«Слуги народа» бағдарламасының авторы А. С. Платонов мырзаға

02.12.2013, 19:47

«КТК» телеарнасының «Слуги народа» бағдарламасының авторы және жүргізушісі А. С. Платонов мырзаға

Құрметті Артур Станиславович!

Сіздің «Қоғам тарапынан мойындалу» Жалпы ұлттық ашық халықтық сыйлықтың лауреаты атанғаныңызды көтеріңкі көңілмен қабыл алдық. Бұл демократиялық сыйлықтың ең алғашқы иегері болуыңызды ерекше атап өту де орынды деп білеміз.

Сіздің тікелей бастамаңызбен іске асып жатқан жобалардың еліміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірлерінің түбегейлі өзгеруіне тигізіп отырған оң әсері жеткілікті деуге толық болады.

Бас редакторлар клубы Сізді шын жүректен және зор ықыласпен осы жоғары наградаңызбен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық әрі жаңа шығармашылық табыс тілейді!    

  • Tweet

Пікірлер (0)