Бас редакторлар клубының 2014 жылғы 10 – 16 наурыз аралығында болған жаңалықтары

17.03.2014, 10:00

Құттықтаймыз!

 

Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық ТВК-6 Медиа-холдингі бас директоры О.Қ.Байуақовқа.

Құрметті Омарбек Қазанғапұлы! 

«Бас редакторлар клубы» ҚБ шын жүректен және зор ықыласпен Сізді Туған күніңізбен құттықтайды!

Сіздің тәжірибелі менеджер, талапшыл, бірақ әділетті басшы, сенімді жолдас тәрізді бойыңызға біткен ерекше қасиетіңіз аймақтан тыс жерлерге де жақсы белгілі. Сіздің  нақты басшылығыңызбен бүгін ТВК-6 Медиа-холдингі республиканың нарықтық ақпараттық кеңістігінде лайықты орынға ие болып отыр. Сонымен қатар, өзіңіздің белсенді өмірлік позицияңыз арқасында Сіз депутаттық қызметіңізде және Бас редакторлар клубының  Семей аймақтық филиалының құрылтайшысы ретіндегі қоғамдық жұмысыңызда мейлінше зор табыстарға қол жеткізіп келесіз.  

Сізге мықты денсаулық, тың шығармашылық ізденістер мен тартымды жеңістер және отбасылық бақыт тілейміз!

 

«Mrs.Media» ЖШС бас директоры Г.Ә.Ізбасоваға.

Құрметті Гүлназ Әлімгерейқызы!

Туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып Бас редакторлар клубы Сізге ізгі ниетпен зор бақыт, мол табыс, жемісті еңбек тілейді!

Қазақстандықтар Сізді жоғары білікті маман және талантты журналист ретінде жақсы біледі. Сіздің еліміздің ең үздік тележүргізуші атағына ие болғаныңыз да белгілі. Сондай-ақ, Сіздің бастамаңызбен іске асырылып келе жатқан «Гүлназ Әлімгерейдің Мектеп студиясы» жобасының жаңа заманның жаңа журналистерін дайындауға және масс-медиа қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруге қосып отырған үлесі үлкен екендігін қанағаттанарлық сезіммен атап өтеміз.

Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында жасап жатқан табанды да тиянақты еңбегіңізге ризашылығымызды білдіреміз және алдағы уақытта да Сізге тың шығармашылық табыстар тілейміз. Отбасыңыз аман, деніңіз сау, көңіл-күйіңіз көтеріңкі бола берсін!     

 

Әзірбайжан Республикасының елшілігінде кездесу болып өтті.

«Бас редакторлар клубы» ҚБ қызметінің басымдық бағыттарының бірі жақын және алыс шетелдермен тиімді ақпараттық ынтымақтастықты дамыту әрі нығайту негізінде Қазақстанның имиджін көтеру болып табылады. Қазіргі кезде бұл тұрғыда оң тәжірибелер баршылық. Мәселен, Клуб бас офисі АҚШ мемлекетінде орналасқан Халықаралық медиа этикасы орталығының (CIME) шығармашылық серіктесі ретінде аталмыш орталықтың өтініші бойынша өз тарапынан атқарылған жұмыстар жәйлі материалдарды Еуразия мен Америка елдеріне тарату үшін аракідік жіберіп келеді. Бірлестік тарапынан сондай-ақ ТМД және Прибалтика елдерінің бас редакторлар Клубының мүшесі ретінде олармен ақпараттар алмасып отыру тәжірибеге енгізілді. Мұның сыртында кейбір Басқарма және Клуб мүшелері шетелдерге сапар шеккен кездері біздің еліміз жөніндегі ақпараттарды беріп қана қоймай, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеудің жолдарын да қарастыруда. Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің арасында ақпарат алмасу мәселелерін түбегейлі талқылау мақсатында Семей қаласында 2013 жылғы желтоқсанда Клуб тарапынан арнайы республикалық «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Қазақстан мен өзге елдердің арасында үзбей ақпарат алмасуды одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Клуб еліміздегі шетелдік елшіліктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуды қолға ала бастады. Соның бір айқын көрінісі іспетті Астана қаласында үстіміздегі жылғы 11 наурызда Бас редакторлар клубының мүшелері Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің бірқатар қызметкерлерімен кездесу өткізді. Әзірбайжан Республикасының елшісінің кеңесшісі Әһмәдов Шаһин Мәммәдхан оғлу, елшіліктің бірінші хатшысы Гаджалиев Фаик Севдагар оғлу, үшінші хатшы Новрузов Эльнур Новруз оғлу және атташе Нэмат Әлиев қонақтарды жылы қарсы ала отырып, оң ниеттерін білдірді. Мұндай ықылас кездейсоқ емес. Біз Әзірбайжанмен түбі бір туыс әрі тағдыры ортақ халықпыз. Сонымен қатар, елімізде тұрып жатқан 150 мыңдай әзірбайжан диаспорасы екі мемлекетті одан сайын өзара жақындастырудың айнымас көзі болып отыр. Әзірбайжанда соңғы 20 жыл бойы Гейдар Әлиев атындағы «Әзірбайжан – Қазақстан» достық қоғамы табысты жұмыс істеуде. Қазақстан мен Әзірбайжан арасында мемлекетаралық қатынастың барлық жақтарын қамтитын кең көлемді құқықтық-келісім базасы жасақталып, ол өз кезегінде бауырмашылық байланысты орнықтыруға мүмкіндік беріп отыр. Екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиевтің өзара сыйластығы мен достығының арқасында мұндай байланыс жыл өткен сайын тек нығая түсуде.

Кездесу барысында бұл үрдіске екі елдің медиа қауымдастығы да өзінің нақты үлестерін барынша қоса алады және солай етуге міндетті деген байлам жасалынды. Ол үшін БАҚ өкілдері бір-бірлерімен тұрақты кездесулері қажет және бірлескен жобаларды жоспарлай әрі талқылай отыра Бас редакторлар клубының үйлестіруімен жүзеге асырулары керек. Тараптар сонымен қатар екі елдің экономикалық та, әлеуметтік те тұрғыдан журналистердің жазып көрсететін ортақ мәселелерінің көптігі жөнінде біржақты шешімге келді.      

Осы ретте, Әзірбайжан Республикасының елшісінің кеңесшісі Әһмәдов Шаһин Мәммәдхан оғлу екі ел БАҚ өкілдерінің жақындасуларын мейлінше қалайтынын жеткізді. Ол журналистер атқаруға тиісті жұмыстар жеткілікті деп есептейтінін айтты. Оның ойынша журналистер түркі әлемі идеясын жан-жақты аша отырып және күш жігерді біріктіре келе бұл бағытта жазылған ғылыми еңбектерді барынша жариялай алады. Ол алғашқы қадам ретінде екі елдің телеарналары арқылы ұлттық киностудияларының фильмдерін көрсету қажет деген ұсыныс білдірді.

Өз кезегінде сөз сөйлеген Бас редакторлар клубы вице-президенттері Бибігүл Жексенбай, Видади Салахов, Мұратбек Тоқтағазин, Клуб мүшелері, «Новое поколение» республикалық саяси-қоғамдық газетінің Астанадағы өкілдігінің басшысы, аталмыш басылымның бас редакторының орынбасары Юлиана Жихорь, «SUCCESS K» Медиа - агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова және «Казахстанская правда» республикалық газетінің шеф-редакторы Сәбит Малдыбаев өздерінің азербайжандық әріптестерімен тығыз ынтымақтастық орнатуға аса мүдделі екендіктерін атап өтті. Олар сондай-ақ бір-бірлерімен байланыста бола отырып орын алған оқиғалар тұрғысындағы материалдарды жедел әрі мұқият дайындауға өз ықтиярлықтарын жеткізді,  тілшілер қосындарын ашудың, өзекті тақырыптар бойынша тікелей эфирлер ұйымдастырудың, телевизиялық фильмдер және бағдарламалар алмасудың мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен бірге екі елдің жоғары оқу орындары тарапынан журналистика саласының студентерімен алмасуды дұрыс жолға қою мәселесі айтылды және ағымдағы жылғы мамыр айында Баку қаласына қазақстандық БАҚ өкілдерінің ақпараттық турын ұйымдастыру да сөз болды.

Орын алған пікір алмасудың маңыздылығын айта отырып кездесуге қатысушылар бірауыздан бұқаралық ақпарат құралдарының тек Қазақстан және Әзірбайжан халқының арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтып қана қоймай, екі мемлекеттің стратегиялық келісім шарттарын іс жүзіне асырудың қарымды құралы да бола алатынына ерекше назар аударды.

 

Меморандум аясында тағы бір маңызды іс-шара өтті. 

 «Бас редакторлар клубы» ҚБ жанындағы Жас журналистер мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласында 2014 жылғы 14 наурызда «Туран Times» халықаралық саяси-қоғамдық газеті бас редакторы, Бас редакторлар клубының вице-президенті В.К.Салахов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің болашақ журналистерімен шеберлік сыныбын өткізді. «Бас редакторлар клубы» ҚБ мен «Журналистика және саясаттану» факультетінің бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шараға сонымен қатар «Баспасөз және баспа ісі» мен «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедраларының басшылары және оқытушылары қатысып отырды.

Факультет деканы Қайрат Сақ кездесуді ашу сәтінде өткен 2013 жылғы 28 маусымда «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК және «Бас редакторлар клубы» ҚБ арасында шығармашылық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуының арқасында республикалық БАҚ үшін сапалы мамандар дайындауға ықпалы мол іс-шаралар тұрақты өткізіліп келе жатқанына ерекше назар аударды. Бүгінгі кездесудің де соның бір айғағы дей отырып, факультет басшысы бұл басқосудың студенттерге берері көп екенін айтты. Өйткені, тарих ғылымдарының докторы В.К.Салахов республикадан тыс жерлерде де өте танымал тұлға. Ол Рим қаласының құрметті ғалымы, Ганновер университетінің «Алтын қыран» орденінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының біздің республикадағы басшысы. Қайрат Сақ профессор В.Салаховты факультетпен шығармашылық ынтымақтастыққа шақыра келе, студенттерге сабақ берумен айналысуға ұсыныс жасады.

Өз кезегінде Видади Кора оғлу бұл ұсынысты аса зор ілтипатпен қабыл алатынын және осынау жоғары сенімді ақтау үшін білімі мен бар күш жігерін аямайтынын жеткізді. Өзінің осы шешімін ол ақпараттық өрістің болашағы бүгінгі студенттерге тікелей байланысты екенімен, сондықтан бұл процестен сырт қала алмайтынымен түсіндірді. Осы орайда, В.Салахов Еуразия ұлттық университетімен Әзірбайжан университеттерінің араларында тығыз ғылыми әрі шығармашылық байланыстарды орнықтыруға ұмтылатынын атап өтті.

Сонымен қатар В.Салахов студенттерді бірінші кезекте өз Отанының патриоты болуға, Стратегия-2050  бағдарламасының басты мақсатын жүзеге асыру жолындағы жұмысқа белсене араласуға, ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы, ұлы мақсаттарға жетелейтін идеямыз саналатын Мәңгілік Ел идеясын баянды етуге лайықты үлес қосуға шақырды. Тарихшы ретінде В.Салахов Мәңгілік Ел және Түркі әлемі идеяларының алға қойып отырған мақсаттарының ортақ екендігіне назар аудара отырып, ол жиырма мың шақырым аумақтағы ширек миллиондай халқы бар түркітілдес елдердің әлем өркениеті дамуына қосқан зор үлесін аудиторияға нақты дәйектемелер және бұлтартпас дәлелдер негізінде егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2026 жылғы тамызда Бішкекте өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Саммитінде «түркі әлемі» ұғымын сіңіру бағытындағы жұмыстың маңыздылығына ерекше тоқталуы, сондай-ақ ТЮРКСОЙ ұйымының басымдық қызметі ретінде түркі мұраларын зерттеуді және сақтауды, сөйтіп оларды өскелең ұрпаққа жеткізуді анықтауы кездейсоқ емес екендігін де атап өтті. В.Салахов түркітілдес мемлекеттердің барлығы Қазақстанды Түркі әлемінің ортақ үйі, ал біздің Елбасымызды оның лидері деп мойындайтындарына назар аударды. Осыған байланысты ерекше мысал келтіре кетті. «Түркияда қанша қазақ тұрады?» деген сауалға біз тәуелсіздік алған жылы сол кездегі осы елдің президенті марқұм Тұрғыт Өзал кеудесін кере аса зор мақтанышпен 70 миллион деп жауап бергені қазір екінің біріне жақсы мәлім. Сол тұста Түркия басшысының Қазақстанды жарқын болашақ күтіп тұр дегені де белгілі.

В.Салаховтың пікірінше, шындап келгенде, барынша қарқынды даму үшін бүгін Қазақстанның мүмкіншілігі зор. Бүкіл әлем Қазақстан тарапынан жаһандық қауіптің жоқтығына сүйенеді. Сондықтан саяси қатерлерді бағалай келе, дүниежүзілік институттар Қазақстанға сенімдерін мейлінше арттыруда. Қазақстанда сондай-ақ түрлі мәдени этностық топтардың дамуына толық жағдай жасалынған. Яғни, бұл жер әркімге жәйлі мекен болып отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстан өзінің бағыт-бағдарларында мультимәдени ұстанымды басшылыққа алып отыр. Мынаны да есте ұстаған жөн. Қазақстан Азияның нақ жүрегінде орналасқан. Бүгінде экономика орталығы Еуропа және Америкадан Қытай мен Тынық мұхиты аймағындағы елдерге қарай ауысып келе жатқанын, сөйтіп экономиканың тамырының күшті бүлкілі осы жерден соғатынын ескерсек, Қазақстан үшін бұл өте тиімді деуге тұрарлық.

Осындай тұста Қазақстанға білікті мамандар мен білімді азаматтар өте қажет дей келе, В.Салахов бүгінгі жастарға үлкен сенім артатынын жеткізді. Осы орайда ол кейбір БАҚ редакцияларында білікті мамандардың жұмыстан шығарылып жатқанына алаңдаушылығын білдіре отырып, мұндай келеңсіз жағдайлармен күресуге журналистер қауымдастығын шақырды. Сонымен бірге журналистердің өз міндеттерін орындау барысында зияткерлік пен аса жоғары ізгілік принциптеріне адал болуларына назар аударды.

Журналистердің жауапкершілігінің өте жоғары болуы қажеттілігін Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай да атап өтті. Ол елімізде тұңғыш Қазақстан журналисінің этикасы қабылданғанын кездесуге қатысушылардың есіне сала отырып, студенттерге онымен мұқият танысуды және алдағы уақытта жұмыстарында басшылыққа алуларын өтінді. Кодекстің сөз бостандығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның мәдени деңгейін көтеруге әрі әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға жол ашатынын ескертті.

Шара барысында «Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасы және Клуб мүшелері атынан К.Жолдыбай «Журналистика және саясаттану» факультеті деканының орынбасары, доцент Гүлжауһар Болатованы 50 жылдығымен құттықтай отырып, мерейтой иесіне гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыс етті. Ал факультет деканы Қайрат Сақ Видади Салаховқа Еуразия ұлттық университеті дайындап шығарған Лев Гумилев туралы энциклопедия кітапты сыйға тартты. Есте қаларлық кездесу арнайы фотосессиямен аяқталды.   

  • Tweet

Пікірлер (8)

  • rtjzZB tdlxyasvzftr, [url=http://fhzpcnhtckmk.com/]fhzpcnhtckmk[/url], [link=http://wrraxoimctcv.com/]wrraxoimctcv[/link], http://rwqatciigzdg.com/

  • Great common sense here. Wish I'd thuohgt of that.

  • Thanky Thanky for all this good inniomatorf!

  • That's not even 10 minuets well spent! http://jktubm.com [url=http://jqxyejmzea.com]jqxyejmzea[/url] [link=http://djhzjfwtj.com]djhzjfwtj[/link]

  • The answer of an extrep. Good to hear from you.

  • Why do I bother cainllg up people when I can just read this! http://tgpwyi.com [url=http://banvrom.com]banvrom[/url] [link=http://irlwltebhrr.com]irlwltebhrr[/link]

  • Why do I bother cainllg up people when I can just read this! http://tgpwyi.com [url=http://banvrom.com]banvrom[/url] [link=http://irlwltebhrr.com]irlwltebhrr[/link]

  • Why do I bother cainllg up people when I can just read this! http://tgpwyi.com [url=http://banvrom.com]banvrom[/url] [link=http://irlwltebhrr.com]irlwltebhrr[/link]