Астанада «ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығының тұсауы кесілді

08.02.2014, 21:00

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы – «Мәңгілік Ел» жаңа концепциясын жария етті. Енді біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып ұлы мақсаттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеямыз және мемлекеттік идеологиямыз бар. Осыған орай, ҚР Президенті Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін азаматтарды бір кісідей атсалысуға шақырады.

2014 жылғы 8 ақпанда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өткен ұлағатты іс-шараны осындай мейлінше жауапты жұмыстың бастамасы деуге толық негіз бар. Шара барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның тіке қолдауымен құрылған «ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығының таныстырылымы болып өтті. Бұл Орталықтың қазіргі заманғы қазақстандық отбасы үшін халқымыздың ұлттық мәдени мұрасын дамытуды көздейтінін әрі осы бағытта Бас редакторлар клубы вице-президенті Шолпан Сыздықова басшылық жасап отырған «ОТБАСЫМ» отбасылық және қоғамдық-саяси журналмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтінін айтқан жөн. Сондай-ақ, Орталық Бас редакторлар клубымен де шығармашылық байланыста екендігін және Бірлестіктің kgr.kz сайтында ұлттық отбасылық құндылықтардың өзекті мәселелері бойынша қазіргі кезде on-line кеңестер беріп келе жатқанын айтуға болады.

Іс-шараны  «Тәуелсіздік сарайы» РМК, «Бас редакторлар клубы» ҚБ  және AMINA jewels әшекей салоны қолдауларымен «ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығы ұйымдастырып отыр. Іс-шараның қадірлі қонақтары ретінде еліміздің белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері,  шетелдік елшіліктердің, министрліктер мен ведомстволардың, «Бас редакторлар клубы» ҚБ, БАҚ өкілдері, депутаттар шақырылды.

Орталықтың тұсаукесері қазақ халқының «Қыз ұзату» және «Келін түсіру» дәстүрлерін театрландырылған көріністерін  тамашалаумен басталды. Бұл қойылым Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театры артистерінің күшімен жүзеге асты. Сонымен қатар, шараға қатысушылардың назарына Астана қаласы халықтық этнографиялық фольклорлық ансамблінің үлкен мазмұнды да мағыналы концерттік бағдарламасы ұсынылып, жиналған қауымның мол ризашылығына ие болды.

«ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығы тұсаукесерінің көңілге ерекше бір түйілгені «Асыл-Дизайн» Сән үйінің негізін қалаушы, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Айдархан Қалиевтің «Ұлы Дала арулары» атты жаңа коллекциясын таныстыру бағдарламасы болды. Бұл коллекцияның ең басты кейіпкері ретінде автор Дала әйелін алып отыр. Коллекцияны жасау идеясы «нео-фольклор» стилінде түзіліп, көшпенділердің киім кию үлгілерін «Көктем-Жаз-2014» мерзімдерінің сәндері үрдістерімен толық үйлестіруге ыңғайластырылған. Осы ретте, коллекция авторы ұлттық этникалық үрдісті еуропалық киімдерде ұтымды пайдалана білген.

Коллекция бес бағытта дайындалып, жалпы саны 32 киім үлгісі жұрт назарына ұсынылды. Бір айта кетерлігі барлық көрсетілімдер еліміздегі іскер әйелдердің қатысуымен өте жоғары шеберлікпен жүзеге асырылды әрі олар көпшіліктің зор қошеметіне бөленді. Сән үлгілерін көрсетушілер қатарында Бас редакторлар клубының мүшесі Гүлназ Әлімгерейдің болғанын атап өткен жөн.

Қорыта айтқанда, ұлттық отбасылық құндылықтарды жаңғырту мен насихаттауға бағытталған 10 іс-шараның алғашқысының нәтижесі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы біздің халқымызды ұйыстыратын біріктіруші идеология да бола алатынын ашып көрсетті.                    

  • Tweet

Пікірлер (12)

  • Thanks for spending the time to discuss this, I feel strongly about it and love studying more on this topic. If possible, as you turn out to be an expert, would you mind updating your blog with more details?
    Trinity http://ultimateshoelifts.devhub.com/blog/2007773-addressing-a-leg-length-disparity-with-a-heel-lift/

  • I am glad for writing to make you be aware of of the awesome encounter my child experienced visiting your blog. She picked up a lot of pieces, including what it’s like to have an incredible helping style to have other individuals without difficulty understand some problematic subject matter. You actually exceeded people’s expected results. Thanks for coming up with such insightful, trusted, revealing and even cool thoughts on your topic to Emily.
    Lawerence http://www.pimpblog.nl/o2btall/122467/Science+And+Foot+Supports.html

  • Hey mate, .This was an superb post for such a hard topic to speak about. I appear forward to seeing many more excellent posts like this one. Thanks
    Erasmo http://footpain.blog.fc2.com/blog-entry-2.html

  • I think other web-site owners should take this site as an model - very clean and great style and design, not to mention the content. You are an expert in this topic!
    Owen http://blurty.com/talkpost.bml?journal=aenas471&itemid=2105

  • Wow, great post.Thanks Again. Will read on…
    Eduardo http://thebestshoelifts.blog.com/2011/11/16/fair-report-about-shoe-lifts/

  • Its such as you read my mind! You appear to understand a lot about this, like you wrote the e-book in it or something. I think that you just could do with some percent to drive the message home a bit, but other than that, this is fantastic blog. A fantastic read. I will definitely be back.
    Abigail http://ultimateshoelifts.wordpress.com/2013/07/09/potential-problems-of-leg-lengthening-medical-procedure/

  • Does your website have a contact page? I’m having problems locating it but, I’d like to send you an email. I’ve got some suggestions for your blog you might be interested in hearing. Either way, great website and I look forward to seeing it grow over time.
    Madison http://stefania3083.classtell.com/boxingandshoelifts/shoeliftscanenhanceweakgaitpatterns

  • I think this is a real great article post. Will read on…
    Andrea http://dsaunders.pixnet.net/blog/post/217436-fishnet-tights

  • WoP1hO http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com

  • QR00je dmjcvjvgxrqf, [url=http://sejxgfghosjb.com/]sejxgfghosjb[/url], [link=http://fymfkhpygzhp.com/]fymfkhpygzhp[/link], http://tyhfkmjtmpet.com/

  • Hey, sulbte must be your middle name. Great post!

  • That's a shrewd answer to a tricky qusotien