«Сақшы» және «На страже» газеттеріне – 80 жыл!
20.10.2013, 12:00
«Сақшы» және «На страже» газеттері ұжымына.
Қадірлі әріптестер! Құрметті достар!
Бас редакторлар клубы ел тыныштығының ұйытқысы – «Сақшы» және «На страже» газеттерінің 80 жылдық мерейтойымен сіздерді шын жүректен құттықтайды.
Өз дәуірінің үні бола білу кез келген бұқаралық ақпарат құралдарының пешенесіне жазылмаған бақыт. «Сақшы» және «На страже» газеттері аттары айтып тұрғандай осынау ақпарат әлемінде өздерінің ұстаған бағыты мен ұзақ сапарында тәртіп сақшыларының әрқилы замандағы жарқын еңбегін халыққа жеткізіп, ішкі тәртіпті сақтаудың жауапкершілігін олармен бірге көтерісіп келе жатқан басылымдар.
«Сақшы», «На страже» газеттерінің әр бетіндегі маңызды мақалалар мен толымды туындылар оқырмандар үшін аса қастерлі де қымбат. Өйткені Ішкі істер органының тыныс-тіршілігін көзден таса етпейтін басылымдар қоғамдағы ащы шындық пен өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырған емес және алдағы уақытта да осылай бола беретініне сенім мол.
Әрқашан от ауызды, орақ тілді қаламгерлердің дәстүрін лайықты жалғастыра отырып, республика ақпарат әлемінде жұлдыздарыңыз жарқырай берсін. Ұжым мүшелеріне береке-бірлік, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
- Tweet


Пікірлер (0)
Оставить комментарий