«Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасы отырысының № 11 ХАТТАМАСЫ

03.04.2014, 14:00

Астана қаласы                                                                                                                                               31 наурыз 2014 жыл

 

Өткізілген жері: ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы.

Қатысқандар:

1) К.Жолдыбай, Бас редакторлар клубының президенті

2) Б. Жексенбай, Бас редакторлар клубының вице-президенті

3) В. Салахов, Бас редакторлар клубының вице-президенті

4) М. Тоқтағазин, Бас редакторлар клубының вице-президенті

5) Т. Чернега, Бас редакторлар клубының тексеру комиссиясы төрағасы

6) Ә. Есілбаева, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры

        

Қатыспағандар:

Ш. Сыздықова, Бас редакторлар клубының вице-президенті – еңбек демалысында.

Қ. Жанаханов, Бас редакторлар клубының вице-президенті – еңбек демалысында.

 

Шақырылғандар:

 Е. Алауханов - «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналының бас редакторы.

 

Күн тәртібі:

 

1. Клубтың Есеп беру – сайлау конференциясына дайындығы жайлы

2. Бас редакторлар клубының ағымдағы жұмысы туралы

3. Түрлі мәселелер

 

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша атқарушы директор Әсем Есілбаеваның есебі тыңдалды. Ол ақпараттық үлестірме материалдар ретінде дайындалған слайд пен Клубтың 2013-2014 жылдары атқарған жұмыстарын қамтитын жинақтың электронды нұсқасымен таныстырды. Талқылаудан соң оған бірқатар толықтырулар енгізіліп, соңғы үлгісін дайындау тапсырылды. Сонымен бірге Клуб мүшелерінің құрамының тізімі қаралды. Ә.Есілбаеваның ақпараты бойынша 110 адам Клубтың нақты мүшелері болып табылады. Өз еріктерімен, сондай-ақ жарғылық талаптарды орындамағандықтан қоғамдық бірлестіктен 31 адам шығарылса, 107 адам ассоциация мүшелері ретінде Клубтың аймақтық филиалдарына ауыстырылды.

Сонымен қатар Есеп беру – сайлау конференциясын өткізудің уақыты талқыланды. Ағымдағы жылғы 24-25 сәуір күндері Еуразиялық медиа форум өтуіне байланысты Бас редакторлар клубының Конференциясын 2014 жылғы 15 мамырда өткізу туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша соңғы Басқарма отырысынан кейінгі Клуб тарапынан атқарылған іс–шаралармен әдеттегідей К.Жолдыбай таныстырды. Өзінің 1-ші наурызда XXIV аймақтық «Ұлытау үні» фестивалін ұйымдастырушыларының арнайы шақыруымен Қарағанды облысының Жезқазған қаласында болып, ақын, «Бас редакторлар клубы» ҚБ Жезқазған аймақтық филиалының төрағасы Базарбай Әлеуханұлының «Қолымда менің қалам бар» атты шығармашылық кешіне қатысқанын айтты. Бас редакторлар клубының жекелеген мүшелерінің Астанада Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің бірқатар қызметкерлерімен кездесуі болып өтті. «Бас редакторлар клубы» ҚБ жанындағы Жас журналистер мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Туран Times» халықаралық саяси-қоғамдық газеті бас редакторы, Клубтың вице-президенті В.Салахов Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің болашақ журналистерімен шеберлік сыныбын өткізді. Клуб президенті К.Жолдыбай Астанада өткен Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеу мәселесі бойынша ұлттық семинарға, сондай-ақ Дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынас мәселелері бойынша маманданып жүрген журналистерге арналған семинарға қатысып, сөз сөйледі. Клубтың вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин Халықаралық ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі - академигі болып сайланды.

Түрлі мәселеде Астанада өңірлік телестудиялар өкілдерінің, Парламент депутаттары және Қазақтелеком басшылығының қатысуымен аймақтардағы электронды БАҚ-тың дамуы мәселелерін талқылау мақсатында Дөңгелек үстел өткізу туралы Бас редакторлар клубының Семей қалалық филиалының өтініші қаралды және бұл тұрғыда нақты жұмыстарды атқару тапсырылды.

 

ШЕШІМ:

 1. «Бас редакторлар клубы» ҚБ Есеп беру – сайлау конференциясын өткізу үстіміздегі жылғы 15 мамырға белгіленсін.

2. Конференцияның үлестірме материалдарының таныстырылымы қаперге алынып, Клуб мүшелерінің жаңа құрамының толық тізімі бекітілсін.

3. Клуб президент К. Жолдыбайдың есебі қаперге алынсын.

4. Атқарушы директор Ә.Есілбаева аймақтардағы электронды БАҚ-тың дамуы мәселелерін талқылау мақсатында 2014 жылғы мамырда Дөңгелек үстел өткізуге қатысты қажетті шараларды қарастырсын.

 

 

         Модератор                                              К. Жолдыбай

         Хатшы                                                     Ә. Есілбаева

  • Tweet

Пікірлер (12)

  • HHIS I should have thuhogt of that!

  • Please keep thonwirg these posts up they help tons.

  • I feel so much happier now I unraestdnd all this. Thanks!

  • I feel so much happier now I unraestdnd all this. Thanks!

  • I apipecrate you taking to time to contribute That's very helpful.

  • That's the thnnikig of a creative mind http://ghrtck.com [url=http://fzkgzvyiqtd.com]fzkgzvyiqtd[/url] [link=http://ihchaqjokvq.com]ihchaqjokvq[/link]

  • Your answer was just what I needde. It's made my day! http://xdavgwxxff.com [url=http://alxqusd.com]alxqusd[/url] [link=http://ghzvsidd.com]ghzvsidd[/link]

  • As Charlie Sheen says, this article is "WININNG!"

  • I told my grohnmatder how you helped. She said, "bake them a cake!"

  • Thanks for that! It's just the answer I nedede. http://ohhxbjtj.com [url=http://nxhzkjtatie.com]nxhzkjtatie[/url] [link=http://peyjspklvrq.com]peyjspklvrq[/link]

  • Yours is a clever way of thinnikg about it. http://tzkltjakkii.com [url=http://rwmkawwamh.com]rwmkawwamh[/url] [link=http://pfvhrk.com]pfvhrk[/link]

  • 540Daf http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com