Ұлағатты бастама жалғасын тапты
22.12.2013, 11:00
Астана қаласында таяуда елімізде БАҚ-та аянбай еңбек етіп, қоғамның алға жылжуына өлшеусіз үлес қосқан қаламгер азаматтардың есімдерін және еңбек жолын еске түсіріп, жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жүрген «Олардың есімдері жүрегімізде!» атты кеш жалғасын тапты. Осынау игі шараны Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен танымал қаламгер – журналист, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Түгел медиа» бірлестігі басшысы, Бас редакторлар клубының мүшесі Сәдібек Түгел ұйымдастырды.
Алғашқы еске алу кеш 2026 жылғы 4 мамырда өткізіліп, өмірден өткен 14 қаламгер - журналистер еске алынған болатын. Осы жолы да соңғы 1 жыл 7 ай ішінде өмірден озған 10 әріптес - қаламгер аға-апалар еске алынып, олардың шығармашылық жолындағы жетістіктері туралы бейнесюжеттер көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, Ұлы Отан соғысына қатысушы, ардагер – журналист Әскен Набиев, Елбасының жеке операторы Бақтыбай Шаханов, белгілі журналист - әріптестеріміз Ербол Шаймерденов, Владимир Гундарев, Дүкенбай Досжан, Сабыржан Шүкіров, Марфуға Бектемірова, Андрей Тришечкин, Наталья Хабарова, Иван Болучевский сынды азаматтардың ерен еңбектері және өмір жолдары туралы естеліктер мен әңгімелер айтылды.
Кешке қатысушылар мейлінше тебіреністе болып, көздеріне жас алып, елорданың өсіп-өнуіне мол үлес қосқан, журналистика саласында өздерінің қайталанбас қолтаңбаларын қалдырған бауырларды үлкен сағынышпен еске алды. Атап айтқанда, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану және журналистика факультетінің студенттері Қымбат Қалиева мен Айдана Кемелова, ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары, филология ғылымының докторы Бауыржан Омаров, жазушы – журналист Дүкенбай Досжанның жары Сәуле Досжанова жүрекжарды ойларымен және толғаныс сезімдерімен бөлісті. Олар бірауыздан мұндай кештің әлеуметтік мәнінің ерекше екендігін баса айтты және кешті ұйымдастырушыларға деген өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.
Иә, бұл шараның тек шоу жасап, жұрттың көңілін аулау емес, шынайы азаматтық парыз тұрғыда дүниеге келген тың идея ретінде қабылданғанын ерекше атап өткен жөн. Әрі бұл кештің мәні де маңызы да өте зор. Өсіп келе жатқан жастарға берер тәлімі одан да үлкен екені анық. Бір сөзбен айтқанда, бұл жаңа идеяны, ұлағатты бастаманы Қазақстан журналистика тарихындағы тың құбылыс деп қабылдауға толық негіз бар. Олай болса, өткенді саралап, болашағымызға нық сеніммен қарау әрқайсысымыздың мойнымыздағы ортақ міндет есте ұстасақ игі.
- Tweet

Пікірлер (5)
Glad I've finally found sotehming I agree with!
The voice of raaitnolity! Good to hear from you.
Tip top stffu. I'll expect more now. http://hyalukec.com [url=http://aarkmvpt.com]aarkmvpt[/url] [link=http://hlorvifmr.com]hlorvifmr[/link]
That's a morbd-reakel. Great thinking! http://aslwfj.com [url=http://ulxsvv.com]ulxsvv[/url] [link=http://nkgfdhem.com]nkgfdhem[/link]
WeHoms http://www.y7YwKx7Pm6OnyJvolbcwrWdoEnRF29pb.com
Оставить комментарий