«Вечерний Алматы» газетінің ұжымына
02.12.2013, 19:38
Құрметті Жоров Николай Николаевич! Қадірлі әріптестер!
«Бас редакторлар клубы» ҚБ сіздерді «Жыл таңдауы» ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлығына ие болуларыңызбен шын жүректен әрі зор қуанышпен құттықтайды.
Мұндай ықыласқа газет бәрімізге сүйікті қаламыз Алматының өмірінің сан қилы тұстарын терең де толық насихаттағаны үшін бөленіп отыр. Сондай –ақ, мұны газеттің еліміздегі белгілі әрі беделді басылымдардың қатарынан ойып тұрып орын алғандығының жарқын көрінісі ретінде қабылдаған жөн.
Осындай ерекше айшықты күні редакцияның барлық журналистеріне жаңа шығармашылық табыстар тілей отырып, елімізде әр адамның лайықты өмір кешуіне оңтайлы жағдай туғызуға мүмкіндіктер беретін тақырыптарды көтере беріңіздер демекпіз.
Басылымның барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, сарқылмас рухани күш жігер, зор бақыт тілейміз!
- Tweet


Пікірлер (0)
Оставить комментарий