«Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасы отырысының № 10 ХАТТАМАСЫ
01.03.2014, 15:00
Астана қаласы 27 ақпан 2014 жыл
Өткізілген жері: ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы.
Қатысқандар:
1) К.Жолдыбай, Бас редакторлар клубының президенті
2) Б. Жексенбай, Бас редакторлар клубының вице-президенті
3) В. Салахов, Бас редакторлар клубының вице-президенті
4) Қ. Жанаханов, Бас редакторлар клубының вице-президенті
5) М. Тоқтағазин, Бас редакторлар клубының вице-президенті
6) Т. Чернега, Бас редакторлар клубының тексеру комиссиясы төрағасы
7) Ә. Есілбаева, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры
Қатыспағандар:
Ш. Сыздықова, Бас редакторлар клубының вице-президенті – еңбек демалысында.
Күн тәртібі:
1. Клубтың Есеп беру – сайлау конференциясына дайындық жұмысы
2. Клуб вице-президенті В.Салаховтың есебі
3. Бас редакторлар клубының ағымдағы жұмысы туралы
4. Түрлі мәселелер
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша К.Жолдыбай хабарлама жасады. Ол жыл сайын сәуір айында Бас редакторлар клубының Есеп беру – сайлау конференциясы өтетінін ескерте отырып биылғы жиынды сәуірдің соңғы аптасында өткізуге ұсыныс айтты. Тиісті пікірлер алмасылғаннан соң бұл шара 2014 жылғы 24 сәуірде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өтетін болып шешілді және конференцияның күн тәртібі талқыланып, есепті кезеңде атқарылған жұмыстар жайлы ақпараттық үлестірме материалдарды дайындау туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, 2014 жылдың 30 қаңтарында өткен Басқарма отырысында Клуб мүшелерінің жаңа құрамын жасақтау және олардың толық тізімдерін дайындау жөнінде қабылданған шешімнің орындалысы жайлы атқарушы директор Әсем Есілбаеваның есебі тыңдалды. Ол Клуб құрамынан бірқатар нақты және ассоциация мүшелерінің қоғамдық бірлестіктен байланыстарын біржола үзгендіктен және Клуб Жарғысының мүшелік жарналарды төлеуді міндеттейтін 5.4. және 5.7. баптарын орындаудан саналы бас тартуларына байланысты шығарылғандарын ескертті. Өз кезегінде бірлестіктің аймақтық филиалдарын ассоциация мүшелері деп тануға, оларға жылда төленетін жарналар сомасын өздері тағайындауға және бұл қаржыларды өздерінің қалауы бойынша жұмсауға мүмкіншілік беруге ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс толық мақұлданды және осы жағдайды ескере отырып келесі Басқарма отырысына атқарушы директорге қызметтері жарғылық талаптарға толық сай келетін мүшелердің соңғы тізімін жасақтап әкелу тапсырылды.
Мұнан соң Бас редакторлар клубы тексеру комиссиясының төрағасы Т.Чернега өзінің комиссия мүшелері Марат Башимов және Қуат Әуесбаймен бірлесе өткізген 2013 жылғы ІІ жартыжылдығы бойынша Клубтың қаржы-шаруашылық жұмысы жәйлі ақпарат берді. Ол кіріс-шығыс құжаттарында заң бұзушылық орын алмағанын және талапқа сай рәсімделгенін атап өтті. Клубтың 2014 жылдың І тоқсаны бойынша Клубтың қаржы-шаруашылық жұмысын тексеру актісі жеке жасалатынан ескерте келе, Т.Чернега Есеп беру – сайлау конференциясына бұл актілер жеке дара баяндалатынын атап өтті. Басқарма мүшелері екі актіні де конференцияда бекітуге ұсыныс жасады.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша вице-президент В.Салаховтың өзіне жүктелген міндеттеріне орай жүргізген жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Ол халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты ретінде осы бағытта атқарылған қызметі жөнінде хабарлады. Атап айтқанда, Әзірбайжан және Түркия елдерінде болған іс-сапарлары барысында осы елдердің өкілдерімен кездесіп, өзара байланыс орнатуға нақты қадамдар жасалғанын жеткізді. Мәселен Стамбұлда өткен «Жазба журналистерінің Түркі әлемі Орталығы» құрамына «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің өкілін енгізу туралы келісімге қол жеткізді. Ал, Қырғызстанда осы елдің журналистер кәсіби одағымен кездескенде БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау бағытында тәжірибе алмасудың жолдары белгіленді. Сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасына ақпараттық тур жасауға қатысты өткен келіссөздің нәтижелі болғанын атап өтті, сөйтіп мамырда Бакуге Қазақстан БАҚ өкілдерін жіберу жоспарланып отырғанын жеткізді.
В.Салахов Италия және Беларусь елдерінде болып «Бас редакторлар клубы» ҚБ және осы мемлекеттердің тиісті медиа құрылымдарымен өзара әріптестік орнату жолдарын белгілеп қайтқан М.Тоқтағазинге ризалығын білдіре отырып, екеуі жақын арада Беларусь және Әзірбайжан Елшілерімен кездесу ұйымдастыратынын айтты. Нәтижесінде Басқарма мүшелері Видади Салаховтың есебін қаперге алу керек және шетелдермен байланысты дамыту және нығайту жолында әсіресе елшіліктермен белсендірек жұмыс жүргізу қажет деген шешім қабылданды.
Соңғы Басқарма отырысынан кейінгі Клуб тарапынан атқарылған іс – шаралармен К.Жолдыбай таныстырды. Атап айтқанда, Клуб «ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығының іс-шарасына ақпараттық қолдау көрсетті. Клуб мүшелері А.Жұмабаева мен Г.Әлімгерей С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ұлттық құндылықтарды насихаттайтын іс-шараны өткізді. Сондай-ақ, Клуб Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болашақ журналистердің белгілі публицист, ақын, ғалым Дүкен Мәсімханұлымен, ал «Вечерняя Астана» газеті редакциясында екі астаналық басылымдардың жас журналистерімен «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқармасы төрағасы, Клуб мүшесі Александр Тараковпен кездесулерін ұйымдастырды. Сонымен бірге, К.Жолдыбай «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» телебағдарламасының және «Шалқар» радиосының «Ел және Елбасы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, сөз сөйледі. Ол хабарлар барысында қоғамдық бірлестіктің жұмысы туралы айта отырып, қазіргі заманғы журналистиканың өзекті мәселелерін көтерді, елімізде болып жатқан оқиғалар төңірегінде өз ойларымен бөлісті, радио тыңдаушыларының және телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Отырыс соңында Клубтың материалдық-техникалық жабдықталуы және кезекті есеп беру кезінде уақытша мерзімге келісім шарт негізінде бухгалтер алу бойынша мәселелер қаралып, оң шешімін тапты.
ШЕШІМ:
1. «Бас редакторлар клубы» ҚБ Есеп беру – сайлау конференциясы 2014 жылғы 24 сәуірде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткізілсін.
2. Клубтың есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық жұмысын тексерудің екі актісін бекіту алдағы сәуірде өтетін Конференцияда қаралсын.
3. Атқарушы директор Ә.Есілбаеваға Басқарманың келесі отырысына дейін Клуб мүшелерінің жаңа құрамын жасақтау және олардың толық тізімін дайындау жүктелсін.
4. Вице-президент В.Салаховтың есебі қаперге алынып, бұл бағыттағы жұмысты белсендірек жүргізу керектігі ескертілсін. Осы ретте елшіліктермен тығыз байланыс орнату көзделсін.
5. Клубтың материалдық-техникалық базасын жаңарту белгіленген тәртіп бойынша арнайы комиссия құру арқылы шешілсін.
6. Кезекті есеп беру кезінде Клубқа уақытша мерзімге бухгалтер алу заңда қарастырылған ережеге сай жүзеге асырылсын.
Модератор К. Жолдыбай
Хатшы Ә. Есілбаева
- Tweet

Пікірлер (14)
I'm out of league here. Too much brain power on dilpsay!
If you're reading this, you're all set, panedrr!
You are so awesome for helping me solve this mytsery. http://htqwsgze.com [url=http://otpnso.com]otpnso[/url] [link=http://fnoonw.com]fnoonw[/link]
Great insgthi. Relieved I'm on the same side as you.
At last, sonomee who knows where to find the beef http://qcwpwx.com [url=http://encbfx.com]encbfx[/url] [link=http://fqhikkq.com]fqhikkq[/link]
3ds3NP fsgilwsgiotl, [url=http://neobuplhgtfb.com/]neobuplhgtfb[/url], [link=http://mfajzxclznym.com/]mfajzxclznym[/link], http://phjntmmeoofq.com/
Fell out of bed feeling down. This has brghitened my day!
The truth just shines thurgoh your post
The truth just shines thurgoh your post
The truth just shines thurgoh your post
The genius store caeldl, they're running out of you. http://gxokpwyfo.com [url=http://hftbctaby.com]hftbctaby[/url] [link=http://ixkfmwetuuv.com]ixkfmwetuuv[/link]
The genius store caeldl, they're running out of you. http://gxokpwyfo.com [url=http://hftbctaby.com]hftbctaby[/url] [link=http://ixkfmwetuuv.com]ixkfmwetuuv[/link]
Essays like this are so important to breodaning people's horizons.
Entlhgiening the world, one helpful article at a time. http://inarkwne.com [url=http://euaikwwq.com]euaikwwq[/url] [link=http://zfnmqzmhk.com]zfnmqzmhk[/link]
Оставить комментарий