Жезқазған аймақтық «Сарыарқа» газетіне – 40 жыл!
21.10.2013, 12:52
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Сіздерді Арқа өңірінде орын алып отырған елеулі оқиға – «Сарыарқа» газетінің қырық жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
«Сарыарқа» газетінің тарихы терең, тағылымы дүйім елдің жадында. Басылым қай кезде де халықтың жағында болып келеді, халықтың сөзін сөйлеп, тілі мен ділін, даналыққа негізделген дәстүрін дамытуға күш салудан бас тартқан емес. Тәуелсіздігіміздің тірегі деп білген еліміздің ынтымағы мен бірлігін жалықпай насихаттауда, аймақтағы жылт еткен жақсы жаңалықтар, қарапайым еңбеккердің, қарымды қайраткердің тұлғалы келбеттері басылым бетінен тұрақты көрініс табуда.
Осындай тынымсыз әрі ырғақты жұмыстың арқасында, сондай-ақ қолға алған істі оңтайлы атқара отырып «Сарыарқа» өңірдің жаңа экономикалық, құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосуда.
Сіздерге мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар мен үлкен жетістіктер, әрбір істеріңізге сәттіліктер тілейміз!
- Tweet


Пікірлер (0)
Оставить комментарий