Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

20.10.2013, 17:58

                                                                                 

1957 жылы Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-лейтенанты.


1979 жылдан бастап – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
1988 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
1989 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
1992 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
1997 жылдан бастап – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Мемлекеттік наградалармен наградталған:
2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»

Отбасы бар, үш бала тәрбиелеуде, жеті немересі бар.

                                                                                

 

  • Tweet

Пікірлер (6)

  • Құрметті министр мырза! Үйімде болған ұрлық оқиғасына орай Сізге блог арқылы қанша хат жаздым, бір мардымды жауап алмадым. тіпті екі айдан кейін басы жоқ, аяғы жоқ бір жауаптар алдым. Сонда екі ай бойы жауап күткенде "Сізге таяу уақытта жауап жіберіледі" деген сөздеріңіз болды. Сізден өтінемін, блог сізді халықпен жалғайтын жалғыз құрал. Сондықтан ең болмаса екі үш күнде бір рет блогтағы халықтың үйніне құлақ түрсеңіз екен.

    • Касымов Калмуханбет Нурмуханбетович
    • /
    • 20.11.2013, 11:06
    • /
    • жауап беру

    2013 жылғы тамыз айының 16 мен 21 аралығында Астана қаласы, Сығанақ көшесі №21/1 үй 26 пәтерде болған ұрлық бойынша 21.08.2013 жылы ҚР ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.
    Қылмыстық іспен тергеу амалдарын жүргізу барысында қылмыскерлер анықталғандықтаң, айып тағылып, іс сот қарауына жолданды.

  • Можем собрать для Вас контакты только Ваших потенциальных клиентов несколько десятков тысяч в течение суток Skype: prodawez389 ICQ: 6288862

  • Қасымовқа сұрақ.
    Құрметті министр мырза! Астанадағы пәтерімде болған ұрлық оқиғасы бойынша Сіздің жеке блогыңызға алты рет хат жазып, екеуине "тергеу амалдары жүруде" деген дежурный жауаптар алдым. Қалған хаттарымының жауаптары Бермудь үштағанына түсіп кеткен шығар, әлі жоқ. Ұрлық оқиғасын тергеу барысында тергеуші Батырхан Ашықбаев ауқымды жұмыс жасады, ал аудандық ішкі істер басқарамасына барып көрсеңіз тергеушілердің қандай жағдайда жұмыс істегенін көрер едіңіз. Тергеушілер жеті-сегіз адам бір кабинетте, бір біріне жұмыс істеу барысында кедергілер туғызып. Бір уақытта тергеушілерге екі- үш адам келсе бітті, түк естілмейді, айғай шу, ызың қиым. Отыратын дені дұрыс орындықтар да жоқ. Тергеушілер отыратын шағын бөлмеде бір қалалық телефон жоқ. Машина жетіспеушілі салдарынан кұдіктінің машианысымен Қарағандыға шығып, екі жедел қызметкеріңіз аварияға түсті. Кұдікті мүгедек болып қалды. Неге? Жедел іздеу толбының жұмысындағы бұл шалағайлықтың алдын алмадыңыздар?
    Ал. Есіл аудандық ішкі істер бастығының қабылдау бөлмесі ипподром сияқты, орынбасары да жеке бір бөлмеде, бірнеше телефонмен отыр. Айтыңызшы. бастықтарға жағдай жасаған дұрыс шығар, бірақ жұмыстың денін жүргізетін мамандарға неге жағдай жасалмай отыр. Сіз Астанада тұрасыз, Астанадағы Есіл аудандық ішкі істер басқрамасына телефон шалмай, ескертпей бір "гражданский" киіммен барыңызшы, зардап шегуші болып,,,, Қажет деп тапсаңыз сөзімді айғақтайтын фото-видео-аудиодеректерімді Сізге бере аламын. Полиция тек басшылықтан ғана емес қызметкерлерден де құралады. Әле мен қате айтып отырмын ба? Осыған орай Сіздің жауабыңызды блогтан емес Бас Редакторлар Клубының сайтынан күтемін. Рахмет! Осы сайтта тұрған тағы бір дежурный жауапты Өзіңізө оқып көрдіңіз бе?

  • Министр мырза! Мен пәтерімдегі ұрлық оқиғасының барысын емес полиция қызметкерлерінің жұмыс істеуіне жасалған "жағдай" туралы сұрап отырған едім.

    • Торебекова Зулпия Шамсиддиновна
    • /
    • 18.12.2013, 18:49
    • /
    • жауап беру

    Құрметті, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрі Қ.Н.Қасымов мырза!
    Мен Сіздің атыңызға поштамен арыз жәбергенмен, екі жылдан бері жауап келмейді. Мен мүмкіндігі шектеулі жағдайдағы журналистпін.Менің немере сіңлімді былтырғы сайлау күні сайлауға түсіп жатқан бас дәрігердің алдын ала улап тастап, кейін сайлауға екі күн қалғанда үйден мәжбүрлеп әкетіп, Заңсыз медициналық көмекке алып, өлтіріп бергені жөнінде арыздарым жолданған. Екі жылға жуық уақыт болып барады.Басараздығым--қоғамға адал қызмет етіп,монопоист биліктің сыбайлас жемқорлығымен күрескенім мен сайлаудың сырын 2010жылы ашып, З.Батталова хатпен салғанымда, телефонымды тыңдаған Тұрғараевтардың Автобустан алып қоюынан, оқылып, қастандық туғандығынан болып отыр.Тұрғараевтар ОҚО тұралатқан жемқор құқық саласының мамандары болып, сатылай отырған сот туыстардың салдарынан, халықтың арызы аяқасты болғандықтан, сол "Кадрлық Қауіпті Коррупция" деген мақалам жазылып салынып еді.Тергеушілер ОҚО Қазығұрт ауданы ІІБ де әділетсіздіктен, қолымызда қалған сіңлімнің негізгі Ауру тарихы дәптерін көріп тұрып, басқа дәптер арнап алып, ішін Ракке толтырып алып, соынмен екі рет сараптамаларды жасатты. Сараптаманы айыпкер дәрігерлердің өзіне жасатты. Сіз мені қай күні қабылдай аласыз? Мен еңбектеніп әрең қозғатқан №12514001100018 Қылмыстық Істі еш сотқа апарта алмады. Сот мед сараптамасы жасалынбады.Қолымда қыруар айғақ бар. Тауыса алмаймын, көз жасыммен жазылған арыздарымды. Мен Ж.Тұяқбайға сеніп, сегіз жыл босқа алданып келіппін.Рухани алданған 3367мүшемнің бетіне қалай қарайтынымды ілмей жүрмін.Өзім филологпін, әрі екінші мамандықтағы заңгермін. Маған көмек керек. Тергемелі сотты күтіп жүрмін. Бас дәрігерден басқасы түсінік жазып, кешірім сұрағансыды. Бірақ бас дәрігер Ж.Атамбекова бәрібір сайланбай қалды. Ол жемқорлықта сіңдімді суық ВА уақытша амбулатроияда "Стационарлық емге" алып, улы дәрілерді салып, тамырынан 14жасар бауырыма ауыр дене жарақатын жасап алып, үйде қойды.Өзіміз Шымкентке апарып, емнен улана салып, тексерткенде табылған дұрыс диагнозын да жасыртқан екен. Бірақ бұл факт қолыма Қырқы күні түсті.Салынған дәрілер жайлы тсініктемелері бар. Медбике Шаумарова бәрін жазып берді.Облыстық прокурор И.Иманов та екі жылдан соң, әрең жауап берді, неге?