енді біреулері басқа салаға кетуде. Салдарында көптеген телеарналарда тілдері күрмеліп, аузындағы айтар сөзінен үстіндегі көйлегі «әдемі» жартыжұлдыздар көбейді. Мұның салдарынан журналистканың беделі түсуде. Айтқан сөздері анекдотқа айналған кейбір жұлдыздарымыз өздерін тіпті журналистпен деп таныстырып жүргені өкінішті. Міне, осындайда бізде ән айтамыз, бірақ өзімізді әншіміз деп хабарламаймыз ғой дегім келеді. Соңғы кездері танымал журналистер шенеунік болып, мансап қумаса да нан тауып кетті. Баспасөз қызметі, тіл басқармасы, ұйымдастыру бөлімі сынды жартышенге ие болуда. «Арқа жылы болса. Арқар ауып несі бар» деген міне, осы!
Ал, газет-журналдарда істейтін көптеген журналистер бір емес бірнеше мерзімді баспасөзде жұмыс істеуге мәжбүр. Аттың жалы, түйенің қомында жүріп жазған материалдардың сапасы туралы айту әсте қиын. Себебі, көкек сияқты бір тақырыптан шығып, екінші тақырыпқа жазатын журналистер қауымы қазір тақырып таңдау құқығынан айрылып қалды. Журналистік зерттеу деген жанр қаңғып әдірә қалды. Таңертең Парламентте отырған журналист, түсте экономика немесе саясат туралы жазады, кешке мәдениет жаңалықтарына қалам сілтесе, түн ауа спорт тақырыбын қамтиды.
Журналистерді жұмыс барысында күнде қолданатын билік оларды әлеуметтік қорғауға келгенде «прочее» деген тізбемен кейінге лақтыра салады. Неге дейсіз бе? Үкіметтің сөзін сөйлеп, сойылын соғатын журналистер мемлекет беретін «әлеуметтік жеңілдік» категориясына да ие бола алмай отыр. Бұл орайда бәленің басы мына біздің өзімізде жатыр. Бұл жерде мен ешқандай мемлекеттік немесе заң шығарушы органдарын кінәлай алмаймын. Парламент қабырғасында жүріп «депутаттар заң жобасын қарап жатыр» деп мақала жаздық, сюжет шығардық. Сонда неге журналистер әлеуметтік қорғаусыз қалды деп байбалам салмадық?! Неге қоғамдық пікір тудырмадық? Мен осы журналистердің әлеуметтік қорғалуын соңғы жылдары жиі көтеріп жүрмін, «айтар адамына айтайық, барар адамына барайық» десем журналистік ұйымдар тарапынан қолдау таппай отыр. Сондай ұйымдарда отырғандардың мүйіздері қарағайдай «ПРЕЗИДЕНТ» деген лауазымы бар, (бірақ қарамағанда бір адамы жоқ) дегенмен қарапайым журналистің сөзін сөйлеуге келгенде жоғарыға жалтақтау әлі де бар. Неге? Біз биліктен немесе бюджеттен ақша алып отырған жоқпыз, мансап та сұрап отырған жоқпыз. Журналистік ұйымдар - Үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Олай болса бұл не жалтақтаушылық, қандай жағымпаздық? Расын айтар болсам, журналистік ұйымдардың кейбір басшылары Үлкен үйлердегі жиналыстардан қалмайды, «баяндамалар оқыдым, пікірталас жасадым» деген жаңылтпаш есептер берумен шектелуде. Олай болса, өзінің жеке мансабын жоғары қойған мұндай ұйымдар қаншалықты «журналистер ұйымы» деген атқа лайық?
Бұрын журналистика мамандығын оқытқанда атағынан ат үркетін ұстаздарымыз «Журналист халықтың үні, құлағы болып табылады. Сондықтан да төртінші билік өкілдері санатына енеміз» деп мақтанышпен оқытатын. Қазір ше? Қазір журналист дегеніміз ең тұзы жеңіл мамандық иелеріне айналды. Тіпті, отандық телеарналардағы кейбір шоу-бағдарламалар журналистерді не айтарын білмесе де эфирге шығуға құмар әншілер мен КВНшылардың қолбаласына айналдырып отыр. «Жұлдыз» жүргізетін хабардың бастан-аяқ сценарийін жазып, эфирге дайындайтын журналист неге тасада қалуда? Ең бастысы қалтасында табақтай дипломы бар, тікелей эфир кезінде туындайтын барлық қиын сұраққа жауап бере алатын журналистер олардың мәтінін жазып, сюжетін монтаждап, қонақтарын шақыратын қолбаласына айналды.
Кейбір БАҚта жұмыссыз қалған кешегі депутаттар мен саясаткерлер жүр, ал олардың орынына жұмыссыз жүрген тілшіні алуға келгенде Бас редактор неге қашқақтайды? Намыстанатын түгі де жоқ, жұртшылыққа танылудың ең жеңіл жолы телеарна екенін түсінген, көзден тайса көңілден де кетерін білетін «жұлдыздарымыз» соңғы кездері бір емес бірнеше арнадағы шоуларға бір мезгілде қатысып, Кеңестік замандағы Брежнев көкем секілді халықты жалықтырып жүр. Асанәлі Әшімов ағамыз айтқандай «Шәйнек қосудан қалдық, ішінен «жұлдыз» шыға ма» деп...
Өзге сала өкілдерін тележурналистикаға жаппай тарту салдарынан, сөздік қоры жоқ «өнер жұлдыздары» журналистиканың беделін түсіріп жіберді. Өйткені, қарапайым көрермен оны «әртіс» деп емес «журналист» деп қарайды, осының салдарынан журналистерге деген сенім азайып, «тілші бүйтіп айтыпты» деген әзіл әңгімелер шықты.
Тағы бір келеңсіздік, соңғы кездері кастинг жариялау, журналист керек деп түйіндеме жинау модаға айналды. Жыл басынан бері жарияланған осындай бірнеше «Бос орын» деген вакансиядағы байқауға үш бірдей Бас редактор өзіміздің түйіндемелерімізді жібердік. Әрине жұмыс іздеп отырғанымыз жоқ. Басты мақсат – байқауға берілген түйіндемеге орай бұқаралық ақпарат құралдарының басшылығы расында да кастинг жасай ма, байқау қалай жүргізіледі деген журналистік, журналистік емес-ау редакторлық зерттеу болатын. «Ел Арна» республикаға жар салып байқау жариялағаннан соң екі-үш күннің ішінде ресми түрде өз жұмысын тоқтатты. Жабылатынын біле тұрып байқау жариялау кімге және не үшін керек болды? Құрылғанына көп бола қоймаған телеарна жариялаған үш байқауға журналистикадан тәжірибеміз бар, қазақ және орыс тілді 4 редактор түйіндеме жолдаған едік. Осы салада жұмыс істеп жүрген төрт «үміткер» болсақта ешқайсымызды байқау ұйымдастырушылар «әңгімелесуге» шақырған жоқ. Өзіміз телефон шалып «жұмысқа орай резюме жіберген едік» деп сұрағанымызда «бос орын жоқ» деп жауап алумен шектелдік. Әлде жас журналистер айтпақшы «черновик» керек болған соң түйіндеме жинаған байқаулар болатын болғаны ма?
Журналист дегеніміз – елдігімізді насихаттап, ел имиджін қалыптастыратын мамандық екенін ескерсек, өзі жетім қыздай сенделіп жүрген бүгінгі журналист кімге тіреу болмақ? Кімнің жоғын жоқтап, мұңын мұңдамақ? Бір шындықты жазсаң басыңа бәле тілеп аласың. Жұмыссыз қаласың болмаса «бұзақылар ұрып кетеді», «машинаңды соғып кетеді» әйтеур бір пәлеге ұшырайсың! Сол үшін де аш пәледен қаш пәле деген қағидаға бой алдырған журналистерге елдің сенімі азайды.
Сондықтан мақтанбау керек, мойындау керек, журналист ешқандай төртінші биліктің өкілі емес, қазіргі қазақ қоғамында Қолбала атанып отыр! Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. Рас, бізде қазір кәсіби мереке, мерекемен деп құттықтамас бұрын, бір-бірімізді ішіміз кепкенше мақтамас бұрын айнаға қарайықшы, біз халықтың үні мен құлағы дерлік төртінші билік өкіліміз бе? Біз халық сеніміне лайықтымыз ба?
Айжан Жұмабаева
«Имидж.kz» PR агенттігінің жетекшісі
- Tweet

Пікірлер (8)
So true. Honesty and everything rengcoized.
Your story was really inifvmatore, thanks!
Your story was really inifvmatore, thanks!
Your story was really inifvmatore, thanks!
Just do me a favor and keep writing such treanhcnt analyses, OK? http://lkrcjjxx.com [url=http://vgpfzohe.com]vgpfzohe[/url] [link=http://fnsqwowrt.com]fnsqwowrt[/link]
No qutoeisn this is the place to get this info, thanks y'all.
Super exceitd to see more of this kind of stuff online. http://lgxhyt.com [url=http://njyggra.com]njyggra[/url] [link=http://ohrmkd.com]ohrmkd[/link]
Hi. Sorry to hassle you but I happened to run across your blog site and discovered you're using the exact same theme as me. The only issue is on my website, I'm struggling to get the theme looking like yours. Would you mind e-mailing me at: %EMAIL% so I can get this figured out. By the way I have bookmarked your web page: %BLOGURL% and will certainly be visiting frequently. Thanks!!
adidas stan smith noir http://abysse-taxi.com/imgs.asp?key=adidas-stan-smith-noir
Оставить комментарий