Танысбаев Қуат Мұратұлы
17.01.2013, 10:17
Танысбаев Қуат Мұратұлы – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрғасы, 1975 жылы Ұржар селосы Шығыс Қазақстан облысында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «инженер» мамандығы бойынша, 2002 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және 2011 жылы Ресей мемлекеттік қызмет академиясың «муниципалдық және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Қ.М. Танысбаев 2000 жылы еңбек қызметін «Қазақстан темір жолы» РММ Клиринг және материалдық-техниқалық қамтамасыз ету департаментінің жетекші инженері болып бастады. 2001 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қөлік және коммуникациялар министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі болып жұмысын жалғастырды.
2003 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасындағы Таньдзин құрылыс корпорациясы өкілдігінің директоры болып, 2004 - 2008 жылдары «АзияСтройЭкспо» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарды.
2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік қызметте әр түрлі басқарушы лауазымдарды атқарды: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі.
2026 жылдың 21 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
- Tweet

Пікірлер (12)
«Ақмола облысы «Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешені құрылысын салу» жобасын жүзеге асыру бойынша 2026 жылы қандай жұмыстар атқарылды.
Жалпы, жобаны жүзеге асыру 12 жылға, яғни 2021 жылға дейін жоспарланған және 7 іске асыру кезеңінен тұрады. Жалпы құны 450 000 млн. теңге жеке инвестициялар (100%) құрайды. Компания-оператор болып «Боровое Туризм Сити» ЖШС табылады.
Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай курорттық аймағы аумағында 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге ауданы 370 га «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2026 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен Бурабай АЭА аумағын ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлерінен босалқы жерге ауыстырған. «Бурабай» АЭА-ның басқарушы компаниясын құруға қаржы-экономикалық негіздемесі жобасы әзірленді.
2026 жылғы 21 желтоқсанда Елбасының қатысуымен «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйінің салтанатты ашылуы өтті. Қонақ үй «Ақмола облысы «Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешені құрылысын салу» ірі жобасын іске асырудағы бірінші кезең болып табылады.
Қонақ үй 402 орын, СПА және сауықтыру орталығы орналасқан өңірдегі жоғары деңгейлі бірінші қонақ үй болып табылады. 5 жұлдызды «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйінің құрылысы 1,5 жыл жүргізілді, құрылысқа 90 миллион доллар жұмсалды.
Аталған жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында туристік кластер құру жобасын жүзеге асыру қалай жүргізіліп жатыр.
«Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында туристік кластер құру жобасын үйлестіру және іске асыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Қазіргі таңда А, В, С санаттары бойынша жолбойы қызмсет көрсету кешендері жобасын әзірлеуге техникалық тапсырмалар бекітілді және оларды жолмаңы қызмет көрсету кешендерінің үлгілік жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс барысында қолдау үшін Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының әкімдіктеріне жолданды.
Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдармен халықаралық көлік дәлізі бойында туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында жер учаскелерін бөлу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Мәселен, Қызылорда облысында жоспарланған 16 нысанның 14 бойынша инвесторлар анықталған, Оңтүстік Қазақстан облысында 4
объектіні орналастыру жері, Жамбыл облысында 8, Алматы облысында 7 жер учаскесі бөлінді.
Сонымен бірге халықаралық транспорттық дәліз бойында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ақтөбе және Қызылорда облыстарында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2 туристік объектіге инженерлік-коммуникациялық желілерді орнату үшін қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында туристік кластер құру мәселелері және тәжірибе алмасу мен ағымдағы жағдайды талдау мақсатында кеңес өткізілді.
Бүгінгі таңда көлік дәлізі бойында туристік кластер құру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Халықаралық туристік нарықта туризм түрлері арасында үлесі жоғары туризм түрлерінің бірі экологиялық туризм болып табылады. Еліміздің экологиялық туризмді дамыту әлеуеті жоғары. Осы бағытта не істеліп жатыр.
Экологиялық туризм туризм түрлерінің ішіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанның табиғи-рекреациялық әлеуеті жоғары, сондықтан да елімізде туризмнің бұл түрін дамытудың бүгінгі таңда өзектілігі жоғары. Білетініміздей, экологиялық туризмнің негізін табиғат әралуандылығы, тарих және табиғат ескерткіштері, флора мен биоресурстар, елдердің мәдени және этникалық ерекшеліктері құрайды.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (ЕҚТА) аумағында жүзеге асырылады. Қазақстанның табиғи әлеуеті ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туризмнің бұл түрін дамытуға үлкен алғы шарттар туғызады.
Бүгінгі таңда ЕҚТА-ның арнайы белгіленген аумақтарында жалпы ұзындығы 5 мың км. 100-ден астам туристік маршруттар мен 50-ден астам соқпақтар әзірленген. Аталған аумақтарда туристік қызметті дамыту мақсатында арнайы көрініс алаңдары, демонстрациялық учаскелер құрылған, туристер үшін аншлагтар, жолсілтеуіштер, ақпараттық щиттер орнатылған.
Бүгінгі таңда Ақсу-жабағылы, Қорғалжын Мемлекеттік табиғи қорықтарында және Бурабай МҰТП-е арнайы Визит-орталықтар ашылып, жұмыс істейді.
Туризм кейбір елдерде экономиканың маңызды саласына айналып отыр. Біздің елімізде де шетелдіктер қызыға тамашалайтын көрікті жерлер, шежіреге толы аймақтар жетерлік. Мемлекет тарапынан туризмнің дамуына не істелініп жатыр?
Индустриялық-иннновациялық даму жолына түскен уақыттан бастап біздің мемлекетіміз барлық бағыттарда оң нәтиже көрсетті.
Бүгінгі таңда Қазақстан туризмнен түскен табыс деңгейі мұнай секторының кірісімен тең келетіндей жаңа туристік бағыт ретінде даму жолына түсу міндетін қойып отыр.
Осыған байланысты, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, аталған бағдарламаға Туризм саласы бөлімі енгізілді. Қазіргі таңда, туристік жобаларды қамти отырып, осы бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты: туризм индустриясын орнықты дамыту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
- бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;
- Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;
- туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту.
Сонымен қатар министрлікпен ішкі және келу туризмін дамытуға және насихаттауға бағытталған республикалық іс шараларды ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.
Қазақстандағы туристік мүмкіншіліктерді айқындау мақсатында жыл сайын Алматы қаласында «KITF» Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесін және Астана қаласында «Астана демалыс» халықаралық туристік көрмелерін өткізу Орталық Азия аймағындағы ең маңызды оқиғаға айналды. Қазақстанда осындай іс-шараларды өткізу әріптестік байланыстарды анықтауға арналған қолайлы жағдайларды туғызады және өзара тиімді шарттар жасасуға ықпал етеді, сол себептен жыл сайын тек қатысушылар ғана емес, сонымен қатар қатысушы елдердің саны да артуда.
Сонымен қатар, министрлік Алматы облысы әкімшілігімен бірлесіп жыл сайын аталған облыста Іле-Балқаш регатасын өткізеді, регатаны өткізудің негізгі мақсаты табиғи әртүрлілікті сақтау және туристерді туризмнің және демалыстың белсенді түрлеріне, Іле өзенінен Балқаш көліне дейін балқыма салдарларына назарын аударту болып табылады.
Сонымен қоса, табиғатпен қарым-қатынас арқылы туризмнің белсенді түрін және салауатты өмір салтын насихаттауды дамыту мақсатында, өсіп келе жатқан ұрпақ жігерін тәрбиелеуде минстрлікпен жыл сайын «Туризм нашақорлыққа қарсы» рухани туристік жорықтары өткізіледі.
Қазақстанда 6 жыл қатарынан «Сарқылмас Саяхат» туристік жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Бұл жәрмеңкенің маңыздылығы, ол жылжымалы түрде жыл сайын республиканың әр аймағында өткізіледі. «Сарқылмас саяхатты» өткізудегі басты міндет ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар қазақстандық туристік ұйымдарға жәрдемдесу, іскерлік келіссөздерді өткізу және тиімді шарттарды қорытындылауға арналған қолайлы жағдайларды құрастыру жолы болып табылады.
Еліміздің туристік әлеуетін айқындау мақсатында министрлік тарапынан шетелдік көрмелерге қатысу жүзеге асырылады, атап айтсақ: «ЕМIТТ» (Түркия, Стамбул); «FITUR» (Испания, Мадрид); «ITB» (Германия, Берлин); «Интурмаркет» (Ресей Федерациясы, Мәскеу); «ITE» (Гонконг); «ATM» (Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай); «WTM» (Ұлыбритания, Лондон).
Жуырда туризм индустриясы комитеті туризм саласындағы республикалық старт-ап байқауының басталуын жариялады. Осы жайлы баяндап беріңізші
2013 жылдың 21 ақпанда пресс-конференция барысында біз республикалық аймақтық старт-ап байқаудың басталғанын жарияладық.
Қазіргі таңда туризм индустриясы қызмет көрсетудің халықаралық саудасында барынша серпінді дамып келе жатқан, Қазақстан экономикасының дамуында маңызды және болашағы бар бағыт болып табылады.
Осыған байланысты, туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан Республикасында түрлі туристік қызметтерде Қазақстан азаматтары және шет ел азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін заманауи, өте тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кластер құру болып табылады.
Байқауды өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын ынталандыру, ал өткізудің міндеті – елдің барлық аймақтарынан ұсынылған старт-ап жобалардың ішінен үздік 10 жобаны таңдау.
Байқау бойынша өтінімдер 21 ақпаннан 21 мамырға дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздары деп аталған жобалар отандық және шетелдік инвесторлардың ақпараттық бүктемелеріне енгізілетін болады
Аталған старт-ап жобалар туралы нақты айтып берсеніз
Бұл жобалар – туристік саланы дамыту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар. Жобаға кез-келген деңгейдегі кәсіпкерлер қатысады. Ең бірінші қойылатын талап – еліміздің табиғатына зиян тигізбеу, экономикамыздың дамуына және туристік саланың дамуына зор үлесін қосу. Экономикалық тиімділігі жөнінде де талаптар қойылады. Еліміздегі туризм саласын дамыту мақсатында инновациялық жоба ұсынған азаматтарға қолдау көрсетілетін болады. Тек ол үшін сенімді бизнес жоспар мен креативті идея болу қажет.
Оставить комментарий