Құттықтаймыз!
20.01.2014, 9:54
«Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы А.Ю.Тараков мырзаға
Құрметті Александр Юрьевич!
Бас редакторлар клубы Сізді «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Осынау мәртебелі әрі жауапты қызметке тағайындалуыңызды Сіздің Қазақстан Республикасының өркендеп өсуі жолында атқарған жанкешті әрі жігерлі еңбегіңіздің лайықты бағасы деп қабылдаймыз. Мемлекеттік ақпарат саясатын насихаттауды аса зор жауапкершілікпен және абыроймен атқарып келе жатқан еліміздің ата газетін басқару Сізге жүктеліп отырғаны кездейсоқ емес. Сіз өмірлік тәжірибесі өте бай және талантты журналист ретінде жалпы ұлттық басылымның үздік дәстүрлерін жалғастыруда көп еңбек сіңірдіңіз әрі сіңіріп те келе жатырсыз.
Сізге зор денсаулық, отбасыңыздың амандығын, жаңа жобалардың іске асырыла беруін шын жүректен тілейміз!
- Tweet

Пікірлер (0)
Оставить комментарий