Салиқалы пікір алмасу болып өтті

12.10.2013, 18:00

«Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай осы аптада Қарағанды облысының Жезқазған қаласында қоғамдық бірлестіктің аймақтық филиалының мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосу барысында қазіргі журналистиканың өзекті проблемалары, атап айтқанда журналистің статусы, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі, Клуб пен филиалдар арасында барынша тиімді қарым-қатынас орнату жолдары, журналистика қызметінің өзге де күнделікті мәселелері талқыланды.

Өзінің кіріспе сөзінде «Дидар» теледидарының директоры, аймақтық филиалдың төрағасы Базарбай Әлеуханұлы Клубтың осындағы бөлімшесінің заңдылық тұрғыдан ресми тіркеуден өтуі аяқталып қалғанын тілге тиек ете отырып, қоғамдық бірлестіктің жарғысына сай қызметтерді атқаруға дайын екендігін атап өтті және бұл бағытта қазірдің өзінде біршама оң тәжірибенің бар екендігін ескертті. Мәселен, аймақтық филиалдың баспасөз орталығында Клуб мүшелерінің тұрақты кездесулері өтіп, онда қаланың және аймақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өмірлерінің қыр-сырлары төңірегіндегі мәселелердің талқыға түсетіні айтылды. Сондай-ақ, мұнда БАҚ редакциялары арасында ақпараттық қызметтің түйінді мәселелері тұрғысында пікір алмасу жиі болатынына да назар аударылды. Соның нақты куәсі іспетті, осы кездесу барысында «Подробности» газетінің бас редакторы Нина Барбутько пошта қызметінен толық бас тарту арқылы өздерінің көп қаржы үнемдеп отырғандарын, сөйтіп газетке жазылу және оны бөлшек сату бағаларын оқырмандарға тиімді шамада қоюға мүмкіндік туғандығын, соның арқасында басылымның таралымының санын арттыруға қол жеткізгендерін ортаға салып, өзгелерге ой тастады. «Жезказганская правда» газетінің бас редакторы Эльвира Алпанбаева, «Мысты өңір» газетінің бас редакторы Амандық Рахұлы, «Сарыарқа» газетінің бас редакторы Төлеш Асантегі билік жағынан нарықтық бәсекелестік ортаның ережелері сақталмайтынын, сөйтіп орталық мерзімді басылымдарға жаздыруға жеңілдіктер жасалынатынын, әрі оның кері әсері жергілікті баспасөзге тиіп жатқандығын қынжыла жеткізді. Сонымен қатар, олар интернеттің күрт дамуы нәтижесінде дәстүрлі БАҚ-тың болашағына алаңдайтындықтарын жасырмады.

Өз кезегінде К.Жолдыбай кездесуге қатысушыларды Клубтың соңғы болып өткен есеп беру-сайлау Конференциясынан кейінгі атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті. Осы ретте ол бұл жұмыстардың қоғамдық бірлестіктің жарғысына сай және Басқарма отырысында бекітілген жоспар негізінде атқарылып жатқандығын баса айтты. Олар жәйлі барлық ақпарат толықтай ашық жағдайда Клубтың kgr.kz сайты арқылы жарияланып, «Клуб жаңалықтары» айдарымен апта сайын қоғамдық бірлестік мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтеріне, өзге де мүдделі орындарға жіберілетіні ескертілді. Жалпы ол Клуб негізінен журналистердің қалыпты жұмыс жасауына ықпалы мол істерге басымдықтар берілетініне назар аударды. Нақты айтқанда, көпшілік ақпаратқа қолжетімді жағдай туғызу, БАҚ-тағы диффамация үшін қылмыстық жауапкершілікті біржолата жойып, оны азаматтық-құқықтық санатына толықтай көшіру, заң тұрғысынан журналистің статусын анықтау, журналистік біліктілік деңгейін және кәсіби жауапкершілікті арттыру, шығармашылық ауанды нығайту, БАҚ арасында салиқалы бәсекелестікті дамыту Клубтың үзбей айналысып жүрген шаруалары болып танылады. Осы мақсатта Клуб тарапынан тиісті іс-шаралар қабылданып та жатыр. Олардың қатарына «Зейнетақы жүйесін жаңартудың гендерлік аспектісі» атты тақырыпта республикалық БАҚ журналистері үшін ұйымдастырылған семинар-кеңесті, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңының  тиімділігі» тақырыбында өткен әдістемелік семинарды, «Әзілхан Нұршайықов және қазақстандық журналистиканың мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияны, қазіргі журналистканың өзекті проблемалары бойынша Алматыда өткен семинар-тренингті, Клуб мүшелері қатысуымен өтетін ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативті кеңес органының «Адам өлшемдері жөніндегі диалог алаңының» отырысын, «Гүлназ Әлімгерей Мектеп студиясын» қолдау шараларын толық жатқызуға болады.

Сөзін қорытындылай келе Клуб жетекшісі БАҚ-тың негізгі міндеті қоғамның көңіл күйін жеткізу ғана емес, оны қалыптастыруға ықпал жасау екендігін ескертті әрі бұл тұрғыда Клубтың мүмкіндігі зор екендігін атап өтті және соны ұтымды пайдалану керектігіне назар аударды. Жалпы, халықтың жігерін жасытпай, ертеңге деген сенімін оятуды әрбір журналист өзіне парыз ретінде санау керектігін айтты.    

  • Tweet

Пікірлер (13)

  • Action requires knolewdge, and now I can act!

  • Keep these arteclis coming as they've opened many new doors for me.

  • Fell out of bed feeling down. This has breethgnid my day! http://dfpghwr.com [url=http://sazwkoyjnd.com]sazwkoyjnd[/url] [link=http://akthrdo.com]akthrdo[/link]

  • I've been loknoig for a post like this for an age

  • That's an apt answer to an inirseettng question http://erdywjfsqcc.com [url=http://ynoxjrrdlx.com]ynoxjrrdlx[/url] [link=http://saukzwn.com]saukzwn[/link]

  • Knocked my socks off with knleeodgw!

  • Could you write about Phsicys so I can pass Science class? http://qgjynp.com [url=http://aylrvhc.com]aylrvhc[/url] [link=http://zwojdouhne.com]zwojdouhne[/link]

  • Ecinmooes are in dire straits, but I can count on this!

  • Just do me a favor and keep writing such trncahnet analyses, OK? http://yjbtezvphp.com [url=http://qnctwe.com]qnctwe[/url] [link=http://ifulrwppox.com]ifulrwppox[/link]

  • Your story was heliomeds.com levetra really informative, thanks! health insurance quote comparehealthinsur.com cheap life insurance quote bestlifeinsurpolicy.com

  • You've impressed us with comparehealthinsur.com insurance insurance health that posting! heliomeds.com best prices on levitra all bestlifeinsurpolicy.com life insurance finance association

  • Usually, but not always (many states hold that a warranty violation is actionable by the very fact that QuotesChimp occurred), an insurance company seeking to escape liability based on improper conduct must prove the bad intent of the policyholder. They must also show that the false information was of great signifi�cance. Thus, to use a ridiculous example, if you lied about the color of your eyes and the insurance company found out, they would be unlikely to get out of the contract. On the other hand, if you lived in a very rural area and you warranted in a home�owner's policy that you had a phone with which to call the fire department, when in fact you did not, that could be a different story.

  • QuotesChimp now know much, but not all, of the contents of a basic auto insurance policy. We will discuss this more later, but now let's get to the fun part�how you can save money today on your auto insurance policy.