Сарапшы жауап береді

04.10.2026, 12:57

1.ҚР Парламентінде журналистердің тіркелген белгілі бір тобы жұмыс істейді. Ал, тіркелмеген журналистер үшін Парламентте жұмыс жасау өте қиын. Депуттармен кездесуге келген уақытта тіркелмеген журналистердің диктофондары, фотоаппараттары, түсіру камералары мен жеке басын растайтын куәліктері алынып қояды. Бұл қаншалықты заңды?

-Журналистердің жазу және түсіру құралдарының және олардың жеке басын растайтын куәліктерінің алынып қоюын, Қазақстан Республикасының Парламенті ғимаратына кіру және оның ішінде болудың белгіленген ішкі тәртібінің талаптарымен түсіндіруге болады. Мұндай арнайы Ережелер Парламенттің тіркелген журналистерінің өзіне де қолданылуы мүмкін.

Ережеде осындай шектеулердің бар екендігі туралы және олардың БАҚ қызметкерлерінің құқын шектейтінін және бұларды қисынсыз деп тану жөнінде мәселе қарау үшін, Сіз Парламент Аппараты жетекшісінен аталған Ереженің көшірмесін талап етуіңіз керек.

2.Сот отырыстарының ашық түрде өтетіндігіне қарамастан, оған қатысуға ниеттенген журналистер көп жағдайда түрлі кедергілерге тап болып жатады. Ылғи да Жоғарғы соттың келісімін, не болмаса сот төрағасының рұқсатын, кей жағдайда, тіпті редакцияның қызметі туралы ақпараттар талап ететін кездер де өте жиі ұшырасады. Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, ашық сот отырысына қатысуға рұқсатты қалай алуға болады?

-Алдымен, журналистің сот отырысына дыбыс-, бейнежазу құралдарын пайдалану арқылы қатысу мүмкіндігі, қаралып жатқан сот ісінің сипатына қатысты екендігін атап өту керек.

ҚР ҚПК 19 бабының 8 бөліміне сәйкес, іске қатысушы тұлғалар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтар залдағы өздері отырған орындарынан сот талқылауының барысын жазбаша немесе аудиоқұралдарды пайдалану арқылы жазып алуларына болады.

Сот отырысы барысынан кино- және фотолар түсіру, бейнежазбалар жасау, тікелей радио- және телехабарлар тарату, іске қатысушы адамдардың пікірі ескеріле отырып, соттың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл шаралар сот отырысының барысына кесірін тигізбеуі керек және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

Осылайша, ешқандай рұқсатсыз-ақ, сот мәжілісі залында отырған кез-келген адам азаматтық іс бойынша жүріп жатқан сот талқылауын жазбаша немесе дыбыс жазу құралдарын пайдалану арқылы жазып ала алады.

Бұл Ереже кино және фото түсіруге, бейнежазба жасауға, тікелей радио және телехабарлар таратуға рұқсат бермейді. Аталған құралдарды қолдану, іске қатысушы тұлғалардың пікірі ескеріле отыра, соттың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Қылмыстық істер бойынша процесс барысындағы қандай да бір әрекеттер мүмкіндігін жасауда азаматтық істер бойынша сот процесінің барысын тіркеу қылмыстық істерге қарағанда айтарлықтай өзгеше болады.

Айталық, ҚР ҚПК 326 бабында сот залындағы отырысты суретке түсіру, аудио-бейне жазу мен киноға түсіру  тек, төрағаның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Аталған нормада, қылмыстық іс бойынша процесті тіркеудің қолжазбадан басқа кез-келген түрі, сот ісіне төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Солай бола тұра, егер де азаматтық немесе қылмыстық істерді қарау ашық тәртіпте жүргізілетін болса, онда кез-келген азамат мамандығына қарамастан, сот жетекшісімен алдын ала келісулерсіз және редакция туралы ақпарат бермей-ақ қатысуына болады. Қолданыстағы процессуалдық заңдылықтарға сәйкес, сот ашық сот мәжілісіне қатысамын дегендерге тосқауыл қоя алмайды және сот жетекшілерінің келісімін де талап ете алмайды. 

  • Tweet

Пікірлер (10)

  • Қанай Ұлданай

  • Дос қандай болу керек

  • адал

  • журналистердің еңбек ақсы өте төмен оны қалай түсіндіресіз?

  • Редактордың қоғамдағы орны?

  • Жас журналистерге қандай қолдау бар?

  • TMRIfl qsayjnlffsbx, [url=http://vnpkrymhltjc.com/]vnpkrymhltjc[/url], [link=http://yaatazkhcmuq.com/]yaatazkhcmuq[/link], http://sobhoevhzedb.com/

  • 4RU3E9 uoqrcsotkxeq, [url=http://eewhulpopcxj.com/]eewhulpopcxj[/url], [link=http://tfrnfcmexvtg.com/]tfrnfcmexvtg[/link], http://tlxfmpghjxnn.com/

  • XgVlt9 igckxkzybafv, [url=http://ssgzohobajvr.com/]ssgzohobajvr[/url], [link=http://rgshgmrwhfha.com/]rgshgmrwhfha[/link], http://kvnneotuyusd.com/

  • Сәлеметсіздер ме? Мен Зурманбай Хамария Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Қызыл қайың аулынан хабарласып түрмын. Мен және жолдасым екеуміз 2006 жылы маусым айында Папандопула О.А. дан үй сатып алған едік. Ол үйді сатқан соң бізге үйдің құжаттарын қалдырып, ақшасын алып, Теміртау қаласында тұратынын айтып үйінің менкен жайын жазып , ұялы телефоннының номерін қалдырып кетті. Үш күннен кейін келіңіздер деп құжаттарды біздің атымызға рәсімдейтін болып келістік. Содан кейін үш күн откен соң сол жазып қалдырған менкен жайға бардық, онда Папандопула О.А. тұрмайтын болып шықты, номеріне хабарласқан едік жалған номер екен. Ол кісіні таппаған соң рахымшылыққа бердік. Одан ешқандай нәтижие болмады. Содан кейін аудандық сотқа бердік. Папандопула О.А. ешқандай сотқа келмеді. Торт жылдан кейін аудандық судья Сыздыков Б.М 2010 жылы қыркүйек айында бізге шешім шығарып берді. Сол шешіммен үйдің құжаттарын біртіндеп жасай бердік. Сыздыков қол қоюға тиісті болған кезінде 2013 жылы тамыз айында шешеімін бұзатынын айтты. Себебі Папандопула О.А. құжаттарды анасының атына рәсімдеп жіберген. Сонымен соттың шешімі бұзылып қайта сот болды. Папандопула О.А. бұл жолғы сотқа да келмеді. Тек соттың сонғы күні адвакаты келіп, үйдің құжаттары Папандопула О.А. ға рәсімделіп кетті. Біз енді не істеуіміз керек қандай көмектеріңіз бар. МАҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР КӨМЕК КӨРСЕТІП, БІР ШЕШІМІН ТАУЫП БЕРУЛЕРІҢІЗДІ ӨТІНЕМІН.