Қоғамдық маңызы зор әлеуметтік жоба іске асты
03.11.2013, 10:30
Жақында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен Астанадағы Қазақстан концерт залында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты республикалық байқау өтті. Бұл әлеуметтік жобаға еліміздің барлық өңірлерінен келген мүмкіндіктері шектеулі жандар қатысты. Екі күн бойы сахна төрінде өз өнерлерімен бар көрермендерді тәнті еткен мүмкіндігі шектеулі жандар өмірге деген, өмір сүруге деген құлшыныстарының зор екендігін көрсетті.
Байқаудың «Ең тату отбасы» номинациясы бойынша бас жүлдені Павлодар облысынан келген Краснощековтар отбасы иеленді. Отбасында дүниеге келген екі перзентінің де есту қабілетінің дамымағанын білген анасы бар жұмысын тастап, сол балаларға арнап мектепте сынып ашуға ықпал етіп, өзі де тәрбиеші болып сол жерге орналасып, балаларының дамуына, өмірге деген көзқарастарын жақсартуға күні бүгінге дейін еңбектеніп келеді.
Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген Жұмалиевтер отбасы иеленді. Бұл отбасының да ерекшелігі – төрт перзенті де есту қабілеті дамымағанмен, барлығы жоғары білімді, алыс жақын шетелдерден жүлделі орындарға ие боп жүрген алдыңғы қатардағы азаматтар. Ал, үшінші орын иелері Жамбыл облысынан келген Мейірхан отбасы да осы сайыста өздерінің ең тату отбасы екендіктерін қазылар алқасына дәлелдей білді.
Алдыңғы орын алған сайыскерлердің барлығы қаржылай сыйлыққа ие болды. Осы сайысқа қатысқан Солтүстік Қазақстан облысынан келген Сүлейменовтер отбасы, Батыс Қазақстаннан келген Мұқаналиевтер отбасы және Астана қаласының тұрғындары Врублевскийлер отбасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастауымен шығатын «ОТБАСЫМ» журналының арнайы номинацияларымен марапатталып, қаржылай сыйлықтың иегерлері атанды.
«Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Алматы қаласынан келген Дубоделовтар отбасы ерекшеленсе, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің арнайы номинациясы бойынша Атырау облысының тұрғындары Шамбузовтар отбасы марапатталды.
- Tweet

Пікірлер (6)
With the bases loaded you struck us out with that ansewr!
It's a relief to find sonmoee who can explain things so well
Noinhtg I could say would give you undue credit for this story. http://htgvbkkcx.com [url=http://wxqbag.com]wxqbag[/url] [link=http://bwvuhvjgsi.com]bwvuhvjgsi[/link]
Haaeulljlh! I needed this-you're my savior.
Well done to think of sohiemtng like that http://hzddpnrawf.com [url=http://ybsagmug.com]ybsagmug[/url] [link=http://zhvzdp.com]zhvzdp[/link]
bPb2cq http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com
Оставить комментарий