Ермегияев Талғат Амангелдіұлы
12.07.2013, 18:00
|
1969 жылғы 7 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы өнеркәсіп және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясын, 2004 жылы тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі басқару мамандығы бойынша М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, ал 2009 жылы Федералды мемлекеттік білім беретін жоғары кәсіби білім мекемесі «П.Ф. Лесгафта атындағы Ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетін (Санкт-Петербург қаласы) тәмамдап, дене шынықтыру магистрі дәрежесін алған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Халықаралық Ақпараттандыру академиясының мүшесі. 1987-1989 жылдары – армия қатарында. 1993-1998 жылдары – Экономика және әлеуметтік реформалардың халықаралық «Реформа» қорының Алматы бөлімшесінің директорының орынбасары, атқарушы директоры. 1998 - 2002 жылдары – «Рахат» Қазақ - Австрия бірлескен кәсіпорнының бас директор орынбасары. 2002-2006 жылдары – «Қазақстан теміржолы» РМК бас директорының кеңесшісі, атқарушы директоры, құрылыс жөніндегі басқарушы. 2006-2008 жылдары - «Алматы құрылыс» МХҚ бірінші вице-президенті. 2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі, министрі 2026-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің Төрағасы. 2013 жылдың қаңтарынан - «Астана ЭКСПО 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің дамуына зор үлес қосқаны үшін және Қазақстан темір жолының 100-жылдығына орай «Қазақстан темір жолына 100 жыл» медалімен және мемлекеттің конституциялық негіздерінің дамуына және қалыптастыруына зор үлес қосқаны үшін, сондай-ақ ҚР Конституциясының 10-жылдығы құрметіне «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. 2026 жылы Қазақстанда спорттың дамуына салмақты үлес қосқаны үшін «Оскар спорта» марапаттауына ие болған.
|
- Tweet


Пікірлер (24)
Қазақта «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген сөз бар. Біздің ЭКСПО өткіземіз дегеніміз соның кебін кимей ме?
2017 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алдық. Халықаралық маңызы бар шара, әрине, еліміздің беделіне, әлемдік аренадағы абыройына үстемдік қосары сөзсіз. Сонымен бірге, бұл шара экономикамыздың дамуына, азаматтарға көптеген мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.ЭКСПО көрмесінің мәнін барша қазақстандықтар жете түсінгені абзал. Өйткені, ЭКСПО жобасы тек Астана қаласы үшін ғана емес, тұтастай Қазақстан дамуы үшін маңызды. Өйткені, бұл көрменің өзі «жасыл» даму саясатына қосылатын қомақты үлес болмақшы. Осы арқылы қазақстандықтардың өмір сапасын одан сайын жақсартуға болады.
Халықаралық көрмені өткізуге қанша шығын кететіні белгілі ме және одан бізге қайтарым бола ма?
Қанша шығын жұмсалатыны келесі жылы ғана белгілі болады. Бұл үшін алдымен шеберлік жоспары бекітіліп, техникалық кеңес сәулеттік дизайнын таңдауы керек. Екеуі бір-бірімен үйлесуі шарт. Сосын ғана техникалық негіздемеден кейін сметалар әзірленіп, жұмысқа кірісеміз. Ал көрме аясындағы құрылыс келесі жылы басталады деп жоспарлап отырмыз.
Көрме өткізетін болдық деп әуелде у-шу болып едік, қазір барлығы тып-тыныш күйге енген тәрізді. Осы науқаншылдықтан қашан құтыламыз?
Құрметті, Талғат мырза! Сіздің Лондон олимпиадасында қазақтардың мерейін өсіргеніңізді жақсы білеміз және сол үшін дүйім жұрт Сізге риза. Мына жауапты жұмыста да жеңіске жетеріңізге сенімдіміз. Қазір бұл бағытта атқарылып жатқан тіршіліктеріңіз жәйлі айта кетсеңіз дұрыс болар еді.
Қазіргі кезде ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесінің Тіркеу құжаттамасы әзірленуде. Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) талаптарына сай көрмені қабылдайтын қала Халықаралық көрмелер бюросына көрмені сәтті ұйымдастыруға бағытталған, негізгі іс-әрекеттерді сипаттайтын, сонымен қатар олардың орындалу мерзімін орнататын көрме құжаттарының жинағын ұсынуы керек.
30 шілде 1 тамыз күнері аралығынада Астанаға жұмыс сапарымен ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес келіп, Тіркеу құжаттамасын дайындау барысымен танысып кетті.
Екі күн ішінде біз ХКБ Бас хатшысын қазақстандық құжаттамас бөлімдерінің жұмыс нұсқасы көрсетілді. Оның ішінде ЭКСПО 2017 көрмесінің коммуникациялық жоспары, көрме нысандарын пайдалану жоспары, көрменің «Болашақ Энергиясы» тақырыбына арналған бөлімі және тағы басқалары бар, Лоссерталес мырза бізге құжатты жақсарту жөніндегі нақты ұсыныстарын берді.
Тіркеу құжаттамасының соңғы нұсқасын Қазақстан ХКБ-ға биылғы жылдың күзінде тапсырмақ. Одан кейін көрмені тіркеу рәсімі бар, 2014 жылдың жазында бізге ресми түрде ХКБ-нің туы тапсырылып, біз көрмені өткізуге белсенді түрде кірісеміз.
Осыдан бірер апта бұрын 9-22 шілдесі аралығында қазақстандықтар белгілі Интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа логотипі үшін дауыс беруге мүмкіндік алған болатын.
Төрт ай бойы 18 елдің 27 дизайнерлері ЭКСПО 2017 көрмесінің жаңа бейнелемесін жасаған болатын, барлығы 56 логотип дайындалды. Оның ішінде ең үздік деген жетеуі іріктеліп, халықтың назарына ұсынылды.
Сонымен, халықтық дауыс беру қортындысы бойынша «Жасыл энергия» және «Жел энергиясы» атты екі озық үлгі анықталды.
Мемлекеттік комиссияның шешімімен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа фирмалық белгісі ретінде «Жел энергиясы» логотипі бекітілді.
Алдағы уақытта корпоротивтік атрибутикалы брендбукты жасап шығару, сауда белгісін мемлекеттік және халықаралық деңгейде тіркеу жұмыстары бар.
Қазіргі кезде Астана ЭКСПО 2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз–нобайы, соның ішінде ЭКСПО 2017 нысанының символы болатын, Халықаралық сәулет байқауына жұмыстарды қабылдау аяқталды.Байқауға өз жобаларын 20 елдің 50 сәулетшісі мен сәулет компаниялары ұсынды (Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Корея, Ресей, Португалия, Норвегия, Түркия, Тунис, Жапония, Франция, Украина және Қазақстан).
Байқау жұмыстарын екі апта бойы белгілі экономист, АҚШ-тың экономикалық үрдістерді зерттеу қорының Президенті (The Foundation on Economic Trends) Джереми Рифкин жетекшілік ететін арнайы техникалық кеңес саралауда. Кеңес құрамына әлемге әйгілі сәулетшілер мен тұрақты даму мен энергияны үнемдеу саласының білікті мамандары кірді, олардың қатарында қазақстандық сәулетшілер де бар.
Ең үздік деп танылған эскиз-нобайының авторы 150 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын иеленеді.
Байқауға ұсынылған жобаларға баға берілгеннен кейін, 12 мен 16 тамыз күндері аралығында Астана қаласында «Көрме» орталығында қалалық көрме ұйымдастырылады.
Байқау қорытындысы 2013 жылдың қыркүйегінде дейін шығарылатын болады.
Жыл соңына дейін әлі талай іс-шаралар жоспарланған, оны біздің сайттан
http://www.expo2017astana.com/ білуіңізге болады.
Қарапайым халыққа бұл халықаралық көрме не береді? Біздікі осы құр әурешілік емес пе?
Бұл еліміз үшін маңызды оқиға, сонымен қатар ол Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болады деген сенім бар. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу елорданың да, бүкіл республиканың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады.
ЭКСПО көрмесі 2017 жылы үш айға: маусымынан қыркүйекке дейін жалғасады. Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 халықаралық ұйымы қатысып, 2 - 3миллионға жуық адам келеді деп күтілуде.
Астанадағы және оның маңындағы кіші және шағын бизнес, ең алдымен қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға елеулі дүмпу алады. Бұл шара көрме нысандары мен астананың инфрақұрылымын салуға жеке ивестицияның елеулі көлемін тартуға мүмкіндік беретіні анық.
"Болашақ энергиясы" тақырыбы өз кезегінде Қазақстанға жаңа технологияларды тартудың жақсы жолы, сондай-ақ ғылыми-техникалық ойды дамытуға түрткі болары сөзсіз.
Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, көне тарихымен, өнерімен, дәстүрлері мен халқымыздың қонақжайлылығымен таныстырады, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығын жоғарылатады.
ЭКСПО жаңа жұмыс орындарын ашуға жол береді. Көрмеге келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша табыс табу мүмкіндіктері пайда болады. Шағын және орта бизнес иелері, инвесторлар үшін бұл жоғары сатыға көтерілудің жолы.
Жастар үшін тамаша мүмкіндіктер туындайды, ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде волонтерлар ұйымы жанданып, ұйымдастыру жұмыстарында студенттер мен оқушылардың көмегі қажет болады. Бұл орайда барлық жастарға айтарым, бірнеше тілдерді меңгеріп, мемлекеттік маңызы бар шараға ат салысыңыз дегім келеді. ЭКСПО бұл халық үшін, жастар үшін жасалатын көрме.
2017 жылы елімізде ЭКСПО көрмесі, Халықаралық универсиада ұйымдастырылады, елордамыз Астана өзінің 20 жылдығын атап өтпек сондықтан 2017 жыл біз үшін аса маңызды болады.
Құрметті Талғат мырза! Осыдан біраз уақыт бұрын БАҚ беттерінен Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі туралы нақты ақпараттар беріп отыратын журналдың шығатынын естіп қуанып қалып едік. Бірақ, қазір кейбір лауазым иелері тарапынан оны шығаруға түрлі кедергілер жасалып жатыр дейді. Осы рас па? Журнал туралы өзіңіздің жеке пікіріңізді білдіре кетсеңіз.
ЭКСПО көрмесін жазып көрсететін журналистер ғой. Олармен қазір нендей жұмыстар жасалынып жатыр? Арнайы журналистер дайындау ойларыңызда бар ма?
Халықаралық көрме өтетін жер белгіленді деп естідім. Оның құрылысы қашан басталады? Бізге ол жерден жұмыс орны табыла ма, әлде тек шет елдің мамандары тартыла ма?
Бұған дейін хабарланғандай біздің ЭКСПО көрмесіне жүзден астам ел қатыспақшы көрінеді. Дәл бүгінгі күні осы бағытта ниет білдіріп жатқандар бар ма, бар болса қанша елден ұсыныстар түсті?
Бізде болатын көрмеде негізгі тақырып ретінде таза энергия көзін пайдалану алынғанын естідік. Шалғай ауылдар мұның пайдасын көруі мүмкін бе және ол қаншалықты уақытта шешіледі деп ойлайсыз?
Отандық өнертапқыштарға бұл көрме не береді? Олар өздерінің ашқан жаңалықтарын кімге және қалай ұсынулары керек?
БАҚ беттерінде ЭКСПО туралы шығып жатқан материалдар некен-саяқ. Неге теледидарларда арнайы хабарлар ұйымдастырмайсыздар?
Мен түйіні шешілмеген мәселелері мол ауылда тұрып жатырмын. Жеке маған және ауылдастарыма бұл көрме не береді?
казино 7 карт покер правила, интернет казино на андроид бесплатно.
чемпионат россии по покеру, карточная игра 1000 для телефона торрент Игровые Аппараты Онлайн Без Регистрации покер клубы минска.
король покера 2 чит, онлайн казино 100 покер на webmoney азартные игры на пк йошкар ола и игровые автоматы рф это.
игровые автоматы онлайн играть бесплатно лягушки и жабы казино киви адреса челябинск азартные игры игровые автоматы скачать бесплатно qip покер пополнить webmoney играть онлайн бесплатно видео покер и интернет казино хорошей репутацией киви кошелек игровые автоматы резидент онлайн казино зодиак алматы покер на деньги с телефона explay
онлайн казино демо версия играть, либо азартные игры дурак переводной шашки шахматы нарды бесплатно киви кошелек игровые автоматы онлайн вулкан казино бесплатно 2026 покер оплата смс игровые автоматы онлайн бесплатно без регистрации покер онлайн Игровые аппараты вулкан
игры на деньги с бонусом за регистрацию ип киви кошелек игровые автоматы 777 онлайн азартные игры на пк скачать бесплатно xp игровые аппараты оплата банковской картой maestro поиграть игровые автоматы бесплатно мега джек и тактика игры покер 1 1 казино пополнить яндекс деньги qiwi
карточная игра лесенка Лучшие онлайн казино flash покер онлайн бесплатно игровые аппараты пополнение счета киевстар рейк покер старс играть в покер на деньги через телефон игровые автоматы закон ньютона покер на реальные деньги
Оставить комментарий