ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

04.10.2013, 10:05

Құттықтаймыз!

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Қазақ радиосын және «Шалқар» ұлттық арнасын Астана қаласына қоныс аударып, Елорда төрінен дүйім жұртшылыққа еліміздің еңсесін көтерер, ертеңге сенім ұялатар арынды сөздерін жариялап келе жатқандарына бір жыл толуымен шын жүректен әрі зор ықыласпен құттықтайды!

Бүгін Қазақ радиосы «Шалқар» ұлттық арнасын қоса алғанда тәулігіне 42 сағат тынбай жұмыс істейтін бірден-бір ақпарат құралы. Еліміздің едәуір өңірін және бірқатар алыс-жақын шетелдерді қамтитын бұл арналар әсіресе соңғы уақытта қолға алып жатқан тіршіліктері айтарлықтай. Осы орайда, екі арна бойынша жалпы алғанда жаңа кестеге жүзден астам жаңа бағдарламалар түзілгені көңілге мол сенім ұялатады. Сайып келгенде, бұл жаңа жобалар осы арналардың заман талабына сай жедел жұмыс жасай алатынының айқын көрінісі деуге толық негіз бар.

Сіздерге зор шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілей отырып, қазақ деген ұлттың, Қазақстан деген мемлекеттің мақсат-мүддесі жолында табандарыңыз таймасын дегіміз келеді.

  • Tweet

Пікірлер (0)