Астанада Клуб мүшелері ЕҚЫҰ Орталығы басшысымен кездесті

30.12.2013, 15:19

2013 жылғы 24 желтоқсанда Елордада «Бас редакторлар клубы» ҚБ мүшелерінің Еуразия қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы Орталығының басшысы Наталия Заруднамен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Қазақстанда құқықтық азаматтық қоғамды дамыту мәселелері төңірегінде екіжақты әңгіме айтылып, пікір алмасылды. Кездесуді Клуб президенті Кенжеболат Жолдыбай жүргізіп отырды.

ЕҚЫҰ Орталығының жұмысы туралы Наталия Зарудна жан-жақты сөз қозғады. Осы ретте ол масс-медиа өкілдері назарын әскери-саяси, экономика, экология, гуманитарлық мәселелер және адам өлшемдері бойынша БАҚ үшін семинар-тренингтер мен «дөңгелек үстелдер» өткізу тәрізді ЕҚЫҰ Орталығы қызметінің басым бағыттарына аударды. Сонымен қатар, Орталық тарапынан терроризммен және киберқылмыспен күресу үзбей жүргізіліп келе жатқанын да атап өтті. Наталия Заруднаның айтуынша соңғы жылдары осы бағытта 56 іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілген. Мұның сыртында Орталық алдын алу дипломатиясы, сайлаудың өтуін бақылау, адам құқықтарын сақтау, атап айтқанда сөз бостандығы, ой еркіндігі, ар-ождан және наным-сенім еркіндігі мәселелерін де үнемі назарда ұстайтыны ескертілді.

Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Еуразия қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы қызметіндегі Қазақстанның атқарып отырған рөліне үлкен баға берді. Бұл орайда ол біздің еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығы міндетін  абыроймен атқарғанын, Астана саммиті мен оның қорытындысы бойынша қабылданған декларацияның маңыздылығын және өміршеңдігін ерекше атап өтті. Заруднаның пікірінше Қырғызстанда азаматтық соғысты болдырмауда, Таулы Қарабах қақтығысын реттеуде, Ауғанстанға көмек қолын ұсынуда, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерге оң бетбұрыс беруде Қазақстанның үлесі мол болды. Жалпы, Орталық басшысы Қазақстан Еуропа қауіпсіздігінің жаңа архитектурасын қалыптастыруда да нық қадам жасады деп есептейтінін жеткізді. Дегенмен, ол біздің республика БАҚ бостандығын қорғауда және қолдауда әлі де болса тиісті жұмыстарды атқаруы керек деп санайды. Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметін масс-медиаға барынша ашық болуға шақырды және ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ететін заңның жуық арада қабылданатынына сенімін білдірді.

Аталмыш мәселелер төңірегінде «Человек и Закон» және «Украінскі новини» газеттерінің бас редакторлары М.Башимов пен Т.Чернега, «Жетінші арна» телеарнасы директорлар Кеңесінің төрайымы Б.Жексенбай, «Новое поколение» газеті бас редакторының орынбасары Ю.Жихорь, «Түгел Медиа» бірлестігінің басшысы С.Түгел, «Еуразия» Бірінші арна бас директорының бірінші орынбасары М.Ерман пікірлерімен бөлісті. Олар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығына және оның басшысына республикалық БАҚ-пен ашықтық және ынтымақтастық жағдайында бірлесе жұмыс істеуге мүдделілік танытқандары үшін ризашылықтарын білдіріп, Орталықтың демократиялық принциптерді дамытуға, елімізде қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған іс-шараларының мейлінше өзектілігі мен маңыздылығын атап көрсетті.

Өз кезегінде олар «жасыл» энергетиканы дамыту және діни экстремизм көріністерімен күресуге байланысты жобалардың Астанада «EXPO – 2017» әлемдік халықаралық көрмесінің өткізілуіне орай жалғастыру қажеттілігіне назар аударды. Мәселен, «Еуразия» Бірінші арна бас директорының бірінші орынбасары М.Ерман Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының көмегімен экология тақырыбында жазатын журналистердің пулын жасақтап, «EXPO – 2017» көрмесіне дейін өзге елдерде өтетін халықаралық көрмелерге іс-сапарлар ұйымдастыру арқылы оларды оқытуды қолға алу қажет деп санайды. Діни экстремизмнің алдын алуға қатысты мәселе бойынша ол «Еуразия» Бірінші арна тарапынан арнайы «Араб көктемі» атты телефильмнің дайындалғанына Н.Заруднаның назарын аудара келе, фильмнің ЕҚЫҰ аймағында көрсетілу мүмкіндігін қарастыруды өтінді.

«Украінскі новини» газетінің бас редакторы Т.Чернега 2014 жылы Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл толатынын, кобзарьдің он жыл өмірі қазақ жерінде өткенін, алайда оның осындағы шығармашылығы толығымен зерттелмегенін тілге тиек етті. Ол сондай-ақ алдымызда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 170 жылдығы да тосып тұрғанын жеткізді. Осыған байланысты, айтулы мерейтойларды лайықты өткізу мақсатында Т.Чернега Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесе отырып нақты іс-шаралар ұйымдастыру қажет деген ұсыныс айтты. Осы және өзге де қазақстандық қоғамды толғандырып жүрген мәселелерге байланысты айтылған ұсыныстар Наталия Заруднаның тарапынан түсіністікпен қабылданды әрі тиісті шаралар қарастырылатына уәде берілді.      

  • Tweet

Пікірлер (16)

  • Time to face the music armed with this great innomratiof.

  • At last, soenome who knows where to find the beef

  • Thank you for the good writeup. It in reality was once a entertainment account it. Glance complex to more added agreeable from you! By the way, how could we communicate?
    [url=http://salzwedel33.jigsy.com/entries/general/ball-of-foot-pain]Emily[/url]

  • Finndig this post solves a problem for me. Thanks! http://lrwshfy.com [url=http://ibpnqpgmgy.com]ibpnqpgmgy[/url] [link=http://vcnksn.com]vcnksn[/link]

  • This arictle keeps it real, no doubt.

  • The answer of an exeptr. Good to hear from you. http://mozztrs.com [url=http://ozclngbe.com]ozclngbe[/url] [link=http://fstcxb.com]fstcxb[/link]

  • Hi my friend! I want to say that this article is awesome, great written and include approximately all significant infos. I would like to look extra posts like this .
    Zoey http://adjustableheellifts.blog2blog.nl/

  • Where do I put the one folder and what do I call it?
    Ariana http://www.articlesfactory.com/articles/self-help/how-can-i-grow-taller-quickly.html

  • You completed a number of good points there. I did a search on the subject matter and found most folks will go along with with your blog.
    Guadalupe http://donnalifts.exteen.com/20140201/why-must-healthcare-doctors-market-height-inserts-on-the-int

  • Thanks for helping out, good information. “The laws of probability, so true in general, so fallacious in particular.” by Edward Gibbon.
    Antione http://ultimatelifts.myblog.de/ultimatelifts/art/7794371/Downsides-Of-Leg-Lengthening-Operations

  • My wife and i have been very thrilled when Ervin could finish up his inquiry via the ideas he got out of the web page. It is now and again perplexing to just continually be freely giving ideas that most people may have been trying to sell. So we fully grasp we have got you to appreciate for this. All of the explanations you’ve made, the easy site menu, the friendships your site help promote – it’s all awesome, and it is assisting our son in addition to our family believe that that article is cool, and that is really vital. Many thanks for the whole thing!
    Tim http://www.kiwibox.com/bradick198146/blog/entry/113175075/the-reasons-why-some-people-get-height-increasing-insoles

  • very interesting topic, outstanding post.
    Bailey http://blog.lrytas.lt/feetloosegirl/2014/02/15/problem-on-top-of-foot/

  • Can I just now say that of a relief to locate somebody who truly knows what theyre speaking about online. You in fact know how to bring a difficulty to light and work out it crucial. The diet need to see this and appreciate this side on the story. I cant believe youre no a lot more popular since you certainly possess the gift.
    Elmer http://ajheels.edublogs.org/2010/08/26/ways-to-be-taller/

  • Cxsl6f tvdovgoojdgv, [url=http://bxmyhllhkhnf.com/]bxmyhllhkhnf[/url], [link=http://mjqcwymsjflw.com/]mjqcwymsjflw[/link], http://bcpeeykbizfk.com/

  • Big help, big help. And suptilaerve news of course.

  • In the coaclipmted world we live in, it's good to find simple solutions.