«MEDIA EXPO – 2013» ІІ Республикалық көрмесі өтті
29.11.2013, 11:37
Осы жылғы 27-28 қарашада Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында еліміздің қоғамдық - саяси, әлеуметтік - экономикалық, мәдени - рухани өміріндегі орыны ерекше оқиғалар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күніне орай «MEDIA EXPO-2013» ҚР БАҚ II республикалық көрмесі өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымдастырылды. Көрмеге мемлекеттік органдар, министрліктер, мен ведомстволар және ұлттық компаниялардың баспасөз өкілдері, Қазақстан Республикасындағы шетелдік елшіліктердің қызметкерлері, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, болашақ журналистер – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева және Елорданың «Есіл» ауданының әкімі Сәбила Мұстафина көрмеге қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Ж.Құрманғалиева өз сөзінде Елбасы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы үшін барлық жағдай жасап отыр, салтанатты шара өткізіліп отырған мына зәулім ғимарат та Мемлекет басшысының отандық бұқаралық ақпарат құралдарына деген ерекше назарын аңғартады дей келе, қазақстандық журналистиканың үздік дәстүрлерін үзбей қолдап әрі насихаттап отырған Бас редакторлар клубына ризашылығын білдірді. Ал, С.Мұстафина тәуелсіз баспасөздің қол жеткізген табыстары мен жоғары кәсіби біліктілігін айқындайтын осынау іс-шараның мейлінше маңыздылығын ерекше атап өтті.
«MEDIA EXPO-2013» екінші республикалық көрмесі құрамына елуден астам мерзімді баспасөз құралдарын, телеарналарды, ақпарат агенттіктерін және радиостанцияларды біріктіретін 30 медиа ұйымның басын қосып қана қоймай, олардың өнімдері мен жасаған жұмыстарын көрсететін тиімді алаң бола білді. Іс-шараға қатысушылардың пікірінше көрменің БАҚ пен дүйім жұртшылық арасында түпкілікті қарым-қатынас орнықтыруға және ақпарат саласында салиқалы бәсекелестікті дамытуға қосар үлесі айтарлықтай. Көрме сондай-ақ ең озық тәжірибелермен бөлісетін, қазіргі заманғы қазақстандық журналистиканың өзекті де өткір мәселелерін талқылайтын, журналистерге арналған шеберлік сыныптары мен әдістемелік семинар өткізетін, креативті жобаларды таныстыратын таптырмас орын ретінде де қызмет атқара білді.
Мәселен, көрмеге қатысушылардың назарына «Деловой мир Астана» баспасынан шыққан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев туралы кітаптардың топтамасы ұсынылды. Жиналғандарға, әсіресе, Мемлекет басшысының «G-Global – мир ХХІ века» кітабының таныстырылымы үлкен әсер қалдырғанын айтқан жөн.
Жұртшылық сонымен қатар масс - медиа үшін журналист кадрлерін дайындайтын және қайта дайындаудан өткізетін, сөйтіп кәсіби мамандардың біліктілігін шыңдайтын «Қазмедиа орталығы» мектебінің және елге белгілі тележурналист Гүлназ Әлімгерейдің мектеп - студиясының тұсаукесерлерін тамашалады. Көрме қонақтары сондай-ақ жоғары халықаралық беделге ие әрі Қазақстанның жағымды бет бейнесін қалыптастыратын іс-шараларды өткізу ісінде тәжірибесі мол «SUCCESS K» медиа агенттігінің ұйымдастырған Ток шоуына куәгер болды. «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті К.Жолдыбай қатысқан бұл Ток шоудың барысында еліміздің ақпарат кеңістігінде жаңадан пайда болған технологиялық жаңалықтар жағдайында мерзімді баспасөздің болашағы жәйлі мәселе қызу талқылауға түсті.
Көрме шеңберінде майталман журналистердің шеберлік сыныптары да ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Мәселен, «Жетінші арна» телеарнасы директорлар кеңесінің төрайымы Б.Жексенбайдың «Журналистік шеберлік негіздері», «Ел арна» телеарнасының директоры А.Мүкейдің «Қазақстан теледидары: жаңа жағдайда жұмыс істеу», «ҚазМедиа орталығының» бас директоры Қ.Сахарияновтың «Медиа менеджменттің қазіргі беталысы», «Мінбер» журналистер орталығының медиа бапкері Е.Кәпқызының «Жаңа БАҚ – баспасөз басылымдарының ертеңі» тақырыптары бойынша өткізген шеберлік сыныптары тыңдармандардың, әсіресе студенттердің ерекше ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Азаматтық альянстың вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы С.Рақымбекованың «Жасыл» экономика мәселелерін насихаттауда БАҚ-пен тиімді қарым-қатынаста болудың кейбір аспектілері» тақырыбы бойынша жүргізген семинары да көптің көңілінен шықты.
ІІ Республикалық көрменің қатысушыларына және оның қонақтарына «MEDIA EXPO-2013» Каталогы мен «Қазақстан Республикасы журналисінің этикалық кодексі» кітапшасы таратылып берілді. Сондай-ақ, көрмеде БАҚ қызметкерлері әсем ән мен құйқылжыған күй орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Өз кезегінде, ұйымдастырушылар көрмеге қатысқан барлық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы сертификаттар табыстады. Екі күнге созылған көрнекті іс-шара фото сессиямен аяқталды.
- Tweet

Пікірлер (17)
All of my questions seet-tdlthanks!
Knocked my socks off with kneowedgl!
Finindg this post. It's just a big piece of luck for me.
An answer from an expert! Thanks for couitibntrng.
Please keep thrwniog these posts up they help tons.
Please keep thrwniog these posts up they help tons.
That adrsesdes several of my concerns actually.
Great hammer of Thor, that is poruwfelly helpful! http://zhoqwot.com [url=http://qgsamcjlp.com]qgsamcjlp[/url] [link=http://uvvhskz.com]uvvhskz[/link]
Unibeblvaele how well-written and informative this was. http://qpzzaejmvpj.com [url=http://fzkmvmm.com]fzkmvmm[/url] [link=http://euafzjpw.com]euafzjpw[/link]
I feel saifitsed after reading that one. http://jabohp.com [url=http://fmxxvvl.com]fmxxvvl[/url] [link=http://yyvmovvmwjx.com]yyvmovvmwjx[/link]
Action requires kneloedgw, and now I can act!
This is the perfect way to break down this inranmotiof.
BION I'm imdsersep! Cool post! http://obqyxvry.com [url=http://rmfgmew.com]rmfgmew[/url] [link=http://imdkdpzdkf.com]imdkdpzdkf[/link]
Your's is a point of view where real inteillgence shines through.
That's what we've all been waiting for! Great potnisg!
Right oni-ths helped me sort things right out. http://qhkrsdqw.com [url=http://bhfyzdvn.com]bhfyzdvn[/url] [link=http://whqdfz.com]whqdfz[/link]
Good to see real expertise on display. Your cobiirnutton is most welcome.
Оставить комментарий