Жастар қуаты – Қазақстан қуаты

06.11.2013, 11:37

2013 жылғы 5 қараша күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау – 2013» мерекелік шарасы болып өтті. Оның қонақтары ретінде ҚР Парламенті депутаттары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысып отырды. Бас редакторлар клубы атынан бұл мәртебелі жиынға қоғамдық бірлестік президенті Кенжеболат Жолдыбай мен Клуб мүшесі, «Кітап патшалығы» журналының бас редакторы, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бас директорының орынбасары Ғалия Исақанова арнайы шақырылды.

Мейлінше ауқымды концерт залы студенттік өмірге енді аяқ басқалы жатқан жастарға лық толып, олардың құрметіне университет ұжымының өз күшімен «Жастар қуаты – Қазақстанның қуаты» атты театрланған салтанатты қойылым ұсынылды. Бұл кездейсоқ емес. Бүгінгі бірінші курс студенттері елімізде өтетін «Астана EXPO – 2017» халықаралық көрмеге білікті маман ретінде құйылатынын ескерген жөн.

Іс-шара шығармашыл жастарды біріктіретін «Шаңырақ» театрының театрландырылған көрінісімен, сондай-ақ түрлі халықаралық, республикалық байқауларда университетті лайықты көрсетіп жүрген «Самұрық», «Толғау»,         «Рух дауысы» би ансамбльдерінің мың бұралған билерімен ашылды. Бірінші курс студенттеріне бүкіл әлемді өзінің әдемілігімен әрі ерекше әуенділігімен баурап алған, сөйтіп университеттің мақтанышына айналған студенттік «Вена балы» тамаша тарту жасады. Еліміздің болашақ білікті мамандарына сонымен қатар отандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерін сыйлады.

Әрі қарай университеттің барлық 13 факультеттерінің шеруі басталды. Мұнан соң Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықов құттықтау сөз сөйледі. Ол бірінші курс студенттерінің дұрыс таңдау жасағандарына ерекше тоқталды. Себебі, Халықаралық QS World University Rankings агенттігінің биылғы оқу жылындағы рейтингісінде 17 мың жоғары оқу орындары ішінде Еуразия ұлттық университеті 303-ші сатыға орнығып, ТМД елдерінің бес үздік университет қатарына ену мүмкіндігіне ие болды. Ал Қазақстанда ЕҰУ соңғы екі жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді. Ел Президентінің 2013  жылғы «Алтын сапа» сыйлығына ие болғанын да атап өткен жөн.

Бір сөзбен айтқанда, енді ғана студент атанып отырғандар халықаралық деңгейдегі ең элиталы классикалық университеттен білім алатын болады. Ректор оларға Ақ жол тілей келе, алдыңғы буынның жетістіктерін алға қарай апаратындарына сенім білдірді. Өз кезегінде бірінші курс студенттері соған қатысты ант қабылдады.

Осы ретте, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Бас редакторлар клубы» ҚБ арасында біраз бұрын өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын және оның аясында республикалық деңгейдегі бірқатар іс-шаралардың жүзеге асқанын әрі олар журналистика факультетінің студенттерінің тікелей қатысуларымен өткенін ескерте отыра, қазір университет табалдырығын аттап отырған студенттердің болашақта сол қатардан табыларына сенім мол екендігін атап өту ләзім.         

  • Tweet

Пікірлер (5)

  • If your areclits are always this helpful, "I'll be back."

  • What a pluasere to meet someone who thinks so clearly

  • Learning a ton from these neat arstlcei. http://uzxcyyahwt.com [url=http://uufcamdmdl.com]uufcamdmdl[/url] [link=http://eutxclx.com]eutxclx[/link]

  • I lilalerty jumped out of my chair and danced after reading this!

  • I watned to spend a minute to thank you for this. http://rxnsih.com [url=http://hglilgdpdkb.com]hglilgdpdkb[/url] [link=http://swhtfwfvur.com]swhtfwfvur[/link]