Бас редакторлар клубының 2014 жылғы 24 ақпан – 2 наурыз аралығында болған жаңалықтары

02.03.2014, 17:00

Құттықтаймыз!

«Бас редакторлар клубы» ҚБ «Кітап патшалығы» республикалық журналының бас редакторы Исақанова Ғалия Бөкейқызын, республикалық «Мегаполис»  газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының басшысы  Нефедова Елена Валентиновнаны Туған күндерімен құттықтайды!

Сіздердің басылымдарыңыз қоғам өмірінің барлық салаларындағы аса маңызды оқиғалар туралы оқырмандарға жан-жақты және үлкен шеберлікпен тиісті ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, еліміздің ақпараттық кеңістігін кеңейтуге, оның тартымдылығын арттыруға мейлінше үлес қосуда. Алдағы уақытта Жаңа Қазақстандық Патриотизмді орнықтыруға күш-жігерлеріңізді аямайтындарыңызға, республикамызда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ақпараттық қолдау көрсете беретіндеріңізге толық сенім артамыз.

Сіздерге мықты денсаулық, тың шығармашылық белестер мен жеңістер және бақыт тілейміз! 

 

Жас журналистерге арналған шеберлік-сыныбы өтті.

 2013 жылғы 29 шілдеде астаналық «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің редакцияларында өткен «Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасының көшпелі мәжілісінде Клубтың жанынан жас журналистердің мектебін ашып, соның негізінде масс-медианың майталман журналистерінің көмегімен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру қажеттілігі туралы айтылған болатын. Қазір бұл бағытта нақты істер қолға алынуда. Атап айтқанда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің болашақ журналистерін еліміздің маңдайалды журналистерімен үзбей кездестіріп, дәрістер өткіздіріп отыру жолға қойылды. Белгілі қаламгер-журналист, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасы төрайымының орынбасары Қайнар Олжай мен республикалық «Жетінші арна» телеарнасының меншікті тілшісі Ирина Абрамова, ҚМДБ баспасөз хатшысы, тәжірибелі журналист Ағабек Қонарбайұлы Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық және облыстық ақпарат құралдарының жас журналистері үшін арнайы шеберлік сыныбын өткізді. Сондай-ақ, Клубтың вице-президенттері Мұратбек Тоқтағазин, Бибігүл Жексенбай және «Рауан» баспа үйінің бас директоры, Клуб мүшесі Ғабит Мүсіреп Шығыс Қазақстан облысының журналистеріне арналған оқу-әдістемелік семинарларды өткізіп қайтты.

Осы бағыттағы кезекті шара 2014 жылғы 25 ақпанда өздері бастамашы болған «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттері редакцияларында өтті. Мұнда бұл басылымдардың жас журналистері «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы, Клуб мүшесі Александр Тараковпен кездесіп, жоғары білікті маманның дәрісін тыңдады. Кездесуге «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай, қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры Әсем Есілбаева, астаналық газеттердің бас редакторлары Ерболат Қамен және Нұрғали Әбілдаев қатысты. Екі сағаттың бедерінде еркін пікір алмасу жағдайында журналистік қызметтің қыр-сыры жайлы толыққанды әңгіме айтылды.

Жас журналистерге Александр Тараков өзінің шығармашылық жолы және кітаптары жөнінде айта келе, оған сеніп тапсырылған еліміздің басты басылымдарының бірі саналатын «Казахстанская правда» газеті редакциясы ұжымының шығармашылығын ұштаудағы тәжірибесімен бүкпесіз бөлісті. Ол жастарға газетті қалай дұрыс жасау керектігі жайлы, ресми материалдарды оқырман қабылдай алатындай қылып дайындау туралы, өзінің кәсібіне адал болу тұрғысында, түрлі жанрлармен ұтымды жұмыс істеу тәсілдері, оқырман жүрегіне жол табу төңірегінде жан-жақты айтып берді. Осы ретте Александр  Тараковтың өзінің өмірлік ұстанымы «Кез келген жұмысты – лайықты, өте жоғары шеберлікпен атқару» екендігін атап өткен жөн. Жалпы, Тараковтың жаңалыққа бейім тұратын мықты шығармашылық тұлғалардың қатарынан екендігін де айту ләзім. Оның шығармашылығында адамдарға, әсіресе шаруа адамдарына деген, олардың еңбектеріне деген құрмет басым. Өзінің басты кейіпкерлерінің мінезін, олардың ішкі жан-дүниелерін аса шеберлікпен аша отырып, нағыз патриоттың өзінің отанымен бірге қандай да қиындықтарды жеңуге атсалысуы, болашаққа сеніммен қарауы қажеттігіне назар аударады. Осылайша ол өзінің замандастарының портрет галереясын жасап үлгерді. Ол кісінің лирикаға жақын екендігін, өз жақындарын күлкілі эпиграммаларымен қуантатынын, зілсіз достық әзілдерімен жан-жағына шаттық сыйлайтынын айтқан жөн және кездесу барысында оған қатысушылар А.Тараковтың осы бір қырымен де танысуға мүмкіндік алды. Өз кезегінде, А.Тараков қазір бұл жанрдың басылымдар бетінен түсіп қалғанына өкініш білдірді.

Тәжірибелі тәлімгер ретінде Тараков жастарды шеберліктерінің шегін кеңейтіп отыру мақсатында өз тараптарынан үзбей оқып үйренуге шақырды, журналистиканың дәстүрлі жанрларын батыл қолдануға кеңес берді, сондай-ақ пресс-релиз дегенге құмар болмауларын өтінді. Кездесу барысында ол жас журналистердің жаңа медиа нарығы жағдайында жұмыс істеу ерекшеліктері, дәстүрлі БАҚ-тардың даму болашағы, фото және инфографиканы баспасөзде пайдалану жолдары тәрізді көптеген сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан мұндай басқосудың кәсіби біліктілікті көтеруге ықпалы мол болатыны және алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың тұрақты жүргізілуі қажеттігі атап өтілді.        

 

«Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасы отырысының

№ 10 ХАТТАМАСЫ

 

Астана қаласы                                                                                                                                                  27 ақпан 2014 жыл

 

Өткізілген жері: ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы.

Қатысқандар:

1) К.Жолдыбай, Бас редакторлар клубының президенті

2) Б. Жексенбай, Бас редакторлар клубының вице-президенті

3) В. Салахов, Бас редакторлар клубының вице-президенті

4) Қ. Жанаханов, Бас редакторлар клубының вице-президенті

5) М. Тоқтағазин, Бас редакторлар клубының вице-президенті

6) Т. Чернега, Бас редакторлар клубының тексеру комиссиясы төрағасы

7) Ә. Есілбаева, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры

             

Қатыспағандар:

Ш. Сыздықова, Бас редакторлар клубының вице-президенті – еңбек демалысында. 

          

Күн тәртібі:

 1. Клубтың Есеп беру – сайлау конференциясына дайындық жұмысы

2. Клуб вице-президенті В.Салаховтың есебі

3. Бас редакторлар клубының ағымдағы жұмысы туралы

4. Түрлі мәселелер

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша К.Жолдыбай хабарлама жасады. Ол жыл сайын сәуір айында  Бас редакторлар клубының Есеп беру – сайлау конференциясы өтетінін ескерте отырып биылғы жиынды сәуірдің соңғы аптасында өткізуге ұсыныс айтты. Тиісті пікірлер алмасылғаннан соң    бұл шара 2014 жылғы 24 сәуірде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өтетін болып шешілді және конференцияның күн тәртібі талқыланып, есепті кезеңде атқарылған жұмыстар жайлы ақпараттық үлестірме материалдарды дайындау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, 2014 жылдың 30 қаңтарында өткен Басқарма отырысында Клуб мүшелерінің жаңа құрамын жасақтау және олардың толық тізімдерін дайындау жөнінде қабылданған шешімнің орындалысы жайлы атқарушы директор Әсем Есілбаеваның есебі тыңдалды. Ол Клуб құрамынан бірқатар нақты және ассоциация мүшелерінің қоғамдық бірлестіктен байланыстарын біржола үзгендіктен және Клуб Жарғысының мүшелік жарналарды төлеуді міндеттейтін 5.4. және 5.7. баптарын орындаудан саналы бас тартуларына байланысты шығарылғандарын ескертті. Өз кезегінде бірлестіктің аймақтық филиалдарын ассоциация мүшелері деп тануға, оларға жылда төленетін жарналар сомасын өздері тағайындауға және бұл қаржыларды өздерінің қалауы бойынша жұмсауға мүмкіншілік беруге ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс толық мақұлданды және осы жағдайды ескере отырып келесі Басқарма отырысына атқарушы директорге қызметтері жарғылық талаптарға толық сай келетін мүшелердің соңғы тізімін жасақтап әкелу тапсырылды. 

Мұнан соң Бас редакторлар клубы тексеру комиссиясының төрағасы Т.Чернега өзінің комиссия мүшелері Марат Башимов және Қуат Әуесбаймен бірлесе өткізген 2013 жылғы ІІ жартыжылдығы бойынша Клубтың қаржы-шаруашылық жұмысы жәйлі ақпарат берді. Ол кіріс-шығыс құжаттарында заң бұзушылық орын алмағанын және талапқа сай рәсімделгенін атап өтті. Клубтың 2014 жылдың І тоқсаны бойынша Клубтың қаржы-шаруашылық жұмысын тексеру актісі жеке жасалатынан ескерте келе, Т.Чернега Есеп беру – сайлау конференциясына бұл актілер жеке дара баяндалатынын атап өтті. Басқарма мүшелері екі актіні де конференцияда бекітуге ұсыныс жасады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша вице-президент В.Салаховтың өзіне жүктелген міндеттеріне орай жүргізген жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Ол халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты ретінде осы бағытта атқарылған қызметі жөнінде хабарлады. Атап айтқанда, Әзірбайжан және Түркия елдерінде болған іс-сапарлары барысында осы елдердің өкілдерімен кездесіп, өзара байланыс орнатуға нақты қадамдар жасалғанын жеткізді. Мәселен Стамбұлда өткен  «Жазба журналистерінің Түркі әлемі Орталығы» құрамына  «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің өкілін енгізу туралы келісімге қол жеткізді. Ал, Қырғызстанда осы елдің журналистер кәсіби одағымен кездескенде БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау бағытында тәжірибе алмасудың жолдары белгіленді. Сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасына ақпараттық тур жасауға қатысты өткен келіссөздің нәтижелі болғанын атап өтті, сөйтіп  мамырда Бакуге Қазақстан БАҚ өкілдерін жіберу жоспарланып отырғанын жеткізді.

В.Салахов Италия және Беларусь елдерінде болып «Бас редакторлар клубы» ҚБ және осы мемлекеттердің тиісті медиа құрылымдарымен өзара әріптестік орнату жолдарын белгілеп қайтқан М.Тоқтағазинге ризалығын білдіре отырып, екеуі жақын арада Беларусь және Әзірбайжан Елшілерімен кездесу ұйымдастыратынын айтты. Нәтижесінде Басқарма мүшелері Видади Салаховтың есебін қаперге алу керек және шетелдермен байланысты дамыту және нығайту жолында әсіресе елшіліктермен белсендірек жұмыс жүргізу қажет деген шешім қабылданды.

Соңғы Басқарма отырысынан кейінгі Клуб тарапынан атқарылған іс –  шаралармен К.Жолдыбай таныстырды. Атап айтқанда, Клуб «ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығының іс-шарасына ақпараттық қолдау көрсетті. Клуб мүшелері А.Жұмабаева мен Г.Әлімгерей С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ұлттық құндылықтарды насихаттайтын іс-шараны өткізді. Сондай-ақ, Клуб Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болашақ журналистердің белгілі публицист, ақын, ғалым Дүкен Мәсімханұлымен, ал «Вечерняя Астана» газеті редакциясында екі астаналық басылымдардың жас журналистерімен «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқармасы төрағасы, Клуб мүшесі Александр Тараковпен кездесулерін ұйымдастырды. Сонымен бірге, К.Жолдыбай «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» телебағдарламасының және «Шалқар» радиосының «Ел және Елбасы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, сөз сөйледі. Ол хабарлар барысында қоғамдық бірлестіктің жұмысы туралы айта отырып, қазіргі заманғы журналистиканың өзекті мәселелерін көтерді, елімізде болып жатқан оқиғалар төңірегінде өз ойларымен бөлісті, радио тыңдаушыларының және телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.  

Отырыс соңында Клубтың материалдық-техникалық жабдықталуы және кезекті есеп беру кезінде уақытша мерзімге келісім шарт негізінде бухгалтер алу бойынша мәселелер қаралып, оң шешімін тапты.

 

 ШЕШІМ:

 1. «Бас редакторлар клубы» ҚБ Есеп беру – сайлау конференциясы 2014 жылғы 24 сәуірде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткізілсін.

2. Клубтың есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық жұмысын тексерудің екі актісін бекіту алдағы сәуірде өтетін Конференцияда қаралсын.

3. Атқарушы директор Ә.Есілбаеваға Басқарманың келесі отырысына дейін Клуб мүшелерінің жаңа құрамын жасақтау және олардың толық тізімін дайындау жүктелсін.

4. Вице-президент В.Салаховтың есебі қаперге алынып, бұл бағыттағы жұмысты белсендірек жүргізу керектігі ескертілсін. Осы ретте елшіліктермен тығыз байланыс орнату көзделсін.

5. Клубтың материалдық-техникалық базасын жаңарту белгіленген тәртіп бойынша арнайы комиссия құру арқылы шешілсін.

6. Кезекті есеп беру кезінде Клубқа уақытша мерзімге бухгалтер алу заңда қарастырылған ережеге сай жүзеге асырылсын.

 

Модератор                                              К. Жолдыбай

 

Хатшы                                                     Ә. Есілбаева

  • Tweet

Пікірлер (10)

  • If you want to get read, this is how you sholud write.

  • This info is the cat's pajasam!

  • Sulgnisirpry well-written and informative for a free online article. http://zghfnu.com [url=http://xowacot.com]xowacot[/url] [link=http://yvydbyvsks.com]yvydbyvsks[/link]

  • Glad I've finally found sontheimg I agree with!

  • usyaLw enyplcceejnb, [url=http://gxxekdorjfej.com/]gxxekdorjfej[/url], [link=http://fwxbfjxxommz.com/]fwxbfjxxommz[/link], http://lqkcccjfqpaw.com/

  • Your article was exllnceet and erudite.

  • Didn't know the forum rules allowed such brliliant posts.

  • Time to face the music armed with this great inrtmfaoion. http://ydvvubrjt.com [url=http://linchhfvqt.com]linchhfvqt[/url] [link=http://joearr.com]joearr[/link]

  • That's a shrewd answer to a tricky quioetsn

  • I read your post and wished I'd writetn it http://xdiqedt.com [url=http://ghztziyehpg.com]ghztziyehpg[/url] [link=http://onlswjp.com]onlswjp[/link]