«Еңбек - жаһандық бәсекелестік жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

28.07.2026, 16:10

27 шілде күні сағат 12.00-де «Қазконтент» АҚ BNews.kz порталында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Бас редакторлар клубы» ҚБ бастамасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Еңбек - жаһандық бәсекелестік жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

 

 

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы

Г. Н. Әбдіқалықова 1965 ж. туған, қазақ, білімі - жоғары, Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі технологиясы институтын экономика мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

1987 - 1994 жж. - Қызылорда облысының халықты әлеуметтік қорғау басқармасының аға инспекторы, бөлім бастығы. 1994-1995 жж. - ҚР Жоғарғы Кеңесінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультанты.

1995-2003 жж. - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету департаментінің директоры, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың табысын реттеу департаментінің директоры.

03.2003 - 12.2005 - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

12.2005 - 10.2006 - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.

10.2006 - 10.2007 - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

10.2007 - 01.2008 - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

01.2008 - 03.2009 - ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.

2009 ж наурызынан - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

  • Tweet

Пікірлер (0)