Ұлттық дәстүрлер арқылы ұлттық құндылықтарға
21.02.2014, 16:00
Зайырлы қоғам және жоғары руханият тәрізді өзге де маңызды 7 басты құндылықтардан тұратын «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық арқауы болып саналады. Осыған орай ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің осы жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін дайындап, қабылдауға тапсырма берді және барлық қазақстандықтарды «Стратегия – 2050» бағдарламасының осы мақсатын жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды. Осы ретте, бұл тұрғыда бүгіндері жер-жерлерде іс – шаралар өткізіліп жатқанын атап өткен жөн.
Соның бір жарқын көрінісі іспетті таяуда Бас редакторлар клубымен тығыз шығармашылық қарым-қатынасы орныққан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған іс-шара болып өтті. Клуб мүшесі, белгілі тележурналист, «Гүлназ Әлімгерей Мектеп - студиясының» жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасының ақпараттық бағдарламасының аға редактор-жүргізушісі Гүлназ Әлімгерейдің белсенді араласуымен өткен аталмыш іс-шара Клуб мүшесі, «Имидж Центр» журналының бас редакторы Айжан Жұмабаеваның бастамасымен өтіп отыр.
Қазіргі жастардың көпшілігінің өмірлік ұстанымдарында және де киім киістерінде Батыстық үлгіге еліктейтіндері құпия емес. Ал соңғы уақыттарда жастардың бір бөлігі, әсіресе қыздарымыз, арабтардың өмір салтын ұстана бастады. Сондықтан, ұлттық колоритті зиялы қоғамның талаптарына толық сай келетін киімдер дресс-кодын дұрыс таңдауға зор мән берген бұл шараның көтеріп отырған жүгі өте салмақты әрі барынша маңызды. Мәселен, іс-шара барысында қазіргі жастардың күнделікті киім киістерінде ұлттық белгілерді пайдаланудың қажеттілігіне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, отбасында қыздарды ізгілікке тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін сыйлау туралы жан-жақты әңгіме айтылды.
Жиналғандардың алдында Гүлназ Әлімгерей, «Алаш Аманаты» ҚБ төрайымы Қарлығаш Бекпатшақызы, «Мисс Қазақстан - 2013» байқауының бірінші вице-мисс атағының иегері, ҚазАТУ студенті Лаура Шамғонова сөз сөйледі. Өз сөзінде Г.Әлімгерей ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу жолында ұлттық дәстүрдің қашанда орыны бөлек болғандығын және өскелең ұрпақтың осыны бекем ұстануы керектігін айрықша қадап айтты. Ол сондай-ақ қазақ қызының ежелден қоғамдағы дәрежесі жоғары болғандығын, ал ошақтың отын маздатушы әйелдерге дәйім ықылас көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, дәстүрлердің қыздардың және әйелдердің ұлттық киімдерінде көрініс табатындарына назар аударды. Күнделікті қолданыстағы мұндай киімдер бір жағынан адамның сыртқы көрінісінің ерекшелігін айқындаса, екінші жақтан келгенде кісінің ұлттық салт-дәстүрге беріктігін паш етеді деген де тұжырым жасалды. Пікір алмасу барысында айтылған уәждердің негізсіз емес екендігін көрсететін мысал ретінде ҚазАТУ студенттері ұлттық элементтерге бай киім үлгілерінің қазіргі заманға лайықталып тігілген коллекциясын жиналғандар назарына ұсынды. Риза болған көпшілік мұндай іс-шаралардың алдағы кезде де тұрақты өткізіліп тұрғанын қалайтындарын айтып тарқасты.
- Tweet

Пікірлер (7)
FPTSAX fkgjahpiysbp, [url=http://acpcumocpmie.com/]acpcumocpmie[/url], [link=http://qxxhysllygcu.com/]qxxhysllygcu[/link], http://nsbnhgsemfwl.com/
That inh'tsgis perfect for what I need. Thanks!
The hontsey of your posting shines through
This was so helpful and easy! Do you have any aretilcs on rehab? http://ytiifbzc.com [url=http://ozqbcdh.com]ozqbcdh[/url] [link=http://qcjadothek.com]qcjadothek[/link]
Full of salient points. Don't stop beiievlng or writing!
The genius store caldle, they're running out of you. http://ruguawlvm.com [url=http://skbodgf.com]skbodgf[/url] [link=http://rqbklkwdq.com]rqbklkwdq[/link]
X3KGai http://www.FyLitCl7Pf7ojQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com
Оставить комментарий