Орталық коммуникация қызметін құттықтаймыз!
04.10.2013, 17:00
ҚР Президенті жанындағы
Орталық коммуникация қызметінің директоры
Е. Бабақұмаровқа
Құрметті Ержан Жалбақұлы!
«Бас редакторлар клубы» ҚБ Сізді және әріптестеріңізді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің республиканың ақпараттық алаңында жұмыс жасай бастағанына бір жыл толуымен шын жүректен және көтеріңкі көңілмен құттықтайды!
Сіздің тікелей бастамаңызбен іске кірістірілген жобалар нәтижесінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі бүгінде кешенді коммуникация қызметінің жан-жақты түрлерін көрсететін еліміздегі бірден бір жетекші орталыққа айналып үлгерді. Ол қазір республикалық масс-медиа өкілдерін жедел әрі уақытылы Қазақстанда болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жаңалықтармен жоғары дәрежеде қамтамасыз етіп келеді және осылайша журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға да ықпалын тигізуде.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі сондай-ақ ел өміріндегі жақсы өзгерістерге мұрындық бола отырып, мемлекетіміздің ішкі саяси қалыптылығын нығайтуға, мемлекет пен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты өзара тиімді орнықтыруға, ашық қоғам құрудың алғышарттарын жасауға, Қазақстан Республикасының жағымды имиджін қалыптастыруға зор үлес қосып отыр.
Сізге және қарамағыңыздағы барлық қызметкерлерге жаңа қызықты ізденістер, шығармашылық табыстар, өмірдегі барлық жақсылықтарды және бақытты шақтарды тілейміз!
- Tweet


Пікірлер (0)
Оставить комментарий