Бас редакторлар клубының 2014 жылғы 3 -9 наурыз аралығында болған жаңалықтары
07.03.2014, 18:00
Аяулы бикештер мен ханымдар! Ардақты абзал жандар!
Көктем, махаббат және гүлдер мейрамына айналған Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам баласына берілген ең асылдың бәрі – сұлулық, бақыт, қуаныш, үміт, махаббат және ізгілік тек Сіздермен байланысқан!
Сіздерге қамқорлық пен шыдамдылық, мейірімділік пен сұлулық, ізгілік пен махаббат үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің барлық үміт-армандарыңыз орындалсын, Сіздердің әр күніңіз бақытты күлкімен белгіленсін, ал көктем гүлдерінің хош иісімен Сіздердің өміріңізге қуаныш пен табыс кірсін!
Құттықтаймыз!
«Бас редакторлар клубы» ҚБ шын жүректен «Вечерний Талдыкорган» газетінің бас редакторы Бурлуцкая Елена Васильевнаны, «Ел арна» телеарнасының директоры Мүкей Айгүл Адиятоллақызын Туған күндерімен құттықтайды!
Полиэтникалық қоғамның және патриотизмнің қазақстандық моделін қалыптастыру жолында атқарып келе жатқан тынымсыз еңбектеріңізді өте жоғары бағалаймыз және ыстық ықыласымызды білдіреміз. Сіздердің аса бір белсенді жұмыстарыңыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясындағы көзделген игі мақсаттарды жүзеге асыруға толық кепіл боларына сенімдіміз.
Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз!
Құрметті Мұратбек Балқыбекұлы!
«Бас редакторлар клубы» ҚБ Сізді Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі мәртебелі атағын алуыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сізге мықты денсаулық, отбасы амандығын және жемісті де игілікті еңбек тілейміз!
Клуб жетекшісі Жезқазғанда болып қайтты.
Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын XXIV аймақтық «Ұлытау үні» фестивалін ұйымдастырушыларының арнайы шақыруымен «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай таяуда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында болып қайтты. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан Фестиваль биыл Жезқазған қаласының 60 жылдығына арналып, соған орай бір қатар маңызды іс-шаралардың ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Сондай айтулы шаралардың бірі С.Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театрында өткен журналист әрі ақын, «Бас редакторлар клубы» ҚБ Жезқазған аймақтық филиалының төрағасы Базарбай Әлеуханұлының «Қолымда менің қалам бар» атты шығармашылық кеші болды. Аталмыш іс-шараға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Аханов, Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омаров, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының әкімдері Х.Омаров және М.Омаров, Жезқазған қалалық мәслихат хатшысы С.Медеубеков, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер басшылары қатысып, өздерінің ықыластарын білдірді.
К.Жолдыбай шығармашылық кеш иесін Клуб атынан құттықтай келе, ол кісінің өз кәсібіне деген адалдығын, еңбекқорлығын, табандылығын және осы қасиеттерінің арқасында жақсы жетістіктерге қол жеткізіп жүргендігін атап өтті. Мәселен, Жезқазған қалалық «Дидар» теледидарының директоры ретінде Базарбай Әлеуханұлының соңғы 15 жыл аралығында аймақ халқын аса қажетті де сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету жолында еселі еңбек жасап отырғаны айтылды. Осы ретте, Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасының еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде алғашқы болып «OTAU TV» тегін кабельдік жүйесіне енгізілгеніне, ал қазіргі кезде өз аудиториясын кеңейту мақсатында спутниктік желіге қосылудың жолдары қарастырылып жатқанына назар аударылды. Сонымен бірге, Б.Әлеуханұлының қоңыр өмірді қопарып, тіршілікте көңілге қаяу түсіретін көлеңкелі тұстарды болдырмауда Қарағанды облыстық маслихаттың депутаты және «Бас редакторлар клубы» ҚБ Жезқазған аймақтық филиалының төрағасы ретінде әкімшілік және БАҚ мүмкіндіктерін жұмылдырудан тыс ақындығын да ұтымды пайдаланып келе жатқаны тілге тиек болды. К.Жолдыбай сөзінің соңында Б.Әлеуханұлына Бас редакторлар клубының Алғыс хаты мен естелік сувенирін табыстай отырып, ол кісіге Қазақ Елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел ұғымын халыққа терең де түбегейлі түсіндіру әрі сіңіру жолында жемісті еңбек тіледі.
Мәңгілік Ел идеясы сондай-ақ К.Жолдыбайдың «Қазақтың Кетбұғасы» қоғамдық бірлестігінің ақылдастар алқасының бірқатар мүшелерімен кездесу кезінде де әңгіме өзегі болды. Бұл бірлестіктің Ұлытау - Жезқазған өңірінде дүниеге келуі тегін емес. Қазақ елінің бірлігі, ұйытқысы болған Ұлытаудың мемлекетіміздің іргесін қалауындағы орны ерекше десек, небір ұлы тұлғалар ұлт мүддесін қорғау жолындағы жанқиярлық жорықтарын осы киелі өлкеден бастағаны да шындық. Сондай ұлт тұлғаларының алтын әріпті тұғырындағы қазақ тарихында бетке ұстар азаматтарының бірі де бірегейі ретінде Кетбұға Аталық биді мақтанышпен атауға толық болады. Бұл тұрғыда ҚР Президенті Н.Назарбаев Сирия мемлекетіне барған сапарында: «Кетбұға бабамыз түбі бірге түркіге ортақ ұлт тұлғасы», - деп толғана айтқаны белгілі. Сонымен қатар, Елбасының ұлы тұлғаларды білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін еместігін де ескерткені мәлім. Осыған орай, бірлестіктің Кетбұға бабамызға арнайы Жезқазған қаласында «Мәңгілік Ел» тарихи этно-мәдени мемориалдық кешенін салуды және оның дәл ортасына ұлы жыраудың еңселі ескерткішін орнатуды қолға алып отырғаны мейлінше құптарлық екендігін атап өткен жөн.
Пікір алмасу барысында К.Жолдыбай өз кезегінде бірқатар ұсыныстар беріп, бұл игілікті іске Бас редакторлар клубы тарапынан тиісінше көмектер көрсетілетінін жеткізді. Мәселен, Кетбұға бабамыз туралы тарихи деректерді толықтай білу мақсатында «Ұлытаудан Алтайға дейін» атты ғылыми зерттеу экспедициясын бірлесе отырып ұйымдастыру, Жезқазған, Түркістан, Астана қалаларында ғылыми конференциялар мен халықаралық деңгейде симпозиум өткізу, «Нар тұлға» сериясы бойынша арнайы кітап дайындап шығару, БАҚ беттерінде танымдық тұрғыдағы материалдарды беріп отыру, өткізілетін іс-шараларға ақпараттық тұрғыдан тұрақты ақпараттық қолдау көрсетіп отыру тәрізді түрлі ұсыныстар айтылды және негізінен олар қолдауға ие болды. Тараптар алдағы уақытта осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
- Tweet

Пікірлер (6)
j3s0d1 ubdzntqafnfa, [url=http://kwauzhslekxc.com/]kwauzhslekxc[/url], [link=http://phkezrvcyijh.com/]phkezrvcyijh[/link], http://ikszdkvgapuc.com/
For the record, those aren’t my fingers. You can see my hand on your shoulder — which can’t also be behind you at the same time. I think that’s Richard behind you…Karl does read minds. It’s one of his suwoepoprrs.Loeking forward to some rounds of English beer in October on my grand tour of the UK.
This does look prgomsini. I'll keep coming back for more.
It's posts like this that make surfing so much plrasuee http://grorjwvjohg.com [url=http://uutxpikwug.com]uutxpikwug[/url] [link=http://nnammimml.com]nnammimml[/link]
I bow down humbly in the presence of such grteaness.
Hey, that post leaves me feeling foolhsi. Kudos to you! http://ilopfhub.com [url=http://hcmwjjlppo.com]hcmwjjlppo[/url] [link=http://seiedihv.com]seiedihv[/link]
Оставить комментарий