Бас редакторлар клубының 2014 жылғы 24 – 30 наурыз аралығында болған жаңалықтары
31.03.2014, 10:00
Құттықтаймыз!
«Бас редакторлар клубы» ҚБ вице-президенті Сыздықова Шолпан Викторқызын, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Үкібаев Айдос Ыдырысұлын, «Бас редакторлар клубы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының төрайымы Косянюк Валентина Викторовнаны шын жүректен және үлкен ынта-ықыласпен Туған күндерімен құттықтаймыз!
Сіздер үшін өте ерекше бұл күні аса зор қанағаттанарлық сезіммен сөз бен ой еркіндігіне қатысты адам құқығын сақтау саласында, демократияны дамытуда және құқықтың үстемдігін қамтамасыз етуде сіңірген еңбегіңіздің айтарлықтай екендігін атап өтеміз. Сіздердің еңбектеріңіз сүйікті Отанына адал қызмет етудің жарқын үлгісі болып танылады.
Сіздерге мықты денсаулық және отбасылық бақыт тілейміз! «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен сабақтасып жататын тың шығармашылық ізденістер мен тартымды жеңістердің мол боларына сенеміз. Сіздерге деген сұраныс сарқылмасын!
Қадірлі әріптестер!
Бас редакторлар клубының белді мүшесі Ләззат Көккөзова басқаратын «Success K» Медиа агенттігі коммуникациялық және консалтингтік қызметтердің кешенді спектрін ұсынатын әрі нарықта PR стратегияларды әзірлеп, жүзеге асырумен қатар ақпараттық сүйемелдеу жасайтын компания болып табылады. Солардың ең сүбелісі жыл сайын Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтетін әлемдік экономикалық форум екенін атап өткен жөн. Бұл игі дәстүр биыл да өз жалғасын тапқалы отыр. 21-23 мамыр күндері VII Астана экономикалық форумы, Дағдарысқа қарсы ІІ дүниежүзілік конференциясы өтеді. Аталмыш іс-шаралардың және G-Global платформасын «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы ұйымдастырса, БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін Серіктес ретінде «Success K» Медиа агенттігі анықталып отыр.
Алдағы VII Астана экономикалық форумы аясында Астанада тұңғыш рет Халықаралық G-Global журналистикасы саммиті ұйымдастырылып, жаһандық журналистика саласында ақпаратпен алмасып, соңғы технологияларды көрсету үшін саммит аясында әлемдік журналистикаға қосқан үлесі үшін «Экономикалық мәселелерді насихаттаудағы жаңа медиа-технологиялар мен инновациялық құралдар» атты «G-Global» Премиясы табысталады. Аталмыш байқауға шетелдік және отандық медиа-холдингтер, бірлестіктер, медиа-технология әзірлеушілер, IT - компаниялар өкілдері және тәуелсіз журналистер қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша жаңа технологиялар, құралдар мен бағдарламалар арқылы экономикалық ақпаратты ерекше тарата білген, әлемдік қоғамдастықтағы экономикалық мәселелерді аудитория оңай қабылдай алатындай етіп жеткізіп, олардың қызығушылығын тудыра алатын ең үздік журналистік жоба анықталады. Жеңімпаз VII Астана экономикалық форумы аясында өткізілетін марапаттау кешінде көлемі 15 000 АҚШ долларын құрайтын сыйақымен марапатталады.
Сондай-ақ, Халықаралық «Шексіз ақпарат» медиа-көрмесі (IMX) де ұйымдастырылады. Көрме барысында БАҚ жетістіктері, заманауи, жаңа TV құрылғылар келушілерге жол тартпақшы.
Жалпы Халықаралық G-Global журналистикасы саммитінің Ережесімен www.g-globalmediasummit.org ресми сайтында тереңірек таныса аласыздар. Ал электрондық пошта және +7 7172 24 14 30 телефон арқылы «SuccessK»Медиа агенттігінің БАҚ-пен байланыс менеджері Әсел Мансұровамен хабарласып, мән-жайды толық анықтап білуге болады.
Қоғамдық маңызы мол осынау игілікті іс-шараға белсенділік танытып, ат салысуларыңызды сұраймыз.
Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеу қажет.
2014 жылғы 26-27 наурызда Астанада Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеу мәселесі бойынша ұлттық семинар болып өтті. Іс-шараны Испания мемлекетінің қаржылық көмегімен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы орталығы мен ҚР Террорға қарсы орталығы ұйымдастырды. Семинар жұмысына халықаралық сарапшылар, ЕҚЫҰ, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты. Бас редакторлар клубынан бұл басқосуға К.Жолдыбай шақырылды. Семинарды трансұлттық қатерге қарсы тұру жөніндегі ЕҚЫҰ департаментінің террорлық әрекеттерге қарсы мәселелер бойынша кеңесшісі Яркко Йокенен жүргізіп отырды.
Семинарға қатысушыларға ЕҚЫҰ Астана қаласындағы орталығының басшысы Наталья Зарудна, Қазақстандағы Испания Елшісі Мануэль Ларочча Парада, Қазақстан Республикасының Террорға қарсы орталығы штабының бастығы Кендебай Адамбеков құттықтау сөздерін арнады. Олар бұл шараның терроризмге қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ арасындағы келісім-шарт негізінде ұйымдастырылып отырғанын және оның барысында Интернет арқылы террорлық әрекеттерді болдырмау мақсатында нақты ұсынымдар әзірлеу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету деген желеумен сөз бостандығына шек қойылмауы ерекше ескертілді. Осыған байланысты семинарға қатысушылардан өзінің елдерінде Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеу тұрғысындағы озық тәжірибелермен бөлісу сұралды.
Осыған орай, екі күн ішінде семинар тақырыбына арналып өткен алты сессияда көптеген мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Нақты айтқанда, семинарға қатысушылар Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеудің стратегиялық деңгейдегі кешенді жобасымен танысты. Осы ретте БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ Офис өкілі Михаэль Унланд қауіпсіздік мәселеге қатысты ЕҚЫҰ ұжымдық шешімнің 2010 жылғы Астана саммиті декларациясының негізінде қабылданғанын және БАҚ еркіндігінің терроризммен күресудің ажырамас бөлшегі екендігін ерекше атап өтті. Оның пікірінше қоғамға аса қажет ақпарат тарату арқылы БАҚ көптеген өмірлерді сақтап қалуға ыңғайлы жағдай туғызып отыр. Сондай-ақ, БАҚ лаңкестердің шынайы бет-бейнесін ашады, терроризмнің қауіптілігін мейлінше түйсінуге мүмкіндік береді әрі онымен күресуге қатысты шараларды күшейтуге тиімді жағдайлар жасайды.
Қазақстан Республикасының Террорға қарсы орталығының өкілі Мұрат Қонақбаев өз сөзінде Интернет арқылы терроризмді болдырмау бағытындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарына кеңірек тоқталды. Тарқата айтқанда, зиянды әрекеттермен айналысып жүргендерді анықтау, азаматтарды, әсіресе жастарды, қопарылыстар жасауға итермелейтін фактілерді түзу мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және қарсы насихат ұйымдастыру, қызметтері заңға қайшы сайттардың жұмыстарына сот шешімімен тосқауыл қою тәрізді деректер келтірілді. АҚШ талап етіп отырғандай терроризм және экстремизм идеологиясын таратпау мақсатында әрі бұл салада тәжірибемен бөлісу үшін М.Қонақбаев әлеуметтік желілерде жойқын экстремизмге қарсы Халықаралық орталық құруды ұсынды. Өз кезегінде ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануды болдырмау жолында ведомство тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жәйлі жан-жақты баяндап берді. Ол террорлық бағыттағы, атап айтқанда жихадқа шақыру тұрғысындағы барлық ақпараттардың Қазақстанға халықаралық сайттардың тарататынын тілге тиек етті. Осыған орай, террорлық бағыттағы сайттарды анықтау үшін арнайы ІТ - бағдарлама құру маңыздылығын және мұндай сайттарды қолдап отыратын серверлердің тізімін жасау қажеттілігін баса айтты. Оның пікірінше адамның өміріне қауіп төндіретін сайттар гуманизмге қарсы сайттар болып танылады, сондықтан олардың жұмыс істеулеріне ешқандай да құқықтық негіз жоқ.
Семинарға қатысушылардың талқылаулары мен пікір алмасулары сөз бостандығына қатысты ЕҚЫҰ халықаралық стандарттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін Интернет және әлеуметтік желілер арқылы терроризмге әкеліп соғатын жойқын экстремизм мен радикализмді таратуға жол бермеу мәселелері бағытында да өрбіді. Сонымен қатар, террористердің Интернетті пайдалануға жол бермеу үшін мемлекеттік - жекеменшік әріптестіктің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері де сөз болды. Маңызды инфрақұрылымдарды жою қауіпін туғызуда террористердің Интернетті пайдалану фактілеріне әрі осыған байланысты қолға алынған шараларға шолу жасалынды, сондай-ақ мемлекетішілік және халықаралық ынтымақтастық мәселесі талқыға түсті.
Күн тәртібінің мәселесі бойынша пікір алмасуға Бас редакторлар клубы президенті Кенжеболат Жолдыбай да қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ол бұл тұрғыда Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеуге аса мүдделі тұлғалар үшін ЕҚЫҰ тарапынан арнайы әдістемелік кітапшалардың дайындалып, жер-жерге таратылу қажеттігіне тоқталды. Хакерлердің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою үшін Интернет құжат дайындаған Е.Касперскидің тәжірибесіне сүйене отырып, киберқылмысты жоюға арналған техникалық шешімді қарастыруды ұсынды. Барлық қылмыстың қайнар көзі мемлекеттік терроризмде жатқанын және террористердің күрт өсуіне ықпалы мол болған бірқатар араб елдерінде орын алған «твиттер революциясына» оның тікелей қатысы барын айта отырып, К.Жолдыбай терроризмнің бұл түрімен батыл күресуге шақырды. Сонымен бірге, ол Әл-Каеда тәрізді басты халықаралық террорлық ұйымның кезінде кейбір алпауыт мемлекеттердің қолдауымен құрылғанына да назар аударды. Қоғамның терроризмге төзбеушілік ахуалын орнықтыру мақсатында қалың жұртшылықты, әсіресе жастарды, бұл бағытта атқарылатын жұмыстарға батыл тарту керектігін ескерте отырып, Жолдыбай жастардың ішкі жан дүниесін жете зерттеуге шақырды.
Семинар Қазақстанда Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеу саласындағы өзге де өзекті мәселелерді, мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды талқылаумен аяқталды.
Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді.
Бас редакторлар клубымен тығыз шығармашылық байланыстағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде айтулы оқиға орын алды. Осы жылғы 27 наурызда факультеттің кіші залында ЕҰУ профессоры Қайрат Сақтың басшылығымен Ғылыми кеңес болып, оның барысында бірқатар марапаттау шаралары өтті. Атап айтқанда, Журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжауһар Жамбылқызы Болатованы әріптестері мен шәкірттері 50 жылдық мерейтойымен шынайы көңілдерімен құттықтады.
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы осы оқу орынының басшылығы және ұжымы атынан той иесін құттықтай келе, Гүлжауһар Жамбылқызының кеудесіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін арнайы тағайындаған «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісін қадады және Министрдің қолы қойылған куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Ал Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, профессор Намазалы Омашев Г.Болатованың білім беру және тәрбие саласындағы жоғары ұйымдастырушылық қабілетін ерекше атай отырып, кезінде оған артқан сенімнің үдесінен шыға білгеніне өз ризашылығын білдірді және ықыласқа толы құттықтау хатын табыстады. Мерейтой иесіне сонымен қатар ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов, «7 арна» республикалық телеарнасының «Нысана» телебағдарламасының жүргізуші-редакторы Бақыт Шойынбек, департамент басшысы Ә.Мәдибеков, болашақ журналистер ізгі тілектері мен игі ниеттерін жеткізсе, Салтанат және Перизат Сейдімбектер ақ пейілдерін әдемі гүл шоқтарымен білдірді. Құттықтаушылар қатарында «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай, вице-президенттері Видади Салахов және Мұратбек Тоқтағазиндер де болып, олар қоғамдық бірлестік жетекшісі Басқарма және Клуб мүшелері атынан Алғыс хатты Гүлжауһар Болатоваға ұсынды. К.Жолдыбай қоғамдық сананы оятуда және көтеруде журналистердің үлесі айтарлықтай екендігіне тоқтала отырып, Гүлжауһар Жамбылқызының қызметіне де оң бағасын берді әрі табыс тіледі.
Жалпы алғанда, Ғылыми кеңеске қатысушылар Г.Болатова ханымның іскерлігіне, ізденімпаздығына, студенттерге деген шынайы қамқорлығына аса тәнті екендіктерін жеткізді. Осы ретте, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аяғына тұрып кетуіне жоғары білікті педагогтың еңбегі молынан сіңгені айтылды. Чехия Республикасында «Еуропа жоғары білім беру кеңістігіндегі Болон процесі» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтіп, алған тәжірибесін студент жастарды оқыту мен тәрбиелеуде сәтті пайдаланып келе жатқанына да назар аударылды.
Гүлжауһар Жамбылқызының еңбегі өзінің лайықты бағасын алуда. Ол ҚР Үкіметі және ҚР Кәсіподағы Федерациясының Алғыс хаттарымен марапатталған. Осындай зор құрметке бөленген ұстаздан тәлім-тәрбие алған студенттердің болашағының да жарқын болатынына сенім мол.
- Tweet

Пікірлер (7)
Never seen a betetr post! ICOCBW
To think, I was conuesfd a minute ago.
Evnreoye would benefit from reading this post http://pliyhwwh.com [url=http://deawkkl.com]deawkkl[/url] [link=http://ztrndhtlksw.com]ztrndhtlksw[/link]
This piece was a liceeafkjt that saved me from drowning.
Just the type of ingsiht we need to fire up the debate. http://hqfncen.com [url=http://moceigoghun.com]moceigoghun[/url] [link=http://krjrezoy.com]krjrezoy[/link]
HkzRCP hbueeyknqmpu, [url=http://qwdbtqrcewrz.com/]qwdbtqrcewrz[/url], [link=http://jbapoxjgdjtl.com/]jbapoxjgdjtl[/link], http://dkoiddnqheoj.com/
at the University of … To some, it may seem questionable to advocate pacemaker reuse abroad R0;MarkƉs Memo: FDA Updates and News Briefs | 02/03/10 | AssurX blogCDRH Publishes Strategic Priorities for 2010 CDRH has published its 2010 Strategic Priorities. The
Оставить комментарий