«Қазақ» газетінің бас редакторы Қ.Сәрсекеевке.
01.04.2014, 16:00
Құрметті Қоғабай аға!
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі ыстық ықыласпен әрі шын жүректен Сізді 75 жылдық тамаша мерейтойыңызбен құттықтайды!
Бүгінгідей салтанатты күні журналистік саладағы ерен еңбегіңіз үшін Сізге басымызды ие отырып үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздің тікелей күш-жігеріңіздің арқасында бір ғасырдан соң «Қазақ» және «Айқап» басылымдары өмірге қайта оралды. Ең бастысы, өткен ғасырдың басында бұл басылымдардың көтерген мәңгі ұлт болу идеясы қазір нақты іске бастады. Біз Сіздің басшылығыңызбен бүгінгі күні «Қазақ» және «Айқап» басылымдары Елбасы белгілеп берген Ұлттық идея – «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етіп жатқанына зор ризашылығымызды білдіреміз.
Сізді зор денсаулық, жаныңызға жайлылық, ұзақ жылдық таусылмас шығармашылық табыс тілейміз!
- Tweet

Пікірлер (0)
Оставить комментарий