Бас редакторлар клубының 2014 жылғы 27 қаңтар – 2 ақпан аралығында болған жаңалықтары
03.02.2014, 10:00
Құттықтаймыз!
«Бас редакторлар клубы» ҚБ үлкен ықыласпен Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасының бас директоры Базарбай Әлеуханұлын, «Аграрный сектор» журналының бас редакторы Латышев Николай Николаевичті, «Әдебиет» шығармашылығы бірлестігінің директоры - редакторы Саухат Жұмагүл Берденқызын, «Қазақстан теміржолшысы» газетінің бас редакторы Ержанова Лилия Ивановнаны, «Инфо-Цес» газетінің бас редакторы Лесковский Сергей Михайловичті, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Жезқазған қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі Амандық Рахұлын Туған күндерімен құттықтайды!
Сіздер үшін ерекше осы бір айтулы күні сіздердің мемлекетіміздің ішкі саяси қалыптылығын нығайтуда, еліміздің ақпарат кеңістігін дамытуда, қоғамның саяси мәдениетін көтеруге сіңіріп жатқан еңбектеріңіздің орасан зор екендігін айрықша атап өткіміз келеді. Рухани бірлік, өзара төзімділік пен гуманизм тәрізді құндылықтарды насихаттауда да жұмыстарыңыз көңілге қуаныш ұялатады.
Сіздерге мықты денсаулық, жаңа жобаларды іске асыруды және егемен республикамыздың көркейе түсу жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
«Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасы отырысының
№ 9 ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы 30 қаңтар 2014 жыл
Өткізілген жері: «Алтын» бизнес орталығы.
Қатысқандар:
1) К.Жолдыбай, Бас редакторлар клубының президенті
2) Б. Жексенбай, Бас редакторлар клубының вице-президенті
3) В. Салахов, Бас редакторлар клубының вице-президенті
4) Қ. Жанаханов, Бас редакторлар клубының вице-президенті
5) М. Тоқтағазин, Бас редакторлар клубының вице-президенті
6) Ш. Сыздықова, Бас редакторлар клубының вице-президенті
7) Т. Чернега, Бас редакторлар клубының тексеру комиссиясы төрағасы
8) А. Садубаев, «ҚР Ішкі істер органдарының Медиа – орталығы» ЖШС бас директоры
9) Ә. Есілбаева, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры
Шақырылғандар:
А. Омар, «На страже» республикалық газетінің бас редакторы.
Б. Әділжанова, «Сақшы» республикалық газетінің бас редакторы.
А. Коротокова, «Полиция.kz» журналының бас редакторы.
Күн тәртібі:
1. ҚР Ішкі істер органдарының Медиа - орталығының таныстырылымы.
2. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің 2013 жылғы қаржы-шаруашылық жұмысының қорытындысы жәйлі.
3. Бас редакторлар клубының ағымдағы жұмысы туралы.
4. Түрлі мәселелер.
Басқарма отырысы «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Мекеме бас директоры Алмас Садубаев құрамына қазақстандық полицияның тыныс-тіршілігі, бүгінгі бет-бейнесі мен өткені, өзекті мәселелері туралы жан-жақты материалдарды үзбей беретін «На страже», «Сақшы» сынды ведомстволық газеттер мен «Полиция.kz», «Ардагер», «Есірткісіз болашақ», «Наркопост» журналдары кіретін бұл орталықтың 2005 жылдан тұрақты жұмыс істеп келе жатқандығын айтты. Сонымен бірге, орталық жанынан арнайы телестудия ашылғанын, ал оған Алматы қаласынан білікті мамандар жұмылдырылғанын жеткізді. А.Садубаев медиа орталықтың өзін-өзі қаржыландыруда да табысты жұмыс жасап жатқанына тоқталды. Мәселен, соңғы үш жылда орталықтың таза пайдасы бір миллион теңгеден 40 миллионға өскені, сөйтіп бюджетке салық төлеу бойынша қомақты үлес қосылғандығы жөнінде атап өтілді.
«На страже», «Сақшы», «Полиция.kz» басылымдары бас редакторлары да Басқарма мүшелерін өз жұмыстарымен таныстырды. Осы ретте, «Сақшы» газетінің бас редакторы Б.Әділжанова қазіргі уақытта детектив немесе құқық тақырыбында жазатын журналистердің жоқтығы, сондықтан осы саладағы журналистерге кәсіби білім беру тұрғысынан көмектесу қажеттілігі Клубқа мүшелікке өтуге себеп болып отырғанын жеткізді. Жалпы, Медиа орталық туралы толық ақпарат Клубтың kgr.kz сайтында орналасқан «Ізгі істері өзгеге өнеге Медиа орталық» атты мақалада берілгенін атап өткен жөн.
Әңгіме барысында Басқарма мүшелері Клубқа арнайы құқықтық салада шығып жүрген басылымдардың кіруін жақсылық нышан деп таныды. Бұл тұрғыда Б.Жексенбай Медиа орталықтың журналистер мүддесі мен құқығын қорғауға белсенді атсалысатынына сенім білдірді. Осыған орай ол Медиа орталық басшысын, «На страже», «Сақшы», «Полиция.kz» басылымдары бас редакторларын Клубқа мүшелікке алу қажет екендігін айтты және аталмыш ұсыныс бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша атқарушы директор Әсем Есілбаеваның «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің 2013 жылғы қаржы-шаруашылық қорытындысы» жәйлі есебі тыңдалды. Ә.Есілбаева 2013 жылы Клубтың кіріс көздері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан, мүшелік жарналардан, «MEDIA EXPO-2013» көрмесінен түскен табыстан құралғанын жеткізді. Түскен қаржылардың әлеуметтік тапсырыс бойынша өткізілген 6 іс-шараның шығындарын жабуға, мемлекеттік салық төлемдерін, кеңсе жалдау ақысын, телефонға және «Бас редакторлар клубы» ҚБ штат кестесіне сай лауазымдық жалақыларды төлеуге жұмсалғанын хабарлады.
Бас редакторлар клубы тексеру комиссиясының төрағасы Т.Чернега Клубтың кіріс-шығыс құжаттарының талапқа сай рәсімделгенін растады. Т.Чернега биылғы сәуірде өтетін Есеп беру – сайлау конференциясына Клубтың қаржы-шаруашылық жұмысы жәйлі толыққанды ақпарат дайындау үшін тексеру комиссиясының құрамын кеңейту қажеттігін атап өтті. Тиісті талқылаудан соң «Халық сөзі» және «Человек и Закон» газеттерінің бас редакторлары Қуат Әуесбайұлы мен Марат Башимовті оның құрамына енгізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Клубтың Есеп беру-сайлау конференциясын жаңа құрамда өткізу, ол үшін жыл қорытындысы бойынша мүшелік жарна төлемеген әрі ешбір белсенділік танытпаған азаматтарды Клуб мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды. Бұл жөнінде ақпан айының соңына дейін оларды тағы бір қабат ескерту қажеттілігі айтылды. Мәселе Клубтың атқарушы директоры Ә.Есілбаеваға тікелей жүктелді. Сонымен бірге Басқарма отырысының келесі мәжілісінде вице-президент В.Салахов есеп береді деп шешілді.
Соңғы Басқарма отырысынан кейінгі Клуб тарапынан атқарылған іс – шаралармен К.Жолдыбай таныстырды. Атап айтқанда, Астана қаласында «MEDIA EXPO-2013» ІІ Республикалық БАҚ көрмесі өтті. Клуб президенті және қоғамдық бірлестіктің мүшесі Ғ.Мүсіреп Шығыс Қазақстан облысының Семей шаһарында «Кеден одағы елдерімен ақпарат алмасудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша республикалық «дөңгелек үстел» өткізді. Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Дидар» телестудиясының баспасөз орталығында «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің аймақтық филиалының телевизиялы отырысы өткізілді. Клуб мүшелері және бірқатар республикалық БАҚ журналистері Бас Мүфти, ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлымен, Еуразия қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының Астанадағы Орталығының басшысы Наталия Зарудна ханыммен кездесті.
Вице-президент М.Тоқтағазин Италия және Беларусь елдерінде болып «Бас редакторлар клубы» ҚБ жәйлі тиісті ақпараттар берді әрі өзара тиімді әріптестік орнату жолдарын белгілеп қайтты. Астанадағы Балалар үйінде вице-президент Б.Жексенбай басқаратын «Абырой» қоры қайырымдылық акциясын өткізді. Клуб мүшесі С.Түгелдің бастамасымен «Олардың есімдері жүрегімізде» атты бақилық болған әріптес журналистерді еске алу кеші өтті. Астанада Клуб президенті К.Жолдыбайдың басшылығымен «Қазақстандық БАҚ пен Интернеттің бәсекеге қабілеттігін көтеру» тақырыбы бойынша халықаралық семинар-тренинг өтті. Сондай-ақ, К.Жолдыбай Клуб мүшесі М.Башимов ұйымдастырған «Өз - өзіне қол жұмсаумен күресудің әлеуметтік - құқықтық аспектілері» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге», Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» консультативтік кеңестік органның қорытынды мәжілісіне, «Құқықтық медиа – орталық» қоғамдық қорының «Баспасөзді мемлекеттік қаржыландыру: қазақстандық ахуалды талдау және халықаралық тәжірибе» халықаралық «дөңгелек үстелге», Еуразия «Бірінші арна» телеарнасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты телевизиялық жобасына, «Әйелдердің саяси және экономикалық ілгерілеуі – бәсекеге қабілетті әлемге жол» атты республикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі. К.Жолдыбай сонымен қатар Клуб вице-президенті В.Салаховпен бірге Мемлекеттік хатшының қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген мәжілісіне арнайы шақырылды.
Отырыс соңында Клубқа мүшелікке өту жөніндегі Атырау облысының Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің, Жылыой аудандық «Кең жылой» газетінің, Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің, Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің, Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторларынан, «NS Радио – Ұлттық желі» ТРК» ЖШС бағдарлама директоры Т.Сержановтан келіп түскен өтініштер қаралып, талқыланды. Нәтижесінде, олар Басқарма мүшелері ұсынымдары бойынша Клубқа мүшелікке қабылданды.
Сондай-ақ, К.Жолдыбай Астана қаласы ардагерлерінен Жеңістің 70 жылдығына арналған естелік кітап шығаруға Клуб тарапынан көмек беруді өтінген және Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасын «OTAU TV» спутниктік телевидение тегін пакетінің құрамына енгізуге ықпал жасауды сұраған хаттармен таныстырды. Бұл өтініштерді орындау бағытында тиісті іс-шаралардың қолға алынып, нақты жұмыстарды атқару қажеттілігі тапсырылды.
ШЕШІМ:
1. Клубтың тексеру комиссиясының төрағасы Т.Чернега мен атқарушы директоры Ә.Есілбаеваның «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің қаржы-шаруашылық қызметінің 2013 жыл бойынша қорытындысы жәйлі есебі мақұлдансын. Клубтың келесі отырысында вице-президент Видади Салаховтың өзінің қоғамдық міндеті аясында атқарған жұмысы тыңдалсын.
2. 2013 жыл үшін жарналар төлеу мерзімі 1 наурызға дейін тағы да бір мәрте созылсын. Соның қорытындысы бойынша Клуб мүшелерінің жаңа құрамы жасақталып, олардың толық тізімі дайындалсын. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру атқарушы директор Ә.Есілбаеваға жүктелсін.
3. Соңғы Басқарма отырысынан кейінгі Клуб тарапынан атқарылған іс – шаралар туралы Бас редакторлар клубының президенті К.Жолдыбайдың хабарламасы қаперге алынсын.
4. «Бас редакторлар клубы» ҚБ басқарма мүшелерінің ұсынымымен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС бас директоры А.Садубаев, «На страже» газетінің бас редакторы А.Омар, «Сақшы» газетінің бас редакторы Б. Әділжанова, «Полиция.kz» журналының бас редакторы А. Коротокова, сондай-ақ, Атырау облысының Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Т.Дәрелұлы, Жылыой аудандық «Кең жылой» газетінің бас редакторы С.Шәтенова, Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Г.Саликова, Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы Жұмат Бақытжан, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Н.Ергалиев, Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Айдана Жекен, «NS Радио – Ұлттық желі» ТРК» ЖШС бағдарлама директоры Т.Сержанов Клубқа мүшелікке қабылдансын.
5. Астана қаласының ардагерлерінің және Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасының ұжымының өтініштері бойынша нақты жұмыстар атқарылып, хат иелеріне олардың нәтижелері жөнінде тиісті хабарламалар берілсін.
6. «Халық сөзі» және «Человек и Закон» газеттерінің бас редакторлары Қуат Әуесбайұлы мен Марат Башимов «Бас редакторлар клубы» ҚБ тексеру комиссиясының құрамына енгізілсін.
Модератор К. Жолдыбай
Хатшы Ә. Есілбаева
Ізгі істері өзгеге өнеге Медиа орталық.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты ведомство басылымдарының тарихы 1933 жылдың мамыр айынан бері жарық көріп келе жатқан «Сақшы» - «На страже» газеттерінен басталады.
Басылымның алғашқы саны осыдан 80 жыл бұрын орысша нұсқасында шығып, өткен ғасырдың елуінші жылдары газет «Казахстанская милиция» деп аталды. Алпысыншы жылдардан бастап «Сақшы-На страже» деген атпен жарық көріп келеді.
1999 жылы министр Қайырбек Сүлейменовтің тікелей бастамасымен қазақ тіліндегі газетті дербес шығару жөнінде шешім қабылданып, 1 сәуірде Әбдіжамал Сапарқұловтың басшылығымен «Сақшының» бірінші саны өмірге келді. Қазір «Сақшы» және «На страже» газеттері аптасына төрт рет ресми және криминалдық нөмір ретінде жалпы саны 27 мың данамен тиісінше сегіз беттік А2 және 16 беттік А3 форматтары бойынша екі тілде жарық көреді.
Ал, ІІМ-нің ведомстволық журналы 1997 жылғы шілдеден алғашында «Казахстанская полиция», 2010 жылдан бастап «Полиция.KZ» деген атаумен шығып келеді. Бұл журнал қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет 22 мың данамен үзбей шығып келеді.
Мұның сыртында, Қазақстан полициясының тыныс-тіршілігі, бүгінгі бет-бейнесі мен өткені, өзекті мәселелері туралы сыр шертетін «Ардагер», «Есірткісіз болашақ», «Наркопост» журналдары да жарық көреді.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары ардагерлер Кеңесі мен Ішкі әскерлерінің «Ардагер» журналы 2009 жылдан бері шығады. Бұл Кеңес дәуірінен кейінгі елдер арасында баламасы жоқ үлкен жоба екенін атап өткен жөн. Журнал ардагерлер өмірі, республика полициясына қызметке келіп жатқан жастарға аға буынның тәлімгерлігі жәйлі, Қазақстан ішкі істер органдары «ескі гвардия» өкілдерінің қызметі тұрғысында сыр шертеді.
Ал, «Наркопост» тоқсандық журналы 2004 жылдан бері шығып келеді. Басылымда еліміздегі есірткіге қатысты ахуал, есірткі айналымына, бизнесіне қарсы жүргізіліп отырған арнайы іс-шаралар, заңдарға енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы материалдар жарияланады.
ҚР ІІМ-нің «Есірткісіз болашақ» республикалық журналы 2004 жылдан бері жарыққа шығады. Журнал өмір жолын енді ғана таңдаған жас жеткіншектер – жігіттер мен қыздарға арналған. Сонымен қатар, журналда Қазақстанда тиімді жұмыс жасайтын есірткіге қарсы профилактикалық жастар бағдарламасы жарық көреді, есірткі пайдаланудың зияндылығы баяндалады.
Бүгіндері жалпы тиражы 50 мыңнан асып жығылатын бұл басылымдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары Медиа орталығына біріктіріліп қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыруда, ішкі істер органдары қызметкерлеріне азаматтық және адамгершілік қасиеттерді, патриоттық және кәсіби біліктілікті насихаттауда үлкен рөл атқарып отыр. Сондай-ақ, Медиа орталық жанынан арнайы телестудия ашылып осы бағытта нақты ақпараттық өнімдерді дайындап дүйім жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.
- Tweet


Пікірлер (0)
Оставить комментарий